166
«Азық-түлік шикізаттары мен тағам өнімдері сапасына қойылатын
медика-биологиялық талаптары мен санитарлық нормаларымен»
жүзеге асырылады.
МемСТ жəне техникалық шарттарда тағамдық қоспаларды
«Шикізаттар жəне материалдар» бөлімінде көрсетеді.
Егер тағамдық
қоспаларды пайдалану регламентінің бұзылуы өнімнің қауіпсіздік
жəне тағамдық құндылығы деңгейінде анықталса,
онда тағамдық
қоспалардың қызметін сипаттайтын көрсеткіштер (түс, дəм,
иіс, жəне т.б.) нормативтік құжаттардың физика-химиялық жəне
органолептикалық көрсеткіштер тізіміне шығарылады, онымен қоса
тағамдық қоспаларын сынау əдістері келтіріледі.
Қолданылатын
тағамдық қоспалар тағам өнімдерін таңбалау барысында көрсетілуі
тиіс.
Қолданылатын тағамдық қоспалардың гигиеналық бақылауын
Мем-лекеттік санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау органда-
ры жүзеге асырады. Өндіріске жаңа тағамдық қоспаларды енгізу
үшін гигиеналық сертификат қажет. Тағам өнімдерінің нормативтік
құжаттарына қосылған тағамдық
қоспалардың қолданылуын
бақылауды Мемлекеттік сертификаттау жүйесінде аккредиттелген
сəйкестікті растау органдары жүзеге асыруы мүмкін.
Қазақстан Республикасында қолданылуға рұқсат етілген тағамдық
қоспалардың тізімі оларға
қатысты сұраныстың өсуіне, əсіресе жаңа
қоспаларды əзірлеу жəне олардың қасиеттерін зерттеу барысында,
біздің елде қабылданған санитарлық нормаларға,
жаңа халықаралық
жəне еуропалық қауіпсіздік стандарттарына бейімдеу, икемдеу
əрекетіне байланысты, тұрақты түрде кеңеюде жəне түзетілуде.
Достарыңызбен бөлісу: