Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі м. Ж. Еркебаев, Қ. С. Құлажанов, Д. Б. Тəттібаева, А. Ы. Мəуленов



Pdf көрінісі
бет88/111
Дата21.06.2023
өлшемі1,24 Mb.
#102821
түріОқулық
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   111
5. Толтырғыштарды өңдеуді жеңілдету үшін, беріктік қасиет 
беру үшін енгізеді. Адам денсаулығына қатер төндірмейтін 
уыттылығы аз кремний қостотығы, бор, целлюлоза, ағаш шпоны
титан қостотығын қолданады. 
6. Еріткіштер. Полимерлеу немесе поликонденсацияны жүргізу 
процесін-де қолданылады. Оларға дайын полимерлі материалдарда 
шамалы мөлшерде қалып қалатын жəне тағам өнімдеріне көшетін 
толуол, бензол, этилацетат, гексан, бензин, метиленхлорид жəне т.б. 
органикалық қосылыстар жатады. Олардың уыттылық дəрежесі ар-
найы анықтамаларда берілген. 
7. Бояғыштар. Табиғи жəне синтетикалық түрде болуы 
мүмкін. Соңғысы əртекті пигменттерді қосатын органикалық жəне 
бейорганикалық болып бөлінеді. Шығу тегіне қарай бояғыштар 
өздерінің қауіпсіздік деңгейіне байланысты ерекшеленеді. Боя-
ғыштардың зиянсыздық кепілдемесі ОАРЕМ-мен анықталады. 
6.1. Тағам өнімдерімен қатынасқа түсетін 
материалдардың гигиеналық сараптамасы
Тағам өнімдерімен қатынасқа түсетін материалдардың ги-
гиеналық сараптамасына тағам өнімдерімен қатынасы кезіндегі 
жарамдылығын бағалау, сынақ жүргізу тəртібі жəне ережелері 
кіреді. 
Тағам өнімдерімен қатынасқа түсетін материалдардың жа-
рамдылығын гигиеналық бағалау кезінде:
– өнімнің органолептикалық қасиеттері – төзімділік, консистен-
ция, түс, иіс, жəне дəмінде өзгерістердің болмауы;
– мөлшері гигиеналық нормативтерден асып түсетін матери-
ал құрамына кіретін бөгде химиялық заттардың тағам өнімдеріне 
өтпеуі;
– материалдар жəне олардың компоненттерінде микрофлораның 
дамуына ықпал жасайтын əрекеттердің болмауы;
– материалдар жəне тағам өнімдері арасындағы химиялық ре-


170
акциялар немесе басқа өзара байланысқан əрекеттердің болмауы 
сияқты факторлар ескеріледі.
Жүргізілетін сараптама:
1) материалдардың өнімнің органолептикалық қасиеттеріне 
əсерін зерттеу;
2) материалдардан бөлінетін заттардың сапалық жəне сандық 
құрамын анықтау;
3) материалдардан бөлінетін заттардың биологиялық белсенділі-
гін зерттеу сияқты жұмыс кезеңдерінен тұрады.
Кезекті санитарлық қадағалау жүргізу барысында бірінші жəне 
екінші кезеңдерді орындау міндетті болып саналады. Сақтық 
мақсатында санитарлық қадағалау жүргізу барысында жəне 
материалдардың гигиеналық қауіпсіздігін бағалау кезінде үш 
кезеңнің толығымен орындалуын міндетті түрде қадағалау қажет. 
Үлгілер саны жəне оларды зерттеу тəртібі тиісті нормативтік 
құжаттарда бекітілген. 
Органолептикалық зерттеулер жүргізілгеннен кейін су сорын-
дысын (вытяжка) немесе модельді орталардағы сорындыны (вы-
тяжка)
жасайды. Модельді ерітінділерді тағам өнімдерін боямалау 
мақсатында дайындайды. Бұл ерітінділердің бөгде иіс жəне дəмдерді 
басатын спецификалық, табиғи өнімдерге тəн иісі жəне дəмі болмай-
ды, Модельді орта бекітілген əдістемеге сай, өнім түріне байланы-
сты дайындалады. 
Модельді ерітіндідегі полимерлі материалдарды құю жəне ұзақ 
мерзімде сақтаудың температуралық режимі материалдардың 
өніммен жанасу жағдайына тəуелді болады. Ұстау уақыты əдетте, 
10 тəуліктен аспайды, консервілермен жанасатын материалдар үшін 
– 10, 30, 60 тəулік жəне одан жоғары болады. Модельдік ортаның 
материалдық көлемі мен материал ауданының арақатынасын 1:1 
өлшемімен алу қолайлы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет