Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі м. Ж. Еркебаев, Қ. С. Құлажанов, Д. Б. Тəттібаева, А. Ы. Мəуленов


Бақылау сұрақтары жəне тапсырмалары



Pdf көрінісі
бет83/111
Дата21.06.2023
өлшемі1,24 Mb.
#102821
түріОқулық
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   111
Бақылау сұрақтары жəне тапсырмалары
1. 
Радиоактивтілік деген не? Ол қандай бірлікпен өлшенеді?
2. Жердің радиациялық фоны
қандай компоненттерден 
құралады?
3. Тағам өнімдерінде қандай аса қауіпті техногендік радиону-
клидтер нормаланады?
4. 
Радиация қандай биологиялық əсер қалдырады?
5. Адам жəне ауылшаруашылық жануарларының ағзасында 
радионуклидтердің реттелуі қалай жүзеге асады?
6. 
Тамақтануды радиоактивті элементтердің əсерінен қорғаудың 
негізгі қағидаларын атаңыз?
7. 
Радиациялық қауіпсіздікпен қамтамасыз етудің нормативтік-
құқықтық базасын сипаттаңыз.


161
V БӨЛІМ. 
ТАҒАМДЫҚ ҚОСПАЛАРДЫҢ 
ҚАУІПСІЗДІГІН БАҒАЛАУ ЖƏНЕ ОЛАРДЫҢ 
ҚОЛДАНЫЛУЫН БАҚЫЛАУ
Ең алдымен, тағам өнімдерін өндіру технологиясындағы рөлі 
мен гигиеналық сараптама жүргізу тəртібін көрсету үшін тағамдық 
қоспаларға қатысты негізгі талаптар жəне анықтамаларды атап 
өтейік.
5.1. Терминдер жəне анықтамалар
БДСҰ анықтамасына сəйкес, тағамдық қоспалар – тағамға жеке 
қолданылмайтын, оның құрамына тек шикізат жəне дайын өнімнің 
сапасын жақсарту үшін қосылатын химиялық заттар мен табиғи 
қосылыстарды атайды. 
Біздің елде БДСҰ анықтамасына қайшы келмейтін келесі 
анықтама қабылданған:
Тағамдық қоспалар – тағам өнімдеріне олардың биологиялық 
жəне энергетикалық құндылықтарына əсер етпейтін қасиеттер беру 
мақсатында тағам өнімдеріне арнайы қосылған жəне өздері жеке 
тағам өнімдері ретінде қолданылмайтын табиғи жəне жасанды зат-
тар мен олардың қосындылары 
(Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
2008 жылғы 4 мамырдағы № 410- Қаулысымен бекітілген «Тағамдық 
қоспалардың, оларды өндіру мен айналымының қауіпсіздігіне 
қойылатын талаптар» техникалық регламенті
).
Тағамдық қоспаларға тағам өнімдерінің тағамдық құндылығын 
немесе тағам өнімдерінің фармакологиялық бағытын жоғарылататын 
(анықтайтын) қосылыстар, мысалы, дəрумендер, минералды зат-
тар, аминқышқылдар, тағамдық талшықтар, басқа да биологиялық 
белсенді қоспалар (БАҚ) жатпайды,
Тағамдық қоспалар тағам өнімдеріне жатқызылмайды, қазіргі 
түсініктерге сəйкес, оларды арнайы тағайындалған тағам өнімдерінің 
жеке тобына жатқызылатын биологиялық белсенді қоспалардан 
ажырата білу керек. Тағамдық қоспаларды пайдалануға қатысты 
гигиеналық талаптарға сəйкес санитарлық-эпидемиологиялық ере-
желер мен нормативтерде басқа терминдер қатарына, соның ішінде 
тағамдық қоспалардың функционалды кластарына анықтамалар 
берілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет