Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі м. Ж. Еркебаев, Қ. С. Құлажанов, Д. Б. Тəттібаева, А. Ы. Мəуленов



Pdf көрінісі
бет84/111
Дата21.06.2023
өлшемі1,24 Mb.
#102821
түріОқулық
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   111
162
Кешенді тағамдық қоспа – құрамына азық-түлік шикізаты-
ның дəстүрлі түрлері, тағамның қарапайым компоненттері 
болып табылатын заттар, сондай-ақ Қазақстан Республика-
сында қолдануға рұқсат етілген заттар енетін, тауарлық өнім 
ретінде жасалған қоспалар құрамы. Кешенді тағамдық қоспалар 
құрамына тұз, қант, крахмал, дəмдеуіштер, крахмал жəне т.б. 
кіруі мүмкін.
Тағамдық қоспалардың сапасы жəне қауіпсіздігі жөніндегі 
куəлігі (аналитикалық сертификат) – тағам өнімдері əрбір 
партиясының сапасы жəне қауіпсіздігінің нормативтік жəне 
техникалық құжаттардағы талаптарға сəйкестігін куəландыратын 
өндірушінің құжаты.
Тағамдық қоспалар мен көмекші құралдардың айналымы 
– сату-сатып алу, сақтау жəне тасымалдау (соның ішінде экспорт 
жəне импорт), сонымен қатар тағамдық қоспалар жəне көмекші 
құралдарды берудің басқа да тəсілдері.
Тағамдық қоспалардан технологиялық қосалқы заттарды ажы-
рата білу керек, 
технологиялық қосалқы заттар - қоспалар 
болмағанымен, белгілі бір технологиялық мақсаттарға қол жеткізу 
үшін тағам өнімдерін өндіру кезінде мақсатқа лайық қолданылатын 
жəне технологиялық процестің барысында ішінара немесе толық 
алынып тасталатын заттар немесе материалдар (жабдықтар мен 
ыдыстардан басқа).
Тағам өнімдерін өндіру кезінде:
1) ағартқыш жəне сүзгіш материалдар, флокулянттар мен сор-
бенттер;
2) катализаторлар;
3) экстракциялық жəне технологиялық еріткіштер;
4) микробқа қарсы заттар, жуу жəне тазалау құралдары, көбікті 
басушылар, басқа технологиялық функциялары бар құралдар;
5) ферментті препараттар сияқты технологиялық қосалқы заттар 
қолданылады.
Қосалқы заттар басқа да технологиялық мақсаттарда қолданылуы 
мүмкін. Тағамдық қоспаларға қосалқы заттарды қолдануға қатысты 
гигиеналық регламенттер əзірленген.
Тағам өнімдерін өндіруде қолданылатын тағамдық қоспалар 
санының көбеюі адам денсаулығына кері əсерін тигізуі мүмкін. 
Осыған байланысты тағамдық қоспаларды сараптау жұмысы үлкен 
маңызға ие (соның ішінде санитарлық-гигиеналық).


163
Тағамдық қоспалардың сараптауда олардың тұтыну қасиеті 
бағаланады, жəне нормативтік жəне техникалық құжаттардың 
талаптарына сəйкестігі тексеріледі. Физика-химиялық, микро-
биологиялық, технологиялық қасиеттері жəне басқа да сапа 
жəне қауіпсіздік көрсеткіштері тағамдық қоспалардың түрі жəне 
тағайындалуына байланысты анықталады.
Қазіргі уақытта əлемдік тағам өнеркəсібінде 2 мыңға жуық 
тағамдық қоспалар қолданылады. Олардың кең ауқымға та-
ралуы, бүкілəлемдік қоғамдастықтан тағамдық қоспалардың 
тауарлық сараптамасы саласындағы басым бағыттарды құрайтын 
бірыңғай жіктемені, гигиеналық регламентацияны, қолданудың 
əдістерін жəне технологияларын əзірлеуді талап етті. Үйлестіру 
мақсатында тағамдық қоспаларды кодтаудың халықаралық сандық 
жүйесі – International Numbering System (INS) əзірленді. ол Codex 
Alimentarius-тың (Ed.2.V.1) тағам өнімдеріне арналған ААҰ/БДСҰ 
кодексіне қосылған. 
Əр тағам қоспасына INS əріптік тіркесі бар 3 немесе 4 таңбалы 
сандық нөмер беріледі, көптеген қоспалардың атауы ұзақ жəне ай-
тылуы қиын болғандықтан Еуропада оған сəйкес Е литері (Europe) 
белгілі бір тағам қоспасына сəйкес келетін индекспен бірге беріледі.
Codex Alimentarius жүйесіне сəйкес тағамдық қоспалар олардың 
тағайындалуына байланысты:
– 
Е 1-Е 182 – бояғыштар;
– 
Е 200-ден жəне одан жоғары – консерванттар;
– 
Е 300-ден жəне одан жоғары – тотығуға қарсы заттектер (ан-
тиоксиданттар);
– Е 400-ден жəне одан жоғары – консистенция 
тұрақтандырғыштары;
– 
Е 500-ден жəне одан жоғары – эмульгаторлар;
– Е 600-ден жəне одан жоғары – дəм жəне хош иісті 
күшейткіштер;
– 
Е 700-800 – басқа да болуы мүмкін ақпараттар үшін қосалқы 
индекстер;
– 
Е 900-ден жəне одан жоғары – антифламингтер, көбік басу-
шы заттар;
– Е 1000 жəне одан жоғары – глазирлеуші агенттер, 
тəттілеуіштер, қант, тұздың нығыздалуына кедергі келтіретін 
қоспалар, ұн, крахмал жəне басқаларды өңдеуге арналған қоспалар 
жіктеледі.


164
Қоспаларды қолдануға арнайы халықаралық ұйым – 
Тағамдық қоспалар жəне контаминанттар бойынша ААҰ/БДСҰ 
сарапшыларының біріккен комитеті (ТҚСБК, немесе ДЖЕКФА-
JECFA) рұқсат береді. Еуропалық кеңес шеңберінде осыған ұқсас 
комиссия қызмет етеді. 
ДЖЕКФА жəне «Алиментариус кодексі» əлемнің көптеген 
елдерінің Денсаулық сақтау органдарына ұсынымдар береді. Осыған 
қоса Еуропалық одақтың қоспалар тізімі, жеке елдердің өзіне тəн 
ерекшеліктерін ескеруімен бекітілген БДСҰ-ның қоспалар тізімінен 
ерекшеленеді. Қолданылатын қоспалар туралы ақпарат тұтынушы-
лардың құқықтарын қорғау мақсатында кеңінен жарияланады.
Тағамдық қоспалардың тауарлық сараптамасы өндіру сатысы 
жəне олардың тауар қозғалысының барлық кезеңдерінде жүргізіле ді. 
Бұл сараптаманың бір кезеңі – химиялық құрамы жəне функционал-
ды қасиеттерінің ерекшелігін, əсер ету сипаты, өнім түрі, шикізат 
ерекшеліктері, тағам жүйесінің құрамы мен қасиеті, техноло гиясын, 
жекелеген жағдайда – қаптау жəне сақтауды ескере отырып өнімге 
тағамдық қоспаларды енгізу жəне оларды таңдау технологиясын 
құру жəне талдау жұмыстары жатады. Көп жағдайда бұл жаңа 
тағамдық қоспаларды таңдау технологиясын əзірлеу жəне оларды 
қолдануына қатысты болады.
Тағамдық қоспаларды сараптаудың негізгі бөлімдерінің бірі 
болып табылатын санитарлық-эпидемиологиялық сараптау іс-
шаралары қолданыстағы санитарлық нормалар жəне ережелерге 
сəйкес анықталады жəне Қазақстан Республикасының нормативтік 
құжаттарына жəне халықаралық талаптар – ЕО директиваларына 
жəне ААҰ/БДСҰ спецификациясына сəйкес келуі тиіс.
Жаңа тағамдық қоспаларға сараптама жүргізу барысында осы 
қоспалардың адам денсаулығына қауіпсіздігін бағалайтын келесі 
құжаттар керек:
– заттар немесе препараттардың химиялық формуласы көрсетіл-
ген сипаттамасы, физика-химиялық қасиеттері, алу тəсілдері, негізгі 
затының құрамы, жартылай өнімдердің болуы жəне мөлшері, 
қоспалар, тазалық деңгейі, токсикологиялық сипаттамасы (жануар 
ағзасындағы метаболизмі), көзделген технологиялық нəтижеге жету 
механизмі, мүмкін өнімдердің тағамдық заттармен өзара байланысы 
көрсетілген сипаттамалары;
– жаңа өнімдерді қолдануды технологиялық тұрғыдан дəлелдеу, 
қолданыстағы қоспалардан артықшылығы; технологиялық 


165
тиімділікке жетуге қажетті қоспалар жəне көмекші заттар, 
мөлшерлеме (дозировка) қолданылатын тағам өнімдерінің тізімі;
– техникалық құжаттар, соның ішінде тағам өнімдеріндегі 
тағамдық қоспаларды (оның өзгерген өнімдері) бақылау əдістері;
– өнімді өндіруші елде (шетелге шығарушы) импортталатын 
тауарды қолдану үшін денсаулық сақтау органдарының қосымша 
рұқсаты беріледі.
Тағамдық қоспаларды өндірісте қолданылуы Қазақстан 
Республикасының денсаулық сақтау министрлігі бекіткен іс-
шараларға сəйкес тіркеуден өткеннен кейін, техникалық құ-
жаттар, қауіпсіздік талаптарына сəйкестігі туралы санитарлық-
эпидемиологиялық қорытынды, санитарлық нормалар жəне 
ережелерге сəйкес тиісті өндіріс жағдайы болған жағдайда ғана 
жүзеге асады.
Егер өндіруші генетикалық модификациялық тағамдық қос-
паларын (ферментті препараттар) қолданатын болса, онда ол олар-
ды бекітілген тəртіпте декларациялауы тиіс. Басқа да жайттар 
халықаралық келісімде ескертілмесе, импортталатын тағамдық 
қоспалар да Қазақстан Республикасының қолданыстағы санитарлық 
ережелері жəне гигиеналық нормативтеріне сəйкес болуы тиіс. 
Тағамдық қоспалардың тауарлық сараптамаларының тағы бір 
маңызды кезеңіне – таңбалау ережелері, тасымалдау, сақтау жəне 
іске асыру ережелеріне – өнімнің сəйкестігін бекіту жұмыстары жа-
тады. Тағамдық қоспаларды таңбалау Қазақстан Республикасының 
заңнамалары, нормативтік жəне техникалық құжаттарына сəйкес 
жүзеге асырылады.
Бөлшек саудаға арналған тағамдық қоспалардың қаптамасында 
(зат белгісінде) қолдану, тұтыну əдістері жəне мөлшері бойын-
ша ұсынымы көрсетілген «тағамдық» деген таңбасы болуы ке-
рек. Кешенді тағамдық қоспаларды қолдану барысында деңгейі 
санитарлық нормалар жəне ережелерде нормаланатын тағамдық 
қоспалардың өнімдегі салмақтық үлесі көрсетіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет