Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі м. Ж. Еркебаев, Қ. С. Құлажанов, Д. Б. Тəттібаева, А. Ы. Мəуленов



Pdf көрінісі
бет90/111
Дата21.06.2023
өлшемі1,24 Mb.
#102821
түріОқулық
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   111
172
VII БӨЛІМ. 
ТАҒАМҒА АРНАЛҒАН БИОЛОГИЯЛЫҚ 
БЕЛСЕНДІ ҚОСПАЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫ 
ГИГИЕНАЛЫҚ БАҚЫЛАУ
Қазақстан Республикасының «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі ту-
ралы» 2007 жылғы 21 шiлдеде қабылданған N:301 заңына сəйкес 
тағамға арналған биологиялық белсенді қоспалар тағам өнімдеріне 
жатқызылған.
Тағамға арналған биологиялық белсенді қоспалар түсінігі 
(ағылшынша food supplements) қазіргі заманғы медицина жəне 
технологияға аз уақыт бұрын енді. Бірақ, өсімдік, жануар жəне ми-
нералды текті əртүрлі табиғи компоненттерді эмпирикалық жəне 
діни бағытта іздеу, оларды аурудың алдын алу жəне емдік мақсатта 
қолдану əрекеттері ежелден белгілі. Жаңа эраға дейін Египет, Қытай, 
Тибет, Үндістан жəне басқа Шығыс елдерінде өсімдік, минералды 
жəне жануар препараттарының көмегімен əртүрлі ауруларды ем-
деу жүйесі қалыптасқан, ал біздің эраның II ғасырында ежелгі Рим 
дəрігері Клавдий Гелен алғаш рет табиғат шикізатынан (тұнбалар, 
экстракттар, ұнтақтар) дəрілерді дайындау технологиясын ойлап 
тапқан. 
XIX ғасыр аяғында жəне XX ғасыр басындағы химияның, 
əсіресе, органикалық синтез саласындағы жетістіктері фармаколо-
гия саласында төңкеріс жасады жəне табиғи дəрілік құралдарды 
артқы жоспарға ығыстырды. Белгілі құрылымы бар таза химиялық 
қосылыстар, олардың жоғары тиімділігі жəне мөлшерінің дəлдігі, 
бір жақты бағытта əсер етуі, қазіргі заманғы химияның дерлік шек-
телмеген мүмкіндігі фонындағы минималды жанама əсерлер – міне, 
осылар, осы уақытқа дейін дəстүрлі медицина деп аталатын салада 
біршама оптимистикалық болжамдар жасауға мүмкіндік бермеген 
жеткілікті сенімді аргументтер болып табылады.
Дегенмен, мұндай көзқарас түрлері қате болып шықты
сондықтан ол табиғи биологиялық белсенді қоспалар жəне олардың 
синтетикалық аналогтарының үлкен мəнін көрсетеді.
Биологиялық белсенді қоспалар алмастырылмайтын тағамдық 
заттардың көздері, тағамның минорлы компоненттері, про- жəне 
пребиотикалық табиғи компоненттер болып табылады, олар тағамда 
адамның физиологиялық қажеттілігінің шегінде жəне (немесе) оп-
тималды тамақтану жағдайында оның рационына сəйкес деңгейде 


173
болады. ББҚ тағамдағы тағамдық жəне биологиялық белсенді 
заттардың тапшылығын толықтырады, тағамның ассимиляциясына
асқорыту жүйесі микроэкокомплексінің қалыпты жағдайын ұстауға 
септігін тигізеді; жоғары физикалық жəне психоэмоционалды 
жүктемесі кезінде ағзаның өзіне тəн емес резистенттілігін реттейді
зиянды экологиялық əсерлер, жүктілік, лактация жəне басқа да 
жағдайларды реттейді, аурудың даму қаупін төмендетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет