Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі м. Ж. Еркебаев, Қ. С. Құлажанов, Д. Б. Тəттібаева, А. Ы. Мəуленов


Биологиялық белсенді қоспалардың заңнамалық жəне



Pdf көрінісі
бет91/111
Дата21.06.2023
өлшемі1,24 Mb.
#102821
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   111
7.1. Биологиялық белсенді қоспалардың заңнамалық жəне 
нормативтік базасы. Терминдер жəне анықтамалар
Қазіргі уақытта
 биологиялық белсенді қоспаларды өндіру, өт-
кі зу, қауіпсіздігі жəне тиімділігі саласында «Тамақ қауіпсіздігі 
тура лы» жəне «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық са-
лауаттылығы туралы
»
 
заңдарына сəйкес ҚР Денсаулық сақтау 
министрлігінің 2010 жылғы 6 тамызындағы №611-бұйрығымен 
бе 
кітілген «Тағам өнімдеріне қойылатын санитариялық-эпиде-
миологиялық талаптар» жəне басқа да санитарлық ережелер жəне 
нормалар қолданылады.
Қолданыстағы нормативтік құжаттарға сəйкес келесі терминдер 
жəне анықтамалар қабылданған:
Тамаққа биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ) – тамаққа 
биологиялық белсенді қоспалар байыту мақсатымен немесе 
парафармацевтиктерді қоспағанда, ауруларды профилактикалау 
үшін жеке қолдануға немесе тағамдық азық-түлік құрамына енгізуге 
арналған табиғи немесе табиғиға барабар заттардың құрамдастары.
Нутрицевтиктер – қосымша нутриент көздері белок, амин-
қышқылдары, майлар, көмірсулар, дəрумендер, минералды зат-
тар жəне тағамдық талшықтар ретінде адам тағамының химиялық 
құрамын түзетуге қолданылатын ББҚ.
Парафармацевтиктер – физиологиялық шекте органдар жəне 
ағзаның функционалды белсенділігін қолдау, профилактикасы жəне 
қосымша терапия мақсатында қолданылатын ББҚ.
Пребиотиктер – ішектің қорғаныс микрофлорасының өсімін 
жəне (немесе) биологиялық белсенділігін іріктелген түрде ынталан-
дыратын, оның қалыпты құрамын жəне белсенділігін сақтап тұратын 
тағамдық заттар.
Пробиотикалық микроағзалар – адамның асқорыту жолында-
ғы микрофлоралардың биологиялық белсенділігін, қалыпты құ-


174
рамын сақтап, қалыпты ішек микробиоценозын қорғау тобына жа-
татын жəне табиғи симбиотикалық ассоциацияларын беретін ау ру 
жəне уландырғыш қасиеті жоқ тірі микроағзалар (Bifi dobacte rium, 
Lactobacillus, Lactococcus, Propionibacterium жəне т.б. туыстары).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет