10
Иерархиялық қағида бойынша азық-түлік қауіпсіздігі проблема-
ларын бөлу жəне топтастыру жұмысы халықты сапалы жəне қауіпсіз
тағам өнімдерімен қамтамасыз етуді жүзеге асыру үшін,
негізгі
мақсаттарды белгілеп, оларға қол жеткізу əрекетінің жоспарын
анықтауға мүмкіндік береді (
1.3-кесте). Көрсетілген мақсаттарға
жету үшін азық-түлік қауіпсіздігі мəселелерін шешумен айналыса-
тын ұйым деңгейіне байланысты, жекелеген
аймақтардың жағдайына
барынша жақындастырылған жəне бейімделген бағдарламалар
əзірленуде. Түрлі деңгейдегі ұйымдардың біріккен жұмыстарының
нəтижесінде адамзатқа арналған азық-түлік қауіпсіздігі
бағдарламаларын іске асыру туралы жалпы саясат əзірленуде.
1.3-кесте.
Азық-түлік қауіпсіздігі мақсаттарын құрылымдау
Мақсаты
Мəселелерді
іске асыру
деңгейлері
(1.2 -кестесін
қараңыз)
Аузы асқа жарымайтын
адамдардың санын қысқарту
жəне кедейшілікті түп-тамырымен жою
1-7
Негізгі азық-түлік көздері бойынша азық-түлікпен
өзін-өзі қамтамасыз етуді мүмкін болатын максималды
деңгейге жеткізу
4-7
Азық-түлік бойынша елге шетелден тауар əкелу
(импорт) мүмкіндіктерін жоғарылату
3-5
Норма бойынша тамақтануға жеткілікті көлемі
жəне ассортименті арқылы азық-түлік өндірісін
қамтамасыз ету
1-6
Ғылыми негізделген
нормалар деңгейінде тағам
өнімдерін тұтыну мүмкіндігін қамтамасыз ететін
кіріске қол жеткізу
4-7
Өндірілетін тағам өнімдері сапасының қауіпсіздік
талаптарына сəйкестігін қамтамасыз ету
1-6
Апат жағдайына байланысты азық-түлік қорларын
құру жəне
сақтау
3-5
Осылайша, азық-түлік қауіпсіздігі проблемасын ғаламдық
деңгейде шешу үшін ашыққандарға азық-түлікпен көмек беру не-
месе ашаршылықпен күресудің ұзақ мерзімді бағдарламасын іске
11
асыра отырып, əлемдік қауымдастық белгілі аймақтармен елдерде
азық-түлік
проблемасын шешуге мүмкіндік туғызады.
Əр мемлекет өзінің ауылшаруашылық өндірісін ынталанды-
ра отырып, ғаламшар тұрғындарының өзін-өзі азық-түлікпен
қамтамасыз ету деңгейін жоғарылатуға жағдай жасайды.
Басқаша
айтқанда, нақты бір мемлекет өзінің азық-түлік қауіпсіздігі деңгейін
азық-түлік өндірісін ұлғайту есебінен жоғарылатуы иерархияның
төменгі жəне жоғарғы құрылымдарының азық-түлікпен қамтамасыз
етілуіне оң ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: