Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі м. Ж. Еркебаев, Қ. С. Құлажанов, Д. Б. Тəттібаева, А. Ы. Мəуленов


Азық-түлік қауіпсіздігін құқықтық реттеудің



Pdf көрінісі
бет14/111
Дата21.06.2023
өлшемі1,24 Mb.
#102821
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   111
Байланысты:
erkebaeva azyk-tulik shikizaty zhne tagam onimderinin kauipsizdigi

1.6. Азық-түлік қауіпсіздігін құқықтық реттеудің 
нормативтік-құқықтық 
базасының сипаттамасы
Халықтың салауатты тамақтануы, тағам өнімдерінің айналы-
мы жəне өндірісі саласындағы шаруашылық субъектілерінің адал 
қызметі, тұтынушылардың құқығын қорғауды қамтамасыз ету, са-
пасыз жəне қауіпті тағам өнімдерінен азаматтардың денсаулығын 
қорғау саласында мемлекеттік саясаттың нормативтік-құқықтық 
қамтамасыз етудің негізіне 2007 жылғы 21 шiлдеде қабылданған 
N:301 Қазақстан Республикасының «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі 
туралы» туралы заңы жатады, бұл заңның концептуалды ережелері:
-өндірістің барлық кезеңі, сақтау, тасымалдау, сату жəне қолдану 


27
барысында тағам өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды 
міндетті түрде орындау;
– өндіріс кезеңдері жəне айналымы барысында тағам өнімдерінің 
қауіпсіздігіне өндірушілердің (жеткізушілер, сатушылар) жауап-
кершілігі, өндірістік (технологиялық) бақылау жүйесімен бекітілетін 
сапасы жəне қауіпсіздігіне кепілдік беру;
– мемлекеттік нормалау арқылы тағам өнімдерінің қауіпсіздігін 
қамтамасыз ету процестерін реттеуде мемлекеттің жауапкершілігі
тағам өнімдерінің өндірісі жəне айналымымен байланысты 
қызмет атқаруға куəлік (лицензия) беру, тағам өнімдерін сертифи-
каттау жəне мемлекеттік тіркеуге алу, мемлекеттік қадағалау жəне 
бақылау, сонымен қатар адам денсаулығы жəне тағам өнімдерінің 
мониторингі;
– тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы халықты ақпараттандыру, 
бұл саланы мемлекеттік реттеу барысында атқарылған іс-шаралардың 
тиімділігі;
– бекітілген талаптарға сай емес сапасы төмен жəне қауіпті 
тағам өнімдерін, тағам өнімдерімен қатынасқа түсетін азық-түлік 
шикізаты, материалдар жəне өнімдерді еркін қолданыстан шығару 
(тыйым салу) немесе жою сияқты қағидаларға негізделеді.
Көрсетілген мемлекеттік заң жекелеген бөлімдерге топ-
тастырылған 35 баптан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет