Пайдаланған әдебиеттер: Шепель В.М. Имиджелогия: секреты личного обаяния. – Ростов н/Д: Феникс, 2005.
Педагогическая культура как сущностная характеристика профессиональной деятельности педагога // Н.А. Морева. Основы педагогического мастерства: учеб.пособие. – М., 2006.
Аверченко Л.К. Имидж и личностный рост. Новосибирск,1999ж., 4.Вигман С.Л. Педагогика в вопросах и ответах. Учебное пособие-М.: Проспект,2005.стр.55-57.
5. Елканов С.Б. Основы пофессионального самовоспитания будущего учителя. –Москва.: «Просвещение» –1989.
6.Якушева С.Д. Основы педагогического мастерства: учебник для студ. сред. Проф. Заведений/ С.Д.Якушева.-2-е изд.,-М.: Издательский центр «Академия», 2009.-256с.
7.Таубаева Ш. Исследовательская культура учителя. – Алматы, 2000.
8.Лактионова С.А. Организация деятельности ученика инновационной школы. Метод. пособие– Астана,2010(в соавт.)
9. Мұқытова Ж.Қ., Педагогикалық шеберлік: дәрістер, практикалық тапсырмалар, тестер.Оқу құралы. Көкшетау, 2015.
Тақырып №12. ПЕДАГОГТЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ ТӘРБИЕЛЕУІ ЖӘНЕ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУЫ
Теориялық мәліметтер Жоспары: Педагогтың өзін-өзі тәрбиелеуі және кәсіби шеберлігін қалыптастырудың құралы ретінде.
Педагогтың өзін-өзі үздіксіз жетілдіру қажеттілігі.
Педагогикалық рефлексияжәне оның маңызы.
1. Педагогтың өзін-өзі тәрбиелеуі және кәсіби шеберлігін қалыптастырудың құралы ретінде. Мектеп реформасының талаптарына сәйкес мұғалімнің жеке басын жетілдіру міндеті ерекше маңызды болып отыр, өйткені мектептегі бүкіл оқу-тәрбие процесі тиімділігінің табысты болуы көбінесе соған байланысты. Әрбір мұғалім өз басының бағалы кәсіптік сапасын, іскерлігі мен дағдысын жетілдірудің, яғни өзінің кәсіптік тәрбиесімен шұғылдануының айрықша маңызы зор. Кезінде көптеген көрнекті педагогтар өзін-өзі тәрбиелеудің қажеттігін атап көрсеткен болатын. Мұғалім үшін қастерлі міндет «өзінің жеке басының тәрбиесін бүкіл өмірлік міндетіне айналдыруда»,- деп есептейді А. Дистерверг.
Халыққа білім берудің қайраткері А. В. Луначарский педагогтардың жеке басына қойылатын жоғары талапқа ерекше көңіл бөле отырып, осы талаптарды жүзеге асыруда мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеу рөлін атап көрсетеді: «Біз үшін педагогтардың мемлекетіміздегі нағыз бес аспап және нағыз тамаша адам болғаны өте қажет, өйткені ол жас өркендей гүл жарып, шешек атып келе жатқан кішкентай адамдарға шаттық өмір сыйлау білуі тиіс. Педагогтың мәртебелі існің өзі, міне, осында және де ешқандай мамандық адамдарға мұндай талап қоя алмайды. Педагог өзіндегі адамгершілік мұратты жүзеге асыруы тиіс».
Өзіндегі ең озық адамгершілік қасиетті дамыта білу – мұғалімнің кәсіптік даярлығының іргетасы. Күнделікті кәсіптік қызметінің барысында осы іргетаста мұғалімнің педагогикалық техникасы, оның оқыту және тәрбиелеу жұмыстарындағы іскерлігі мен дағдысы жетіледі, ажарлана түседі.
Адамның күш-жігерінің мүмкіндігі ұшан-теңіз екендігі соншалық, тіпті орташа оқитын, жай ғана қабілеті бар студенттің өзі, жеке басын және кәсіптік-педагогикалық қызметтегі талантын жанжақты өрістете алады. О.
О.Ю. Шмидттің әріптестері оның ғажайып таланты мен қабілетін бірауыздан мақұлдады. Ол кімге де болса «өз ақылымен» тілектестік деген шынайы сүйіспеншілікпен, жаныңды жадырататын сыпайы әзілмен қарым-қатынас жасайтыны қайран қалдыратын. Ол мәселені батыл да, қызғылықты етіп қоя білетін, сан алуан проблемаларды, тіпті өзінің күнделікті қызметінен тысқары проблемаларды да тамаша талдай алатын. Ой-өрісінің даралығы, ғылымның әр алуан саласының түйінді проблемаларын түсіне білуі, оның ғылым қазыналарын ұдайы игеруінің, ілімнің сан тарау бастауларынан сусындай білуінің нәтижесі еді. Оның бірнеше сағаттар бойы кеме капитанымен әңгімелесіп отырғанын, мұз күйін бақылағанын немесе қия жартастардағы мардымсыз өсімдіктерді жинап жүргенін көруге болатын еді. О.Ю.Шмидт - ғалым аты аңызға айналған адам. Оған таңданбасқа шараң жоқ. Ол жауапты үкімет тапсырмасын орындайтын мемлекет қайраткері әрі көрнекті математик, іргелі жаңалықтардың авторы. Академиялық теориялық геофизика институтын құрушы, Жер мен Планетаның пайда болу теориясының авторы, Москва мемлекеттік университетінің оқытушысы. Оның өмірінің соншалық сан қырлы, ал ғылыми және қоғамдық мүдде өрісінің кеңдігі соншалық, Отто Шмидттің жеке басындағы жалпы адамгершілік бағасы жыл өткен сайын артып, жұртшылықтың айрықша ықыласына бөленді.
Өзінің ішкі мүмкіншілігін жүйелі және табанды түрде жұмылдыра білуде профессор А. А. Любищевтің өмірі үлгі бола алады. Ол жан-жақты қабілетті адам еді. Оның зоология, генетика, философия, эволоция теориясы саласынан 500 баспа табақтан астам (12 мың бет) кітаптар, брошюралар жазды. Сонымен қоса педагогикалық қызметке де қызу ат салысты.
Жазушы Д. Гранин осы педагог-ғалымның жұмыстағы табыс сырын былайша ашып берді: ол елу алты жыл бойы үзбестен жұмсаған уақытын жазып, жоспарлап отырды. Мұның өзі уақытты үнемдеп пайдаланудың ерекше тиянақты жүйесі еді. Өз өміріңді дұрыс ұйымдастыра алмағаның үшін, уақытыңды тиімді пайдаланбағаның үшін өзіңді жазғыру бір басқа да, осының барлығын сағат, минутына дейін жете білу – басқа мәселе. Любищев күнделікті есеп жүргізіп отырды, ешнәрсені жасырмай және тігісінжатқызбай, қорытындысын өзі мұқият жасап отырды. Ол осылайша әр минутын, тіпті қала транспортында жүруге, кезекте тұруға кеткен уақыттарын да тиімді пайдалануға өзін-өзі дағдыландырды. Жолда жүргенде шағын кітаптарды оқыды, тіл үйренді. Ағылшын тілін осылайша меңгерді. Ол тәуліктің пайдалы уақытын он сағатқа белгілеп, оны минутына дейін дәлме-дәл ескерді. Күні бойы бір нәрсені қараумен, газет-журналдарға көз жүгіртумен өткізеді. Әр айдың және әр жылдың аяғында қорытындысын шығарып, талдап отырды. Сонымен қоса жұмысын әр күнге, әр айға әр жылға тіпті бесжылдыққа мұқият жоспарлауды да ұмытпады. Оның тұжырымдауынша, адамда нашар, бос уақыт деген болмауы тиіс.
Өзімен жұмыс істеу, К. Д. Ушинскийдің көрнекті педагог болуына жәрдемдесті. Ол мына жайттерді ескерген:
Барынша сабырлылық, ең болмағанда сырттай байсалдылық;
Сөз бен істегі турашылдық;
Әрекеттегі алдын-артын ойлаушылық;
Батылдық;
Ешбір қажетсіз өзі туралы бір ауыз да сөз айтпау;
Уақытты текке өткізбеу;
Өз қылығыңа әр кеш сайын адал есеп беру;
Болғанына да, барына да, болатынына да ешқашан мақтанбау.
Адам өзінің қоғам алдындағы зор мәнін жете түсінгенде ғана оның өзін-өзі тәрбиелеу рөлі арта түседі. Өйткені өзін-өзі тәрбиелеу – дамуға ұмтылушы адамдарды жан-жақты қалыптастыру жағдайы.
Ұстаздық қызметте мұғалім өз мінезін, өз еркін, өз эмоциясын меңгере, ұстай білуінің айрықша маңызы зор.
Адамның жауапты міндеттерді шешуге, белгіленген жоспарды орындауға, күнделікті өмірін қызғылықтықты әрі алуан тартымды өткізуге, мақсатқа жету жолындағы қиыншылықтарды жеңуге тырысуы оның өмірін бай, әрі мазмұнды ете түседі, еркін шынықтырады.
Ерікті шынықтыру үшін қажетті әрі нақты мақсатты қалай табуға, қоюға және оған жетуге болатындығын ойластырып көрелік.
Ең алдымен өзін-өзі тәрбиелеу үшін өз еркін меңгере білу керек, нақты нәтижеге жету үшін: өзін ұстай білуі, жақсы көңіл-күйде бола білуі, өзіне-өзі бұйрық беруді және өзін-өзі иландыруды пайдалануы, дербес күн тәртібін, режимін орындауы тиіс.
Л. Н. Толстой өзін-өзі тәрбиелеуде мынадай ережелерге айрықша мән берген: «Міндетті түрде орындалатын нәрсені, қалайда орында... Орындағаныңның бәрі жақсы болсын. Егер бір нәрсені ұмытсаң ешқашан кітапқа қарамай, қалай да есіңе түсіруге тырыс... Бар күш-жігеріңмен өз ақылыңмен үнемі әрекет етуіне мәжбүр ет».
Ерікті шынықтыру – бұл, әрине, зор еңбек. Бірақ мұның қызықтылығы және нәтижелілігі соншалық, өзін-өзі тәрбиелеуге оптимистік позицияда қарау керектігін көрсетеді. Ең бастысы табысқа деген сенімділікте, өзіңнің зор мүмкіндігіңде, өзіңде, өзіңнің күшқайратыңда. Бұл өзіңмен жұмыс істеудің қажетті шарты, өйткені бұл істегі ең қауіптісі – өзіңе-өзің сенбеу. Л. Толстой сөзімен айтқанда, ұрыста кім жеңемін деп батыл шешімге келсе, сол жеңеді. Оптимистік көңіл-күй қолайлы сезім туғызып, жұмсалған энергияны тез қалпына келтіруге ықпал етеді, адамның қиыншылықты жеңуін ынталандырады. Ал жұмыс бабында қалжырап, дау-дамайды басынан өткізіп жүрген мұғалімдік мамандық үшін оптимизм, сергектік, көңілділік ауадай қажет. Сондықтан алға мақсат қойғанда оптимист болудың, тіпті болар-болмас жеңістің өзі адамды анағұрлым қайраттандыра түсетіндігін есте сақтаған жөн.
Өзі туралы көбірек ойлаудың, өзіңе-өзі есеп берудің, әсіресе өз мінез-құлқыңды танудың және түзетудің маңызы айрықша зор. Мұның мәнісі сол, өзіңді өзің тәрбиелеу жөніндегі мақсатың мен міндетіңді өзіңнің нақты мінез-құлқыңмен салыстыру.
Өзіңе-өзің есеп берудің және өзін-өзі талдау жасаудың ең тиімді жолы - дербес күнделік жүргізу.
К. Д. Ушинский: «Мұғалімнің жеке басы жастар үшін еш нәрсемен айырбастауға болмайтын жанып тұрған күн нұры, тәрбиешінің жеке басы бүкіл тәрбие ісі», – деп кеткен. Адам тәрбиесі үдемелі қозғалыспен жүріп отыратын мәңгілік үрдіс. «Бала – бақыт, бала – болашақ, ендеше оның қамын бүгіннен ойлау ең басты адамгершілік», – деген А. С. Макаренко. Шәкірт атаулының табынатын тәңірі де, не бір шу асау тентек атаулының діңкелеп тоқтайтын адамы да – ұстаз. Тәрбиенің үлкені – үлгі-өнеге, ал үлгіөнегенің үлкені де – ұстаз. Осылай келтіре берсек, ұстаз туралы теңеулер таусылмайды. Ұстаздар шәкірттерінің алдында үнемі сынақта тұрады. Мұғалімдердің білімі, өздерін-өзі ұстауы, жүрістұрысы, киім-киісі, сөйлеген сөзі, байыпты этикасы бәрі-бәрі есепте. Ұстаз – ұлы есім. Бұл есім сондықтан да жұрттың бәрінің пешенесіне жазылмаған. Осы жауапты да, құрметті сенімді атқаруа ұстаздар алдында күрделі міндеттер тұр. Ұстаздарға деген бүгінгі күннің талабы өте жоғары. Олардың білімі, оқытушылық әсері, жеке бастарының рухани және моральдық бейнесі, өз қызметіне деген сүйіспеншілігіне байланысты болашақ ұрпақтарымыздың жан-жақты дамуы, білімге, еңбекке деген қабілеті, рухани қасиеттері жетіледі. Ұстаздың білімділігі өзінен-өзі жасөспірімдердің моральдық қасиеттерін қалыптастыра алмайды. Білімді мұғалім балаларға белгілі бір салада жүйелі білім берумен қатар, өзінің іс-әрекеті, дүниеге көзқарасы, адамгершілігі, гуманистік қасиеттері арқылы жас ұрпақты моральдық биік мұраттары рухында тәрбиелеуге тиіс. Бұл жағдайда мұғалімнің жеке қасиеттері шешуші роль атқарады. ХХ ғасырдың ірі өкілі белгілі ағартушы Жүсіпбек Аймауытов ұстаз қызметін былай сипаттайды: «Балаларға білім берумен, тәрбиелеумен мұғалімнің қызметі тәмам болмайды. Ол балаларды тәрбиелеуге, үгіттеуге міндетті, басқаша айтқанда, мұғалім қарапайым қызметкер емес, ол шәкірттердің алдағы өмірін өз басынан кешірген тәжірибесіне сүйеніп, оларға келешекте өмірден аяғын шалыс басып, соққы жеп өкінбеске күні бұрын сақтандыратын қорғаушы, қамқоры». Мұғалімге жүктелер міндет өте ауыр, тек өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтатаотырып, шәкірттерінің жанына нұр құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады.
Шебер мұғалім, біріншіден, халқымызға тән жастарымыздың бойында бар адамгершілік сипаттағы дүниетанымына, өз мәдениетіне, әдет-ғұрып, салт-саналарына, қол өнері мен педагогикасына арқа сүйейтіндігіне және ашық-жарқындығы мен бауырмалдылығына, яғни қазақ ұлтының басқа халықтардың құндылықтарын сіңіре алушылық қабілетіне ерекше назар аударған жөн. Екіншіден, өзі оқытатын пәнді терең меңгеруге міндетті. Үшіншіден, өздігінен білім алуға ынталы болуы керек. Мұғалімнің жеке басының үлгісі – кәсібилікпен біте қайнасқан қасиет болуы керек. Себебі, кез келген ұжымдағы қарымқатынас мұғалімнің жеке басының үлгісімен тығыз байланысты
Педагогтың кәсіптік деңгейін арттыру үшін болашақ педагог маманның кәсіби бейімделуін қалыптастыру мәселесі кезек күттірмейтін қоғам талабы. Бұл мұқтаждықты қанағаттандыру үшін жоғарғы оқу орны педагог мамандар даярлап, жалпы білім беретін мектептерге, қоғамдық ұжымдарға жыл сайын өз түлектерін аттандырады. Ал педагогикалық білім алған жас мамандар қоғамның басты талабын шешуге, оны жүзеге асыруға ат салысады.
Қызметке жаңа келген жас педагогтардың кәсіби әрекетінің табысты болуы олардың педагогикалық ұжымының өміріне қаншалықты тез араласып кетуіне және еңбек іс-әрекетінде өздерініңкәсіби қызметтерін қаншалықты нәтижелі орындауына байланысты. Себебі қазіргі кезеңде еліміздегі нарықтық-экономикалық және ғылым мен білім саласындағы өзгерістерге байланысты оқу орындарындағы қызметке жаңаша қарау талап етіледі. Ол өз кезегінде саналы, білімді, дарынды, мәдениетті, белсенді болуды және қандай қиындық болсын төзіп, жұмыс істей алатын жас педагогмамандарды қажет етеді. Ендеше оларды дайындауда өзі білім алатын жоғарғы оқу орын ұстаздарының ролі өте зор.
Жас педагог мамандардың кәсіби бейімделу процесі ішкі және сыртқы қайшылықтармен сипатталады.
Кәсіптік бейімделу процесі барысында туындайтын ішкі қайшылықтар:
жас маманның өз бетінше жұмыс істеуге ұмтылуы және оған қажетті білімі, біліктілік деңгейінің төмендігі, сондай-ақ педагогикалық ұжымдарда шығармашылық, демократиялық негіздердің жоқтығы;
жалпы теориялық білімді практикалық қызметінде қолдана алмауы;
жас маманның өзін-өзі таныту қажеттілігі мен оның коммуникативтік мүмкіндігінің сәйкессіздігі.
Жас маманның кәсіби бейімделу процесінде оның жұмыс орнына байланысты кездесетін сыртқы қайшылықтары:
жас педагогтардың өмірлік жоспарлары, құлшыныстары, кәсіби үміті, олардың жаңа әлеуметтік жағдайы, педагогикалық ұжым мен оның құндылық бағдарлары ұсынатын нақтылы мүмкіндіктер арасында;
жас мұғалімнің талап-тілектері және оны аталған ұжымның тұлға аралық қарым-қатынастар құрылымындағы нақтылы алатын орны арасында;
педагогикалық ұжымның мамандыққа байланысты қойылатын нақтылы талап-тілектері мен жас мұғалімдердің даралық ерекшеліктерінен туындайтын оның сенімділік, қызығушылық ұмтылысы арасында;
қарым-қатынас тәжірибесінің жеткіліксіздігінен және алғашқы жылдарда қоғамдық-педагогикалық қызметінің көп салалығына байланысты да туындайды.
Бұл қайшылықтарды шешудің жолдарын ұсына отырып (мысалы, жоғары оқу орнының оқу-тәрбие процесінің кәсіби педагогикалық бағытын күшейту, педагогикалық ұжымның рөлін арттыру және т.б), олардың әрқайсысын тұлғалық ерекшелігімен немесе белгілі бір топпен байланыстыра қарау керек.
Туындаған қайшылықтарды жеңу үшін жас мамандардың алдымен оларды жақсы түсіне білуі және болатын қажетті өзгеріске ынта-құлшыныспен қарауы өте маңызды. Мұндай құлшыныс дайындық сезімі жоғары оқу орнында дамытылуы, қалыптасуы насихатталуы керек.
Сонымен қатар қазіргі уақытта мұғалімнің жеке басы мен ісәрекетіне қойылатын талаптар мен педагогикалық білім беру мекемелерінің түлектерінің даярлық деңгейі арасындағы қарамақайшылықтар, мұғалімдерді даярлаудың типтік жүйесі мен оның ісәрекетінің жеке бастық-шығармашылық сипаттамасы арасындағы қайшылықтар тереңдеуде. Бұл қарама-қайшылықтар педагогикалық білімге байланысты мәселелерді шешуді қажет етеді:
жаңа мақсат проблемасы,
білім берудің жаңа құрылымының мәселесі,
білім беру мазмұнын жаңарту мәселесі,
ұйымдастыру формалары мен әдістерін жаңарту мәселесі.
Бұл айтылған мәселелер көп деңгейлі педагогикалық білім беру жүйесін енгізудің негізі болып табылады.