Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі мардан сапарбаев институты мунашова Жамиля Балқыбекқызы


ДӘРІС САБАҚТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ Тақырып №1. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК НЕГІЗДЕРІ



бет2/91
Дата21.02.2023
өлшемі0,6 Mb.
#69755
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91
Байланысты:
пед

ДӘРІС САБАҚТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ


Тақырып №1. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК НЕГІЗДЕРІ


Теориялық мәліметтер Жоспар:

  1. Педагогикалық шеберліктің мәні және әлеуметтік маңыздылығы.

  2. Педагогикалық шеберліктің элементтері.

  3. Педагогикалық шеберлік жүйелері.

  4. Педагогикалық шеберлікті қалыптастыру жолдары.

Негізгі ұғымдар: шеберлік, педагогикалық шеберлік, педагогикалық мәдениет.
1. Педагогикалық шеберліктің мақсаты және әлеуметтік маңыздылығы.
Қандай да бір істі өзінің нақты деңгейіне жеткізіп атқару үшін шеберлік керек. Шеберлік барлық іс-әрекеттерге де, барлық мамандықтарға тән қасиет. А.С.Макаренко былай деген болатын: «Тәрбиешінің шеберлігі ол бір ерекше өнер емес. Ол мамандық. Мамандық болғанда да дәрігерді өз мамандығына, музыканттарды өз мамандығына үйреткен сияқты мұғалімді де өз мамандығына үйрету» деп атап көрсеткен болатын.
Негізгі мақсат педагогикалық шеберліктің өзіне тән ерекшеліктері мен қасиеттерін білуіміз керек. Педагогикалық шеберлікті жетілдірудегі негізгі мақсат – мұғалімдік мамандық бойынша өзінің алдына қойған мақсатты педагогикалық іс-әрекеті деңгейіне жеткізе нәтижелі түрде іске асыра білу.
«Мұғалімі қандай болса – мектебі де сондай болмақ» деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, мұғалімнің шеберлігі екі жағынан бірдей танылады: бірінші жағы, баланы қалай, қалайша оқыту үшін оның психологиясын білу, екінші жағы, оқытып-тәрбиелеудің әдістәсілдерін, жолдарын терең білу және оны қолдана білу. Тәжірибеде осы талаптарға сай мұғалімдер шеберлігі калыптасып жетіледі. Бұл жөнінде біз өзімізге белгілі болып келе жатқан көптен таныс, даңқты педагогиканың іс-тәжірибесін оқып үйрену арқылы педагогикалық шеберліктерді танып-біліп, олардың іс-тәжірибелерін жаңа жағдайда жаңа форма-әдістермен жандандыра отырып, өз ісімізде басшылыққа алуға тиіспіз. Сонда ғана өзіміздің педагогикалық шеберлігімізді жетілдіріп, шыңдай түсеміз. Мысалы, А.С.Макаренконың М.Горький атындағы, Э.Дзержинский атындағы балалар колониясындағы атқарған педагогикалық шеберлігі «Ұстаздық дастан», «Мұнара үстіндегі тулар» атты еңбектерінде айқын суреттелінген.
Қазақстанда педагогикалық іс-әрекеттің шеберлері А.С.Макаренконың педагогикалық шеберлігін қайталаушы Семей облысы «Көкпенті» балалар үйінің директоры Жақия Шайжүнісов, Алматы қаласындағы қиын балалар үйінің директоры - Архимед Мыңбаевтың іс-әрекеттері нағыз шеберліктің үлгісі болады.
Педагогикада із қалдырған жаңашыл педагогтері: И.Ф.Шаталов, И.Е.Ильина, Ш.А.Аманашвили, Т.И.Гончаров, С.Н.Лысенко т.б. педагогтердің іс-әрекеттерінен нақты педагогикалық шеберлікті байқаймыз.
Қазақстанда педагогикалық шеберлігімен белгілі болған педагогтердің бірікөп жылдар Алматыдағы №4 мектеп директоры қызметін атқарған Нұртазина Рафиғаның шеберлігі бізге көптен таныс. Ол орыс тілінің маманы ретінде өзі оқытқан балаларына саналы білім беруде көрнекті еңбек еткен. Атырау облысы, Махамбет ауданы, Алға орта мектебінің директоры қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Айтқалиев Құснидың педагогикалық шеберлік іс-әрекеттерін бүкіл республика мүғалімдеріне таныс болған. Республикада көптеген жаңашыл педагогтердің тәжірибелері таратылған– педагогикалық шеберлік іс-әрекеттерінің кең қанат жайып, барлық жерлер де кең өріс ала бастауының айғағы. Атап айтсақ, Бунич Валентин - Қарағанды өнер мектебініңдиректоры, Очнур Елена Афанасьевна - Алматы эксперименталдымектеп директоры, биологая пәні мұғалімі, Фомин Юрий Павлович - Орал облысы, Бөрлі ортамектебінің орыс тілі пәнінің мұғалімі, А.Бітібаева- Шығыс Қазақстан облысы,Жамбыл атындағы орта мектеп директоры,қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі. Заманауи мектептегі үздік ұстаздардың бірі – Шымкент қаласындағы №1 А.С.Пушкин атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі, педагогика ғылымдарының кандидаты, ҚР Білім беру ісінің үздігі, Қазақстанның Еңбек Ері Соловьева Алина Робертовна тәжірбиесін республика деңгейінде таратып, 7-11 сыныптары үшін биология пәнінің авторы болған. Сонымен қатар 2020 жылы республикалық деңгейде үздік деп танылған, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Үздік педагог» медалінің иегерлері Шымкент қаласының ұстаздарын атауға болады, олар, №9 IT лицей мектебінің орыс тілі пәнінің мұғалімі — Гүлзира Анартаева, № 8 мамандандырылған гимназия мектебінің бастауыш сынып мұғалімі — Гүлдана Дауленбаева. Бұлардың педагогикалық шеберліктерінің негізі балалардың өз еркімен дамуына жол ашу, жергілікті мұғалімдердің пікірімен, тәжірибелерімен санаса отырып, оқу құрал, бағдарламалардың балама түрлерін жасау, сөйтіп білім-тәрбие берудін жаңа талаптарына сай педагогикалық шеберліктерді дамытуға үлес қосу болып табылады. Оқу-тәрбие процесінде оқушылармен педагогикалық ынтымақтастықта жұмыс атқарудың формаларын, әдістерін дамыту. Әрбір оқу пәндерінің ерекшеліктеріне сай оқу-тәрбие әдістерінжетілдіру. Балаларға деген камқорлықты, сүйіспеншілікті арттыру. Жаңа жұмыс әдіс-тәсілдерін жандандыра түсу – олардың педагогикалық шеберліктерінің сипаты.
Осы жоғарыдағыпедагогикалық шеберлік іс-әрекеттерді әрбір аудандар да, әрбір облыстарда шығармашылық сипатта еңбек ететін педагогтердің іс-әрекеттерінен байқауымызға болады. Сондықтан олардың іс-тәжірибедерін үйрену, үнемі шығармашылық сипатта еңбек ету – бізді педагогикалық шеберлікке шындай түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет