Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі мардан сапарбаев институты мунашова Жамиля Балқыбекқызы


Семинар сабақтарға арналған тапсырмалар



бет80/91
Дата21.02.2023
өлшемі0,6 Mb.
#69755
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   91
Байланысты:
пед

Семинар сабақтарға арналған тапсырмалар

  1. Тапсырма: ««Өркениеттің мақсаты – адамды ойлауға үйрету»» атты ауызша әңгіме құрыңыз.

  2. Тәрбие - қоғамның тарихи әлеуметтік-экономикалық жағдайла-рынан туатын объективтік процессі тақырыбында реферат жаз.

  3. Студенттердің өзіндік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың маңыздылығын анықтаңыз.

  4. Тәрбие жоспарына қойылатын талаптар тізімін дайындаңыз.

  5. Студенттер ұжымындағы тұлғааралық қатынастар жүйесін басқарудағы тәрбиеші шеберлігінің мәні неде?

  6. Студенттердің өзіндік және ғылыми-зерттеу жұмыстарына не жатады?

  7. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарындағы педагог шеберлігі неде деп ойлайсыз.

  8. «Білімді өз бетімен іздеу» ұғымын қалай түсіндірер едіңіз?

Оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар

  1. Өзіндік ғылыми-зерттеу жұмысты анықтау;

  2. Танымдық тапсырмаларды (мәселелік және практикалық) нақтылау;

  3. Өзіндік ғылыми-зерттеу жұмыстың таңдалып алынған және қойылған мәселелерінесәйкес өзіндік бағалау;

  4. Алға қойылған басты мәселені шешу үшін барабарлық ісәрекеттітаңдау (оны шешу жолдары мен құралдарын таңдау);

  5. Мәселені шешу бойынша өзіндік ғылыми-зерттеу жұмыстарды жоспарлау;

  6. Өздік ғылыми-зерттеу жұмыс бағдарламасын орындау мүмкіндігін іске асыру;

  7. Тәрбиешінің жұмыс жоспарына қойылатын заманауи талаптар 8. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру оқу үрдісін ұйымдастырудың басқа да түрлерімен өзара байланысы.

Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар

  1. Өз әрекетінді талда. Мысалы, неге қол жетті және неге жетпеді, неліктен?, осы шараны қайта ұйымдастыратын болсақ, нені өзгертер едің? т. б. Деген мазмұнда эссе жазыңыз.

  2. Өткізілген іс-шара жөнінде ойынды, көзқарасыңды, шараның маңызды элементтерін анықтап, қолданылған форма тиімділігіне баға бер.

  3. Педагог қызметінің ерекшеліктері мен қиыншылықтар тақырыбында шығармашылық жұмыс жазыңыз.

  4. Жұмыс формаларының тиімділігн зертте, оның жетістіктері мен кемшіліктерін, алдағы уақытта оларды жетілдіру немесе болдырмау жолдарын қарастырыңыз.

  5. Осы іс-шарада өз қабілетің мен талантыңды қаншалықты көрсете алдың?

  6. Осы іс-шарада белесенділігіңді, қызығушылығыңды көрсете алдың ба?

  7. Жүргізілген іс-шара ұжымдағы өзара қарым – қатынасты дамытуда маңызды ма?

  8. Жүргізілген іс-шара сенің шығармашылық қабілетіңді дамытуда маңызды ма?

  9. Тәрбие жоспарынын үлгісін жаса.

  10. Педагогикалық қарым-қатынас стилі тақырыбында реферат жазыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет