Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі мардан сапарбаев институты мунашова Жамиля Балқыбекқызы



бет88/91
Дата21.02.2023
өлшемі0,6 Mb.
#69755
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   91
«Мансап зәкірі» әдістемесі
Бұл әдіс басшының және оның қарамағындағылардың мансаптық бағытталуын бағалауға және нақты әр адамның кәсіби өсуіндегі ұмтылысының бағытын ескеріп ынталандырудың дара үлгісін таңдауға мүмкіндік береді.
Нұсқау: «10 баллдық жүйемен бағаланатын 40 айтылым жауап беруіңіз қажет. (1 балл – мүлдем маңызды емес немесе мүлдем келіспеймін ..., 10 балл – өте маңызды немесе толығымен келісемін) жауаптарыңызды жауап парағына ендіріңіз. Рахмет!



Айтылымдар:

Балл

1

Мансапты нақты бір сала аймағында құру


2

Адамдардың үстінен байқау және бақылауды іске асыру


3

Өз қалауыңмен әрекет жасау мүмкіндігін иелену, ереже және шектеулермен қысылмау


4

Кепілденген жалақы және әлеуметтік қорғанысы бар тұрақты жұмыс орнын иемдену


5

Өз білгеніңді адамдардың пайдасына жарату, басқаларға көмектесу


6

Шешімі қиын болып көрінетін мәселелермен жұмыс істеу


7

Жұмыс және отбасы теңестірілген (бір біріне кедергі келтірмейтін) өмір салтын ұстану


8

Толығымен менің шығармам немесе бастамам болып саналатын дүние (бір нәрсе) жасау


9

Кәсібіңе қатысы жоқ жоғары лауазымды иеленгеннен гөрі, өз мамандығыңның аясында еңбек ету маңыздырақ


10

Ұйымның бірінші басшысы болу


11

Ереже немесе басқада шектеулерсіз жұмысты табу


12

Маған ұзақ мерзімдік тұрақтылықты қамтамасыз ететін ұйымда жұмыс істеу


13

Әлемді жақсарту үшін өз қабілеттерімді қолдану


14

Басқалармен жарысып жеңу


15

Өз жұмысымды өз өмір салтымды өзгертпейтіндей етіп құрылымдау


16

Жаңа коммерциялық өндірісті құру


17

Өмірді бір мамандыққа арнау





18

Жоғары басшы лауазымды иелену


19

Орындалу уақытына, тәсіліне және т.б. ерекше еркіндік беретін жұмысты иелену


20

Жоғарылауға байланысты тұрғылықты жерден
көшкенше, бір орында қалған жақсы


21

Маңызды мақсатқа қызмет ету үшін өз біліктілігің мен дарындылығыңды қолдану мүмкіндігін иелену


22

Менің мансабымның ең басты маңызды бөлігі – қай салада болмасын қиын мәселелерді тауып шешу


23

Мен үнемі отбасыма және жұмысыма уақытты тең бөлуге тырысамын


24

Мен үнемі өзімнің жеке кәсібімді бастауға жол ашатын идеяларды іздеймін


25

Мен басшы қызметіне келісемін, егер ол менің құзыреттілігімнің аясында болса


26

Мен жұмыста басқаларды қадағалау, олардың
жұмысын түзету мүмкіндігіне ие болғым келеді


27

Өзімнің кәсіби әрекетімде мен өз егемендігім мен дербестігімді сақтағым келеді


28

Мен үшін қазіргі мекен жайымда қалу басқа мекеннен басқа жұмыс немесе жоғарылаудан гөрі маңыздырақ


29

Мен үнемі өзгелерге пайда келтіруіме мүмкіндік беретін жұмысты іздеймін


30

Сайыс пен жеңіс – мансаптың ең толғандырыр жақтары


31

Маған ұнайтын өмірді берсе, мансапта мән болады


32

Кәсіпкерлік – менің мансабымның орталық бөлігі


33

Менің кәсібіме қатысы жоқ іспен айналысқанша жұмыстан бас тартқаным жақсы


34

Маңызды ұйымда жоғары деңгейді жетекші болғанымда ғана өзімді жетістікке жеттім деп есептеймін


35

Мені қандайда бір ұйымның ығыстырғанын қаламаймын


36

Мен ұзақ уақыттық келісім шартты қамтамасыз ететін ұйымда жұмыс істегенді қалаймын


37

Мен бар өмірімді маңызды мақсаттарға қызмет етуге арнауды қалаймын


38

Мен өзімді қиын мәселелерді шешуге тартылғанда ғана








өзімді табысты іскер ретінде сезінемін







39

Мансапта жетістікке жеткеннен гөрі белгілі бір өмір салтын таңдап ұстану маңыздырақ





40

Мен үнемі өз жеке бизнесімді орнатып жүргізгім келген


«Мансап зәкірі» әдістемесінің кілті

Кәсіби құзыреттілік

Менеджмент

Дербес- тік

Тұрақтылық

Қыз- мет ету

Бәсекелес-
тік
(шақыру)

Өмірлік ұстаным

Кәсіпкер-
лік

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

32

33

34

35

36

37

38

39

40

Бағандардың нәтижелерін қосыңыздар. Максималды көрсеткіштер мансаптық бағыттың айқындығын білдірсе, минималды көрсеткіш ол бағыттардың тұлғаға сәйкес еместігін көрсетеді.
Нәтижелерді сараптауда төмендегілерді ескерген маңызды:
А. Жалпы уәждемелік бағдардың деңгейін
Б. Жетекші зәкірдің үйлесімділігі
В. Жалпы көрсеткіштері.
Әдістеме көмегімен анықталған мансаптық бағыттың түрлерінің сипаттамасы
Кәсіби құзыреттілік – айналысқан кәсібінің әрекетін білу, жемісті кәсіби әрекетке қажет білігі және дағдысы болу, өз жұмысының нәтижесін болжай білу. Басқа адамдардың әрекеті мен өз ісіңді бағалауда кәсібилік пен құзырлылықтың маңызын тану.
Менеджмент– жұмыста басшылық әдістерге бет бұру, басшылық шешімдерді қабылдау, жетекшілік (лидерлік) басқалардың жұмысын ұйымдастыра білу.
Дербестік – ұжымдық жауапкершіліктен қашуға ұмтылу, ереже, талаптармен қысылмауды қажетсіну, жұмыс графигі өзіне ыңғайлы болғанын қалау. Өзіндік жұмыс жасағанды артық көру, өз қалауы мен өз талаптары бойынша өмір сүру.
Тұрақтылық – ұстанымда дәстүрлік, тұрақтылық беретін әрекетке басымдық беру, ережелер мен талаптар нақты орындалатын, уақыт нақтылығы орнатылған жағдайдағы жақсы жұмыс. Ұзақ уақытқа сақталған байланысқа, сенімділікке бейімділік.
Қызмет – көзге түсуге және лайықты бағалануға ұмтылу, көтермелеу, марапаттар мен жетістіктерге жету үшін ынталандыруға мұқтаждық. Беделге бағытталу. Мақсатқа жетуге, басқаларға көмектесуге ұмтылу, тұлғаның атаққа, мәртебеге, абыройға бағытталуы. Істің нәтижесі мен қоғамдық мақсаттарды өзімдікі деп санау.
Бәсекелестік (шақыру) – жарысу, жеңіске жету қажеттілігі. Белсенділікті талап ететін жұмыстарды таңдау, қиын кикілжің жағдайларды шешуге ұмтылу. Шығармашылық, жаңа тиімді тәсілдерге беиімділік.
Өмірлік ұстаным – жеке өмірдің маңыздылығы. Жеке құндылықтарды бірінші орында ұстау (отбасы, қызығушылық(хобби) бос уақыт, т.б.). Жеке өмірде жұмыс басымдыққа ие емес. Артық жүктемеге, уақыт мөлшерінен тыс жұмыстарға, іс-сапарларға және т. б. қарсылық.
Кәсіпкерлік – жеке бизнес ортауға ұмтылу, іскерлік, белсенділік,өзіне жұмыс істеу, әрекетте өзіндік бағытты орнату.
«Тиімді қарым-қатынас құру» әдістемесі
Сіз басқалардың пікіріне көңіл бөлесіз бе? Сіз оларға сыйластықпен қарап, шыдамдылық танытасыз ба? Сізге осындай жағдайларда кездесетін жайсыздықтарды жуық шамамен айқындап беретін тест ұсынылып отыр. Екі жауаптың бірін ойланбастан жауап беріңіз.
Сұрақтар.

  1. Сізге қызықты ой келді, бірақ оны қасыңыздағылар қолдамады.

Сіз:
а) ашуланасыз;
б) ашуланбайсыз.

  1. Сіз достарыңызбен кездестіңіз, олардың біреуі ойынды бастауды ұсынады. Сіздің таңдауыңыз:

а) жақсы ойнайтындардың ғана қатысуын;
б) ойынның ережесін білмейтіндердің де ойынға қатысуын.

  1. Сіз жағымсыз жаңалықты сабырлылықпен қабылдай аласыз ба? а) иә;

б) жоқ.

  1. Қоғамдық орындарға мас болып келетін адамдар жүйкеңізге тие ме?

а) олар берілген шекарадан аспаса болғаны, маған әсер етпейді;
б) өзін-өзі ұстай алмайтын адамдар маған қашан да ұнаған емес.

  1. Сіз мамандығы, өмір сүру салты, тұрмысы бөлек адамдармен тез тіл табысып кетесіз бе?

а) маған бұл қиынға соғар еді;
б) бұл маған еш қиындық тудырмайды.

  1. Сіз әзілдің себепшісі болып отырсыз. Бұны қалай қабылдайсыз?

а) әзілді де, әзілдеушілер деорынсыз;
б) маған әзіл жаман әсер еткенмен, мен оларға да дәл сондай жауап қайтаруға тырысамын.

  1. Көпшілікте қалыптасқан «әр адам өз «орнында» «өзінің»ісін істеу керек» - деген пікірмен келісесіз бе?

а) иә;
б) жоқ.

  1. Көпшіліктің назарындағы досыңыздың ортасына келесіз бе?

а) оның маған көңіл аудармауы, мені қынжылтады;
б) ол үшін тек қана қуанамын.

  1. Қонақта отырып, жастарға сын айтып, заманныңөзгерісін әңгімелеген адаммен кезігіп қалдыңыз. Сіздің әрекетіңіз? а) жақсы сылтау тауып, ертерек кетіп қаласыз;

б) қарсыласасыз.
Нәтижені шығару.
Кілтпен сәйкес келген әр жауап үшін 2 балдан қосыңыз.
Кілт:
4, 9 – сұрақтарға «а» жауабы;
1, 2, 3, 5, 6, 7, 8 – сұрақтарға «б» жауабы.
Сауалнама нәтижесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет