Зейін - адамның санасының айналадағы объектілердің, болып жатқанқұбылыстар мен процестердің ішінен керектісін бөліп алып, назарынтұрақтатуы.
Қабілеттілік
Зейін - адамның санасының айналадағы объектілердің, болып жатқанқұбылыстар мен процестердің ішінен керектісін бөліп алып, назарынтұрақтатуы.
Қабілеттілік - белгілі бір өнімді іс-әрекетті табысты орындаудың шарты болатын тұлғаның жеке дара психологиялық ерекшеліктері. Қабылдау тұлғаныңжалпы бағыттылығымен, адамның белгілі бір әрекетке бейімділігініңорнықтылығымен тығыз байланысты.
Қабілеттің түрлері: жалпы қабілеттілік,арнайы қабілеттілік, потенциалдық қабілеттілік, актуалдылық қабілеттілік. Қабілеттілік тестілері - жалпы алғанда қайсыбір мақсатқа жетудіңәлеуеттік мүмкіндігін өлшеу үшін құрастырылған кез келген тест. Арнайы,жалпы қабілетерді және көп жақты қабілеттерді мөлшерлеп анықтауға арналған түрлері құрастырылады.
Қарым-қатынас – біріккен іс-әрекет қажеттілігін туғызатын, адамдарарасындағы байланыстың дамуын орнататын күрделі көп жоспарлы процесс. Адамдардың танымдық хабарлар алмасу, өзара түсінусі, бір-бірін қабылдауы.
Қарым-қатынастың үш жағы бар-интерактивті, коммуникативті, перцептивті.
Қарым-қатынас деңгейлері – микро, мезо, макро. Қарымқатынас түрлері - рухани, іскерлік, манипулятивтік, премитивті және тағы басқа.Қарым-қатынастың коммуникативтік жағы - ақпарат алмасу және оны түсімен анықталады. Қарым-қатынас барысында адресант пен адресат ортақбелгілер жүйесін пайдалану арқылы қарым-қатынас серіктестері бір-бірімен ақпарат алмасады.
Қарым-қатынастың интерактивтік жағы - бірлескен әрекетті ұйымдастыруымен оны орындаудағы серіктестердің қарым-қатынастарында анықталады. Адамдардың жұмысты өзара бөлісу, келісім бойынша жұмысістеуі. Зерттеулердің нәтижесінде өзара әрекеттесулердің түрлері анықталған:достық, бәсекелестік және қақтығыстық (конфликт).
Қарым-қатынастың перцептивтік жағы - қарым-қатынас серіктестерібірін-бірі қабылдап, түсінуімен сипатталады. «Әлеуметтік перцепция» терминіалғаш рет 1947 жылы Дж.Брунердің «Қабылдауға арналған жаңа көзқарас» деген еңбегіне енгізілді.
Моральдық сезімдер - қоғамдық өмірдің талабына сәйкес көрінетін адамсезімдерінің бірі. Оларға: жолдастық, достық, махаббат, адамдық, шыншылдық,ар-намыс, борыш, жауапкершілік, ұят, ұлттық мақтаныш және т.б. енеді.