ҚОСЫМША Тұлғааралық өзара әрекеттестік стилін анықтауәдістемесі (С.В.Максимов, Ю.А.Лобейко бойынша) Бұл әдістеме тұлғалардың өзара әрекеттестіктегі белсенділігі немесе енжарлығы деңгейін анықтауға көмек береді.
Нұсқау: Әрбір айтылымды мұқият оқып және онда келтірілген сіздің әдеттегі өзгелермен қарымқатынасыңыздағы әрекеттер көрінісі жиілігін бес баллдық жүйемен бағалаңыз.
Әркім өз талантын өз қалауынша пайдаланады деп есептеймін
5 4 3
2 1
Нәтижелерді өңдеу және интерпретациялау 1,5, 9,13,17 әрекеттер – бағыттамалық, нұсқаушылық стильді ұстанатындығын көрсетеді.
3,7, 11,15,19 әрекеттер – алқалық стильдің басымдығын бейнелейді.
4,8,12,16,20 әрекеттер – өзге адамдардың ісіне араласпаушылық индикаторы болып табылады.
2,6,10,14,18 – Іскерлік стильді ұстанатындығын айқын бейнелейді.
Әр топтан ең көбі 25 балл жинауға болады.
Егер қандайда бір топтан 12-14 балл жиналған болса, онда зерттелінуші сол әрекеттестік стилін аракідік ұстануға бейімдік танытады. сауалнама бойынша жалпы көрсеткіш 70-80 балл адамдармен әрекеттесуге ұмтылысты білдіреді. 30-40 баллдық көрсеткіш топтық әрекеттестіктегі тұлғалық енжарлықты білдіреді.
«Ашуыңызды ірке білесіз бе?»әдістемесі Бұл тест 20 сұрақтан тұрады. Әр сұрақтың 3 жауабының біреуін таңдау керек. Мұғалімнің бәрі бірдей емес. Әр мұғалімнің шыдамдылығы әр алуан.
Егер басшымен ұрысысып қалсаңыз, татуласуға жол іздейсіз бе? 1) Әрқашан; 2) Анда-санда; 3)Ешқашан;
Қиын жағдайда өзіңізді қалай ұстайсыз? 1) Ішімнен ашуланамын; 2) Үндемеймін; 3)Өз-өзімді ұстай алмаймын;
Әріптестеріңіз сізді қандай адам деп санауы мүмкін? 1) Өзімшіл және қызғаншақ; 2) Мейірімді; 3) Салмақты және өзөзіне сенімді;
Егер сізге жауапты жұмыс берілсе не істейсіз? 1) Сенімсіздікпен келісім беремін; 2) Ойланбай келісем; 3) Өзімнің тыныштығым үшін келіспеймін;
Егер сіздің рұқсатыңызсыз үстеліңізден біреу қағазыңызды алды, сіздің әрекетіңіз? 1) Ашуланамын; 2) Орнына қайтаруды талап етем; 3) Неге қажет болғанын анықтаймын.
Егер сіздің күйеуіңіз (әйеліңіз) жұмыстан кешігіп келсе оны қалай қарсы аласыз? 1) Сен неге кешіктің? 2) Қайда қаңғыдың? 3) Мен енді уайымдай бастадым.
Сіз өзіңізді машинаның рөлінде қалай ұстайсыз? 1) Алдындағы машинамен жарысамын; 2)Бәрібір, қанша машина озады;
3) Машинамнан оздырмаймын.
Өмір Сіз үшін қандай? 1) Орташа; 2) Жеңіл; 3) Қатты.