2. Педагогтың өзін-өзі үздіксіз жетілдіру қажеттілігі. Кәсіби іс-әрекетін іске асыру барысында мұғалім түрлі педагогикалық әрекет түрін атқарады, жетекші, тәрбиеші, пән мұғалімі, ұйымдастырушы, ұжым мүшесі. Кәсіби міндетін атқару үшін мұғалімге педагогикалық ғылым негізінде әдіснамалық, теориялық білім талап етіледі. Білім теориясы, оқыту мен тәрбиелеу әдістемесі, жоғары мектепке жетекшілік етумен басқару теориясы. Сондықтан жалпы педагогикалық білім жүйесін болашақ мұғалімдері өзара байланысты, өзара шартты, жеке мәнді тұтас жүйе ретінде меңгеруі тиіс.
Сәйкесiнше өз мамандығы мен өзін-өзі бағалау мәселесі туындаған жағдайды жағдаяттық сипатта шешуге байланысты болады
(мектептiң әкiмшiлiгiмен қарым-қатынастар тәртiбін реттеу, ұжымды
ұйымдастыру және тағы басқалар).
А.К.Маркованың мұғалімнің кәсіби деңгейге көтерілуін анықтайтын келесідей психологиялық критерилерді атаған:
объективті,
субъективті,
нәтижелі,
шығармашылық.
Болашақ маман дайындау мәселесі оның тұлғалық сапалары мен қасиеттерінқалыптастырудың маңызын көрсетеді. Тұлғалық-бағдарлық бағытта білім беру нәтижесі білім, біліктілік және дағды жүйесінде, шығармашылық іс-әрекеттәжірибесіне және эмоционалды көңіл-күйді көрсете білуге, ерікті қарым-қатынасқа педагогикалық бейімделген тұлғаны қалыптастыру ретінде іскеасады.
Өзін-өзі жетiлдiрудегі тәжірбие кәсiби жетілдірудің алғышарты бола отырып, маман ретіндегі өз тұлғасын саналы түрде дамытуға негіз болады:
педагогикалық қызметтiң талаптарына сай өзінің қайталанбас ерекшелiктерiн бейiмдеу, кәсiби бiлiктiлiктi тұрақты түрде жоғарлату және тұлға ретінде әлеуметтiк-адамгершілік қасиеттерін үздiксiз дамыту.
Өзін-өзін кәсiби жетілдіру, кез-келген басқа қызмет сияқты, өз негiзінде аса күрделі себеп-салдар жүйесі мен белсендiлiк көздеріне ие. Әдетте мұғалiмнiң өзін-өзі өзгертуге қажеттілігі мен өздiгiнен жетілдіруге құлшынысы қозғаушы күш ретінде танылады. Белсендiлiктiң сыртқы көздерi (қойылған талап және қоғамның кҥтуi) өзөзін жетілдіруді арттырады, немесе мұғалiмнің алуан түрлi айлаларға баруына апарып соғады. Мұндайқайшылықтардың психологияда көптеген компенсаторлық механизмдері бар: ұтымды ету, инверсия, проекция, «шындықтан қашу» тағы басқалар.
Өзін-өзі тәрбиелеу процесінің сыртқы факторлары:
педагогикалық ұжым; - мектепті басқару стилі; - бос уақыт.
Педагогикалық ұжымға алғаш келген педагог оның талаптарын, принциптерін, сындарын көріп, кәсіби идеал талаптарына үйренеді. Мектеп басшылары педагогтарға жағдайлар тудыруы керек.
Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу процесінде бір-бірімен тығыз байланысты 3 кезеңді көрсетуге болады:
өзін-өзі тану;
өзін-өзі бағдарламалау; - өз-өзіне әсер беру.
Оқыту мен тәрбие үрдісін мұғалімнің жеке басының жігерлендіретін ықпалынсыз елестету мүмкін емес. «Тәрбиеде барлығы да тәрбиешінің жеке басына негізделуі тиіс... Ешқандай жарғы және бағдарлама, ешқандай оқу орнының жасанды орталығы, қаншалықты жетілдіргенмен, тәрбие ісінде жеке адамды алмастыра алмақ емес. Тәрбиешінің тәрбиеленушіге тікелей әсерінсіз мінез-құлыққа сіңерліктей шын тәрбие беру мүмкін емес».
Біліктілік көтеру немесе педагогикалық ЖОО базасында мұғалімдердің алған арнайы білімдері практикалық тұрғыдан қорытылып, мектепте сыннан өткізуді қажет ететіндігі аңғарылады. Бұндай жағдайда мектепте арнайы ұйымдастырылған әдістемелік жұмыстардың жүйесі мұғалім үшін баға жеткіліксіз көмек бола алады. Әдістемелік жұмыстар дербес және жеке ерекшеліктер ескерілген жағдайда мұғалімдердің ғылыми-әдістемелік дайындығын жетілдірудегі өмірлік және кәсіптік бағдары, кәсіптік деңгейі мен тәжірибесі ескерілуі тиіс.
Ал мектептегі әдістемелік жұмыстардың жалпы міндеттерін былайшатұжырымдауға болады: мектептің педагогикалық ұжымының педагогикалық тәжірибесін жүйелі түрде зерттеу, жинақтау және тарату, педагогика ғылымының жетістіктерін жұмыста қолдану қызметінде инновациялық бағыттылықты қалыптастыру; мұғалімдердің теориялық (пәндік) және психологиялық-педагогикалық дайындық деңгейін көтеру; жаңа оқу бағдарламаларын жоспарлап, мемлекеттік білім стандарттарын оқып, үйренуді ұйымдастыру; оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологиясын, түрлері мен
әдістерін байыту; жаңа нормативтік құжаттар, нұсқау-әдістемелік материаддармен
танысуды ұйымдастыру; ғылыми-әдістемелік көмекті дербес және жеке ерекшеліктерді ескеріп ұйымдастыру - пән мұғалімдеріне, сынып жетекшілері мен тәрбиешілерге, педагогикалық жұмыста белгілі бip қиындыққа кезіккен жас мұғалімдерге, педагогикалық білімі жоқ жас мұғалімдерге және т.б, мұғалімдердің өздігінен педагогикалық білім көтepyiнe кеңес беру; жалпы кәсіптік-педагогикалық мәдениет деңгейін көтеру.
Шығармашылық жұмыстарын жандандыруға ықпал ететін шығармашылықтоп құрылып, төмендегі бағыттар бойынша жұмыс жүргізілуі керек;
біріншіден,оқушыларды ғылыми зерттеу жұмысына баулу,
екіншіден, мұғалімдер білімінжетілдіру мақсатында семинарлар, конференциялар, апталықтар өткізілуі тиімдіболады.
үшіншіден, мұғалімдер жұмысын дамыту үшін әдістемелік апталық пен оқулар ұйымдастыру,
Мұғалімнің өзінің педагогикалық білімін көтеруі - оның өз бетінше педагогикалық құндылыктар, технология, шығармашылық тәжірибелерді игepyi арқылы іске асады. Оның мазмұны психологиялық-педагогикалық және арнайы білімдердің, педагогикалық жұмысты ғылыми ұйымдастырудың негіздерін, жалпы педагогикалық мәдениетін қамтиды.
Мұғалімге өз білімін көтеру жұмыстарын ұйымдастыруға көмек көрсеткенде ғана оның кәсіптік қызметіндегі қажеттілігі, жеке қызығушылығы ecкepілyi тиіс.
Мектепте арнайы ұйымдастырылған әдістемелік жұмыс мұғалімдердің жеке қажеттілігін ескеріп жоспарластырылғанда мұғалім ұжымдық оқу түpiнe тартыла отырып, өзін кызықтырған сұрақтарға жауап таба алады. Эрудицияға жету жолындағы ҥздіксіз білім алу,ой еңбегінің мәдениетін игеру, рефлексияға қабілеттілігі, шығармашылық белсенділігі, қатынас және сезім мәдениеті жатады.
Мектептегі талаптардың өзгеріп отыруы мұғалімнің үнемі өзінөзі жетілдіріп отыруын талап етеді.Қазіргі кезде мұғалімдер өз білімдерін «Назарбаев зияткелік мектептері» ААҚ-ның педагогикалық шеберлік орталығы біліктіліктілігін арттыру курсы бағдарламасы аясында мұғалімдердің білімдерін жетілдіріп сертификатар беруде. Ол бағдарлама «Назарбаев зияткерлік мектептері» ААҚ-мен Кембридж университетінің білім беру факультеті арасындағы келісім аясында жасалған.
Дайындықтан өткен мамандар Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептерінің ұстаздарын арнайы деңгейлі бағдарлама барысында оқытады. Сабақтарды өткізу «face to face» («бетпе-бет») шағын топтағы аудиторлық сабақтар мен и (онлайн-режимінде) қашықтықтан оқыту технологиясына сай құрылған.
Курстардың басым бағыттарын 7 модуль құрайды: