3. Педагогикалық рефлексия және оның маңызы. «Педагогикалық шеберлік негіздері» курсы және басқа да психология, педагогика, педагогика тарихы пәндері студентке кәсіби дайындықты қалыптастыруы жайында түсінік беруі керек.
Педагогикалық шеберлік:
пәндік білімі (кәсіптік құзырлылық, арнайы кәсіби даярлығы, оқыту мен тәрбиелеудегі тәжірибесі, ғылыми біліктілігі);
педагогикалық технология (сөйлеу мәнерінің техникасы, ойлау логикасы мен нақтылығы, талдауларының нақтылығы, бейнелі көрсетілімдері, қажетті құралдарды таңдай білу дағдысы, формалары мен тәсілдері);
педагогикалық шығармашылық (шығармашылық талдау, стандартты емес ойлау, жаңа ақпараттар іздестірудегі қажеттілік, экспериментке ұмтылыс);
педагогикалық стиль (педагогикалық нақтылық, өзінің және өзгенің әрекетін қабылдай және бағалай білу дағдысы, педагогикалық бағыттағы тіл табысу мен әрекетшілдік, педагогикалық тактика мен этика, тыңдай және тыңжата білу дағдысы, адамдардың ішкі дүниесін тануға қызығушылық).
Шығармашылық – барлық әрекеттің сапа белгісі, ал шығармашыл мұғалім – барлық реформаның негізгі кейіпкері.
Шығармашылық – мәселені белгілі тәсілдермен шешуге болмайтын жағдайда туындайды. Дегенмен, бұл қисынсыз шешім қабылдауға әкелетін әрекет әр түрлі деңгейде, бірнеше кезеңдердентұратын күрделі психологиялық үрдіс. Осы мәселені зерттеген ғалымдар педагогикалық шығармашылық төмендегідей кезеңдерден тұратынын анықтаған;
педагогикалық ойдың пайда болуы;
түпкі ойды талдау;
педагогикалық ойды әрекетке айналдыру;
шығармашылықтың нәтижесін талдап бағалау (В. А. Кан-
Шығармашылық әрекетке мұғалімнің өз еңбегі сыни тұрғыдан қайта қарауы, қанағат табуы, оны орындаудағы дербестігі, жағымды мотивацияның қалыптасуы, т.б. орын алады.
«Шығармашылық-проблемалық сипаты бар, барлық ішкі байланыстарды біріктіретін, нәтижеде жаңа материалдық және идеалдық құндылықтар алынатын адамның мақсатты әрекеті» деген тұжырым жасауға болады.
Мұғалімдердің өз білімін көтеруге қатысуы оның педагогикалық, әлеуметтік, кәсіби әрекетіндегі мәселелерді табысты шешуін қамтамасыз етеді, басқаша айтсақ, кәсіби шығармашылығын дамытады.
Шығармашылық жолы – ол үміттер мен күдіктер, жеңілістер мен жеңістер жолы. Осы жолдан өзіне сабақ ала білу, өзінің жетістіктері мен кемшін тұстарын талдай алу – мұғалімнің өзін-өзі шығармашылықпен дамытудағы стратегиялық бағыттары болып табылады.
Әрекет – іс-қимыл бірлігі, саналы түрдегі, мақсатқа жетуге бағытталған тікелей жасалатын, еркін ниеттілік, белсенділік. Әрекетте адам субъект ретінде танылып, оның жасампаздығы, іскерлігі, қайраткерлігі қалыптасады.
Рефлексия – (лат; «бейнелеу» деген сөз, өз ойларын, бастан кешіргенін талдау). Адам санасының өзін-өзі білуге, ішкі жан дүниесін, психикалық жай-күйін тануға бағытталуы.
Педагогикалық рефлексия– ішкі психикалық-педагогикалық актілер мен күйлерді субъектінің өзіндік тану үрдісі.
Рефлексология – орыс ғалымы В. М. Бехтерев (1857-1927) негіздеген механикалық бағыт. Рефлексия адам психикасының әрекетін сыртқы ортаның жүйке жүйесіне әсер етіп, оған тітіркенуі деп санады да психика мен сананы зерттеуден бас тартты.
Мұғалімнің рефлексиялық қызметінің мақсаты: педагогикалық әрекеттің негізгі компоненттерін есіне түсіріп, олардың мәнін, алынған нәтиженің «дұрыс» не «бұрыс» болғанын дәлелдей алу, қолданылған әдіс пен құралдардың тиімді не тиімсіз болғанына байланысты өзіндік көзқарасын білдіру. Орындалып өткен әрекеттің нәтижесін зерттеу. Тек қана сонда ғана алдағы жұмыстарда дұрыс мақсат қойып, алға қарай шығармашылықпен жылжудың жобасын жасау мүмкін болады.
«Рефлексия» - адамның өз істерінің мәнін түсіну, олар туралы ойлану барысында өзіне өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беруі немесе өзі әрекет барысында басшылыққа алған ережелер мен кестелерді мойындауы не жоққа шығаруы. Бұдан басқа да рефлексия жайында айтылған философиялық ойлар негізінен «адамның өзіне бағытталған зерттеу жұмысы», «өзіңнің ақылың мен рухыңды өзіңнің бақылауың » дегенге келіп саяды.
Рефлексияның мәні– адам өзінің білімін, білімнің негізін, оларды меңгерудің жолдарын анықтау. Рефлексияны ойлау, ес, сана сияқты танымдық үрдістер адам табиғатына тән болғандықтан олардан бөліп қарауға болмайды.