Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы сюжетті-рөлдік ойындарды модельдеу


Құрылыс материалдардан құрастыруға және салған заттармен ойнауға үйрету



бет6/45
Дата31.08.2023
өлшемі342,5 Kb.
#105730
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Құрылыс материалдардан құрастыруға және салған заттармен ойнауға үйрету: үлгіні қарау; құрастыру тәсілдерін көрсету; сызбаларды, суреттерді, фотосуреттерді, кестелерді, модельдерді қолдану; құрастырған заттармен ойнау үшін материалдарды іріктеу; қағаздан, қатты қағаздан, табиғи және қосалқы материалдардан ойыншық жасауға үйрету.

Балабақшадағы тәрбиеші уақыт мүмкіншілігі тапшылығына байланысты балаларға нақты ойын тәжірибесін біртіндеп жинау және жалпылау барысында белгілі бір ойын дағдаларын меңгеруге себеп болатын бірлескен ойынның осындай көлемін қамтамасыз ете алмайды.
Ойын дағдыларын қалыптастыру үшін ойынды тиісті жас кезеңінде балалар ойын құрудың жаңа, күрделі әдісін қолдануға қажеттілігі туындайтын түрде ұйымдастыруға болады.
Бұл жағдайда балалар бастапқы кезде әдісті жаңадан «ашып», оны ересек адаммен бірге «таза» түрінде қолданып, кейін әр түрлі мазмұны нақты өзіндік ойынға апарады.
Шартты ойын әрекеттер қалыптасу кезеңінде ересек адам көбіне ойынның «бір тақырыбын, бір сюжетін» әрекеттердің мағыналы тізбегі ретінде өрістетіп, балаларға сюжеттің дәл осы аспектін атап көрсету тиіс.
Рөлдік жүріс-тұрыстың қалыптасу кезеңінде тәрбиеші үшін кейіпкерлердің (рөлдердің) іліктес жүйесі ретіндегі бір кейіпкердің басқаларымен қарым-қатынасы, жаңа кейіпкерлерді енгізу арқылы және «көп кейіпкерлі» сюжет негіз болу тиіс.
Жаңа сюжеттерді құру біліктерінің қалыптасу кезеңінде тәрбиеші мен балалардың бірлескен ойында әр түрлі оқиғаларды құрамдастыруды болжайтын, жаңа оқиғалардың қатарын қарастыратын «көптақырыпты» сюжеттерді өрістеру керек.
Балаларды ойынға тартып, олармен бірге ойнау үшін тәрбиешінің өзі белгілі бір түрде құрылған сюжетті «тірідей» ойын процесінде балаларды қызықтыратын тақырыпқа сүйеніп, еркін өрістетуге үйрену керек.
Ересек адамның ойын процесінде балалардың ұсыныстарын қабылдап, баланың ойластырған ойын әрекетін жалғастыра алу, жаңа кейіпкерді (сондай-ақ, ойын рөлін) енгізе алу, құрастырғанды аяқтау, бала ұсынған оқиғаны өрістету шеберлігінен балалар үшін ересекпен бірлескен іс-әрекеттің тартымды және қалыптастыратын әсердің табысты болуы байланысты.
Тәрбиеші ойын сюжет-оқиғалардың элементтеріне, кейіпкерлеріне (рөлдерге), олардың әрекеттеріне сүйеніп, еркін пайдалану тиіс, әр жастағы балалармен сюжеттерді өрістете алу тиіс.
Балалармен бірлесіп ойнағанда да, өзіндік іс-әрекетері үшін жағдай жасаған кезде де, ересек тарапынан мәжбүрлеу, тақырыптарды, ойын рөлдерін, ойын түрін (өздік немесе бірлескен) міндеттеу мүлде жарамайды.
Балалардың бойында балабақшада «өз еркінше емес, бұйрық бойынша ойнау керек» деген сезім тудырмау тиіс. Жалпы, педагогикалық процесте ойынға қатысты бір бірімен тығыз байланысы бар екі құрамдас бөлікті ажырату қажет: ойын процесінде жаңа біліктері қалыптасатын балалар мен тәрбиешінің біріккен ойыны, және балалардың өздік ойыны, оған тәрбиеші тікелей қатыспайды, тек ойын белсенді болу үшін және балалар меңгерген ойын біліктер арсеналындағы ойын дағдыларын қолдану үшін жағдай туғызады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет