Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы сюжетті-рөлдік ойындарды модельдеу


Балабақшада ойынды ұйымдастыру қажет



бет5/45
Дата31.08.2023
өлшемі342,5 Kb.
#105730
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Балабақшада ойынды ұйымдастыру қажет:
Біріншіден, тәрбиеші мен балалардың бірлескен ойыны ретінде, ересек ойнайтын серік ретінде болып, сонымен қатар, ойынның ерекше «тілін» білетін адам ретінде болады. Балалардың әрбір ойластыруын қабылдайтын тәрбиеші және оның шынайы эмоционалды жүріс-тұрысы баланың өзін емін-еркін сезінуін, ойыннан ляззат алуын, ойын тәсілдерімен өзі меңгеруіне деген ынтасының қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Екіншіден, әрбір жас кезеңдерде ойын балалардың еркін дербес іс-әрекеті ретінде болуы тиіс, ойында балалар барлық өздеріне қол жетерлік ойын әдістерін қолданатындай, бір бірімен еркін бірлесіп, қарым-қатынас орната алатындай, ересектерден тәуелсіз балалық шақ әлемі қамтамасыз етіледі.
Балалардың дербес ойыны көбіне заттық-ойындық ортаны ұйымдастырылуына және сәйкес ойын материалдарды іріктелуіне байланысты. Балалардың сюжетті ойынының заттармен жабдықталуы бұрынғыдан икемді болу керек, тәрбиеші және балалармен бірге (бұдан әрі балалардың өздерімен) ойын басталмай тұрып ұйымдастырылуы керек.
Сюжетті-рөлді ойынды дер кезінде қалыптастыру үшін кешенді басқару әдісін қолдану ең тиімді болып табылады.
І. Ойынды басқару кешенді әдісі бір-бірімен байланысты компоненттерді қамтиды: балалардың белсенді іс-әрекетте айналамен танысуы; үйретуші ойындар; заттық-дамытушы ортаны ұйымдастыру; ойын процесіндегі ересек пен баланың қарым-қатынасы.
ІІ. Балаларды білімдермен, әсер алумен байыту. Түсініктерді қалыптастыру: бақылау; экскурсиялар (алғашқы, екінші, қорытынды); шығармашыл мамандық өкілдерімен кездесу; көркем әдебиет оқу; тәрбиешінің әңгімесі; сұхбат-әңгіме; белгіленген тақырыптар бойынша балалардың әңгіме құруы; балалармен жеке әңгімелесу; әдеби туындылар бойынша сахналау (әдеби сюжеті бойынша, туындының басын немесе соңын өзгертіп); қиял-ойын; эстетикалық әңгімелесу.
IIІ. Шығармашылық іс-әрекеттің қалыптасуы мен дамуына себеп болатын әдістер: ұсыныс; еске түсіру; кеңес; ойын материалын іріктеу; ойынды ойластыру бойынша сұхбат-әңгіме; тапсырыстар; сұрақтар; түсіндіру; сурет материалдарды қолдану; костюм элементтерін әзірлеу; балалармен бірге орындау; тәрбиешінің ойынға қатысуы (бір баламен ойнау, бастаушы немесе жетекші рөлді орындау).



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет