Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы сюжетті-рөлдік ойындарды модельдеу


«Құтқару қызметі» сюжетті-рөлдік ойыны



бет40/45
Дата31.08.2023
өлшемі342,5 Kb.
#105730
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
«Құтқару қызметі» сюжетті-рөлдік ойыны


Ұйымдастыру жұмысы:
Көркем шығармалар оқу
- Б. Житков «Опырылып құлау»,«Көмек келе жатыр»;
- С. Маршак «Өрт», «Белгісіз батыр туралы әңгіме»;
- К. Чуковский «Айболит».
Өнімді іс-әрекет түрлері
- плакатқа сурет салу: бір жері сынғанда, буынын шығарып алғанда көмек көрсету (балалардың тілегі бойынша).
Балалармен әңгімелесу
- «Құтқару қызметі деген не?», «Онда кім жұмыс істейді?», «Құтқару қызметіне ерекше таңдау не үшін қажет?» және т.б.
Дидактикалық ойындар
- «Кімге нешеу керек?»;
- «Кімде осынша бар?»;
- «Қай ойыншық жасырылған?»;
- «Мамандықтар»;
- «Құтқарушы мәшинелер».
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
- қоршаған ортамен таныстыру - «Құтқарумен тікелей айналысатын адаммен көзбе-көз тілдесу;
- сурет салу - «Өрт сөндіргіш мәшинелер», «Құтқару қызметі»;
- валеология - «Қауіпсіздік мектебі. Мен көшеде келе жатырмын», «Қауіпсіздік мектебі. Мен үйде отырмын»;
- жапсыру - «Жедел жәрдем», «Желкенді қайық»;
- құрастыру - «Кемелер».
Ата-аналармен жұмыс
- ойынға қатысу (тілегі бойынша);
- құтқарушылардың қызметі туралы телехабар қарау, ол туралы әңгімелесу.


«Құтқару қызметі» сюжетті-рөлді ойынының
технологиялық картасы


Мақсаты: әлеуметтік шығармашылыққа жағдай жасау және ынталандыру, ойын желісіне сәйкес шағын топтарға бөліне білуді және белгілі бір ойын әрекеті аяқталғанда тұтас ұжымға біріге білуді қалыптастыру. Құтқару қызметі жұмысының гуманистік бағыттылығы, оның қажеттілігі, төтенше жағдайларда олардың жылдам әрекет ететіні туралы балалардың түсініктерін кеңейту. Балалардың тілін дамыту.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет