Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы сюжетті-рөлдік ойындарды модельдеу



бет23/45
Дата31.08.2023
өлшемі342,5 Kb.
#105730
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   45
Байланысты:
СЮЖЕТТІ-РӨЛДІК ОЙЫНДАРДЫ МОДЕЛЬДЕУ «МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ (1)

Өнімді іс-әрекет түрлері
- топ бөлмесін безендіру (үстелдер, орындықтар – мектептегідей дәстүрлі етіп қою);
- қажетті атрибуттарды дайындау.
Балалармен әңгімелесу
- «Мектеп деген не?», «Мектепке не үшін барамыз», «Сендерді бірнәрсеге үйрететін адамды қалай атайды?».
Дидактикалық ойындар
- «Әрбір қатардағы қандай сурет артық»;
- «Сөзді аяқта»;
- «Қимылмен еліктеу, етістіктермен сөздерді кеңейту».
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
- жақын жердегі мектепке саяхат;
- «Мамандықтар» тіл дамыту;
- «Аңдарға арналған мектеп» құрастыру.
Ата-аналармен жұмыс
- үйде ойын (балалардың қалауы бойынша)
«Мектеп» сюжетті-рөлді ойынының
технологиялық картасы


Мақсаты: балалардың мектепке, мұғалімнің әрекетіне қызығушылығын іс жүзінде іске асыру үшін жағдай туғызу. Балаларды өздігінен рөлдерді бөлуге және өзіне берілген рөлге сәйкес әрекет етуге үйрету. Ойдағы жағдаятты түсіну және соған сәйкес әрекет ету. Баланың әлеуметтік белсенді саласын және оның ересектер мен балалардың түрлі позицияларда (мұғалім-оқушы-мектеп директоры) орын алатын мүмкіндіктерін айтып мектеп тіршілігі туралы ұғымын кеңейту



Жағдаят

Атрибуттар

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың
іс-әрекеті

Мектепке бару. Мектепке дайындық, мектепке қажетті құрал жабдықтар алу. 1 қыркүйек, салтанатты жиын, сабақ, үзіліс, үйге қайту.

Мектеп құралдары, тақта, журналдар, карталар, атластар, күнделіктер.

Директор ролінде оқушыларды қабылдауға мектептің дайындығын тексереді, Білім күні мерекесінің сценариін ойластырады, сыныптарды безендіруге көмектеседі, оқушыларды сынып бойынша бөледі.



Мұғалімдер оқушыларды қарсы алады, оларды мектептің ауласына мерекеге қатарға тұрғызады, сыныптарға апарады, сабақ жүргізеді, баға қояды, дәптерлер тексереді, үзілісте балалармен бірге ойнайды. Оқушылар 1 қыркүйек туралы тақпақтар оқиды, мұғалімдерге гүл сыйлайды, партада отырады, сұрақтарға жауап береді, қолдарын көтереді, ойнайды, кітапханаға, асханаға барады. Ата-аналар балаларын мектепке жаздырады, балалармен бірге кеңсе тауарларын және мектепке арналған кітаптар сатып алады, портфельдерін жинауға көмектеседі, балаларын мектепке алып келеді, ата-аналар жиналысына келеді.
Оқу іс жөніндегі орынбасар сабақ кестесін құрайды, сабақтарға қатысады, мұғалімдердің жұмыстарын бақылайды, үзіліс кезінде оларға ойындарда көмектеседі. Кітапханашы балаларға үйде оқу үшін кітап береді, кітаптарды талқылауды ұйымдастырады. Буфетші әйел балаларға самса, шай, тәттілер сатады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет