Машина-ларды, автобустар-ды сапарға дайындау. Инспектор-дың жұмыс орындарын анықтау, жоспарлар-мен жұмыс. Машинаға құжаттар рәсімдеу. Инспектор-лардың жол полициясы-ның бастығына есеп беру.
|
Рульдер, жоспарлар, жолдың сызбалары. Түрлі құжаттар (автомобиль-дердің техникалық паспорты, жүргізу куәлігі). Автомобиль-дерді жөндеуге арналған құрал-саймандар жиынтығы, жол белгілері, бағдаршам, сақтандыру карточкалар. Автокөлік дәрі қобдишасы, телефондар, таяқшалар, ысқырықтар, жүргізушінің куәлігі.
|
Ойын барысында қажетті құралдармен қамтамасыз етеді, тәрбиеші ол және «гараж мегерушісі» де, «механиктерге» жөн сілтейді, телефонмен тасымалдауға сұраным алады, «жүргізуші-лерге» бағыт қағазын таратады, жолда жүру ережесін естеріне түсіреді, «қозғалыс инспекторына» көмектеседі, балалармен бірге бақылау жасайды, қажет жағдайда ойынға араласады немесе қосылады.
|
Диспетчер жүргізушілерге жолда жүру үшін берілетін жолдама таратады. Жүргізуші сапарға аттанады, машинаның дайындығын тексереді, машинаға жанар май құяды, досының машинасын буксирге алады, белгіленген жерге жүкті жеткізеді. Бензин құйып беруші кезекке тұруды орнатады, жанар май құятын жерде көмек көрсетеді. Жолаушы билет сатып алады, аялдамадан түседі, өзін-өзі ұстау ережесін сақтайды. Механик жөндеу жұмыстарын жүргізеді, жолда жүру үшін берілетін жолдамаларды толтырады, сапарға шығар алдында машинаның жағдайын тексереді. Автотұрақ күзетшісі машиналарды тұраққа сиыстыруға көмектеседі, оларды күзетеді. Инспекторлар қозғалыстарды реттейді, құжаттарды тексереді, көшедегі тәртіп ережелерін бұзушыларды қадағалайды, айыппұл жазып береді.
|