Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы сюжетті-рөлдік ойындарды модельдеу


«Дәмхана. Макдональдс. Пиццерия» сюжетті-рөлдік ойыны



бет34/45
Дата31.08.2023
өлшемі342,5 Kb.
#105730
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   45
Байланысты:
СЮЖЕТТІ-РӨЛДІК ОЙЫНДАРДЫ МОДЕЛЬДЕУ «МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ (1)

«Дәмхана. Макдональдс. Пиццерия» сюжетті-рөлдік ойыны


Ұйымдастыру жұмысы:
Көркем шығармалар оқу
- Б. Житков «Менің көргенім» (шығармадан үзінді);
- Д. Родари «Қолөнер деген не?»;
- П. Воронко «Бәліш».
Өнімід іс-әрекет түрлері
- ас мәзірін жасау;
- майлықтарды әдемілеп қою;
- пиццалар мен тәтті тоқаштарды салу үшін қораптарды дайындау.
Балалармен әңгімелесу
- «Пиццерия» туралы түсінікті ашып айту, бұл жерде не пісіретіндігін айтып беру, балаларға пиццадан дәм татқызу.
- «Макдональдс» деген не екендігін түсіндіру.
Дидактикалық ойындар
- Айгүл қуыршағына арналған ас-шай;
- дастархан әзірле.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
- жақын арада орналасқан дәмханаға, пиццерияға серуен жасау;
- сурет салу «Жарнама»;
- қоршаған ортамен таныстыру «Тамақтану мәдениетінің этикеті».
Ата-аналармен жұмыс
- атрибутика мен азық-түлікті таңдауға көмектесу;
- саяхатқа қатысу
«Дәмхана. Макдональдс. Пиццерия»
сюжетті-рөлдік ойынының технологиялық картасы


Мақсаты: Азық-түлік өнеркісібінің қызметкерлерінің еңбегі туралы түсініктерін нақтылау. Балаларға рөлдерді бөлуге және рөлдері бойынша әрекет етуге көмектесу, өз беттерімен қажетті құрылыстарды салуға үйрету, балалардың тілектестік-қарым қатынас дағдыларын қалыптастыру. Балаларды қоршаған орта туралы алған білімдерін ойын барысында кеңінен қолдануға ықпал ету.



Жағдаят

Атрибут
тар

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың
іс-әрекеті

Үстелді таңдау;
Ас мәзірімен танысу;
Тапсырысты қабылдау;
Тапсырысты дайындау;
Тамақтану;
Қажет болған жағдайда менеджер
мен бірге жұмыс істеу (арыздану, алғыс айту);
Тапсырыстытөлеу;
Үстел үстін жинау, ыдысты жуу.

Алжапқыш;
Ыдыс-аяқ жиынтығы;
Табақ;
Ас мәзірі;
Дастарқан;
Сүлгілер;
Майлықтар; Азық-түліктер;
Пиццерия.

Меңгерушінің рөлінде жұмысшыларды басқарады, азық-түлік, жаңа ыдыс-аяқ, жиhаз әкелу қажет екендігін естеріне салады, менеджерге дәмханада ойындармен және сайқымазақтармен балалардың мейрамын ұйымдастыру туралы хабарлауды ұсынады.
Пиццаны пісіру үшін қажетті азықты сатып алу мәселелерімен айналысады.

Менеджер жарнаманың суретін салады, телефон бойынша тапсырыс қабылдайды, жүргізушіге тапсырма береді
Аспазшылдар пиццаны, салаттар жасайды.
Кондитерлер тәтті тоқаштар жасайды, торттарды безендіреді
Даяшылар үстел жасайды, таспырыстарын әкеледі, үстел үстін жинайды
Келушілер ас мәзірінен тағам түрлерін таңдап, таспырыс береді, этикет ережелерін сақтайды, алғыс айтады, ақысын төлейді.
Ыдыс-аяқ жуушы ыдыс-аяқты жуады.
Жүргізуші — жабдықтаушы заттарды дүкендерге, балабақшаларға, жеткізеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет