Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаменті



Pdf көрінісі
бет29/32
Дата22.12.2016
өлшемі3,01 Mb.
#129
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
224 
әдістер  мен  тәсілдер  арқылы  жүзеге  асырылады  (сауал  қою,  тәжірибелік 
жұмыстар, зертханалық жұмыстар, жобалар, тест тапсырмалары және т.б.).  
Қалыптастырушы  бағалау  кезінде  білім  алушылар  пән  бойынша  жалпы 
білім берудің оқу бағдарламаларына сәйкес оқу мақсаттарына қол жеткізеді. 
Білім  алушы  белгілі  себептермен  сабаққа  қатыса  алмаған  жағдайда 
(ауруына,  жақын  туыстарының  қазасына,  конференцияға,  олимпиадаға  және 
ғылыми жарыстарға қатысуына байланысты), оқылмаған материалды мектепке 
келгеннен кейін екі апта ішінде оқу мақсаттарына жету арқылы меңгеруі қажет. 
Қалыптастырушы бағалаудың нәтижелері тоқсандық, жылдық баға қою кезінде 
есептелмейді. 
Жиынтық  бағалауды  білім  алушының  оқу  бағдарламасындағы 
бөлім/ортақ тақырыптар бойынша белгілі бір оқу кезеңінде  (тоқсан, триместр, 
оқу  жылы,  орта  білім  беру  деңгейі)  оқуды  аяқтағандағы  ілгерілеуі  туралы 
ақпаратты баға, балл қою арқылы мұғалімге, білім алушыға, ата-анаға жеткізу 
мақсатында өткізеді. Жиынтық бағалау  «Өзін-өзі тану» пәнінен басқа барлық 
пәндер бойынша өткізіледі.  
4-кесте    –  2  сынып,  бастауыш  білім  беру  оқу  бағдарламасына  сәйкес 
суммативті бағалаудың рәсімдеу саны   
39-кесте 
 
Пәндер  
Суммативті бағалаудың рәсәмделуі  
І 
тоқса
ндағы 
СБ 
саны 
І  
үші
н. 
СБ 
ІІ 
тоқсан
дағы 
СБ 
саны 
ІІ  
үші
н. 
СБ 
ІІІ 
тоқсан
дағы 
СБ 
саны 
ІІІ  
үші
н. 
СБ 
ІV 
тоқсанда
ғы СБ 
саны 
ІV  
үшін. 
СБ 
1. 
Қазақ тілі  
2* 

–шы а
пта
 
2*
 
7
-ші ап
та
 
2* 
10 
– 
ші ап
та
 
2* 
8
-ші ап
та
 
2. 
Русский язык  
2* 
2* 
2* 
2* 
3. 
Әдебиеттік оқу  
2* 
2* 
2* 
2* 
3. 
Қазақ тілі (Т2) 
2* 
2* 
2* 
2* 
4. 
Орыс тілі (Т2) 
2* 
2* 
2* 
2* 
5. 
Ағылшын тілі 
2* 
2* 
2* 
2* 

Математика 




7. 
Жаратылыстану 





Дүниетану 




9. 
Көркем еңбек 




10.  Музыка 




11.  Дене шынықтыру 




* –Тексерілетін сөйлеу қызметінің әрбір түрі үшін балдарды қою 
 
Бөлім/ортақ  тақырыптар  бойынша  пәнге  қатысты  жиынтық  бағалау 
тапсырмаларын  құрастыруды  оқу  бағдарламасы  мен  оқу  жоспары  негізінде 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
225 
мұғалім  жүзеге  асырады.  Тоқсандық  жиынтық  бағалау  тапсырмаларын 
құрастыруды  тоқсандық  жиынтық  бағалаудың  спецификациясы  негізінде 
мектептің әдістемелік бірлестіктері жүзеге асырады.  
Тоқсандық  жиынтық  бағалауды  өткізудің  кестесі  мектеп  директорының 
бұйрығымен  бекітіледі,  білім  алушылар  мен  олардың  ата-аналарына  тоқсан 
басында  жіберіледі.  Барлық  білім  алушылардың  жиынтық  бағалау  жұмысын 
орындауы міндетті.  
Тоқсандық, бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды қайта 
орындауға  (көшіруге)  рұқсат  етілмейді.  Тоқсандық,  бөлім/ортақ  тақырыптар 
бойынша  жиынтық  бағалауды  өткізу  кезінде  белгілі  себептермен  (ауруына, 
жақын  туыстарының  қазасына,  конференция,  олимпиада,  ғылыми,  спорттық 
жарыстарға  және  т.б.  қатысуына  байланысты)  келмеген  білім  алушылар 
мектепке  келген  соң  екі  апта  ішінде  тоқсандық  және/немесе  бөлім/ортақ 
тақырыптар  бойынша  жиынтық  бағалау  жұмысын  тапсыруы  қажет,  ол  үшін 
жиынтық бағалаудың қосымша нұсқалары қолданылады.  
 
Білім  алушылардың  оқу  нәтижелерінің  дұрыстығы,  айқындығы  үшін 
мұғалімдер модерация үдерісін өткізеді.  
Бөлім/ортақ 
тақырыптар 
бойынша 
жиынтық 
бағалау, 
бағалау 
критерийлері,  дескрипторларымен  бірге,  тоқсандық  жиынтық  бағалау 
жұмыстары  балл  қою  кестесімен  бірге  білім  алушылардың  портфолиосында 
сақталады.  Білім  алушы  портфолиосының  жүргізілуі  мен  сақталуына  сынып 
жетекшісі жауап береді. Портфолио білім алушылардың атаулы құжаты болып 
табылады,  ол  барлық  мұғалімдерге,  әкімшілікке,  ата-аналарға  немесе  басқа  да 
заңды  тұлғаларға  қолжетімді  болуы  қажет.    Оқу  жылы  аяқталған  соң  білім 
алушы портфолиосы олардың қолдарына беріледі.  
2-сыныпта тоқсандық және жылдық бағалардың қойылу тәртібі: 
1.
 
Сынып журналында білім алушылардың тоқсан барысындағы сабаққа 
қатысуы  белгіленеді,  оқу  бағдарламасындағы  бөлімшелердің  тақырыптары 
жазылып, осы ереженің 2-қосымшасына сәйкес білім алушылардың тоқсандық, 
жылдық  қорытынды  бағалары  бағаны  балға  ауыстыру  шәкіліне  сәйкес 
қойылады. 
2.
 
Білім  алушылардың  бөлім/ортақ  тақырыптар  бойынша  және 
тоқсандық  жиынтық  бағалаудың  балл  түріндегі  нәтижелері  электрондық 
бағалау  нәтижелерін  тіркеу  журналында  жазылады,  олар  тоқсандық,  жылдық 
баға қою кезінде ескеріледі.   
3.
 
Бөлім/ортақ  тақырыптар  бойынша  жиынтық  бағалау  нәтижелері 
туралы ақпарат осы ереженің Б-қосымшасына сәйкес білім алушылардың оқу 
жетістігі деңгейі сипатталып, рубрика түрінде білім алушыларға, олардың ата-
аналарына немесе басқа да заңды өкілдеріне ұсынылады.   
4.
 
Тоқсандық, жылдық бағалар қойылған білім алушылардың табелі ата-
аналарға  немесе  басқа  да  заңды  тұлғаларға  оқу  жылының,  әр  тоқсанның 
соңында танысу үшін беріледі. 
5.
 
Бөлім/ортақ  тақырыптар  бойынша,  тоқсандық  жиынтық  бағалау 
нәтижелерінің  50%-де  50%  пайыздық  арақатынасы  негізінде  тоқсандық  баға 
қойылады. 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
226 
6.
 
Бөлім/ортақ  тақырыптар  бойынша  тоқсандық  жиынтық  бағалаудың 
барлық  төрт  тоқсан  нәтижелерінің  50%-де  50%  пайыздық  арақатынасы 
негізінде жылдық баға қойылады.    
7.
 
2-4  (5)  сыныптың  жылдық  бағаға  «1»,  «2»  деген  баға  алған  білім 
алушыларына  педагогикалық  кеңестің  шешімімен  оқу  жылы  мазмұнын  қамти 
отырып, жиынтық бағалау ұйымдастырылады. «3», «4», «5» деген бағалар алған 
жағдайда білім алушылар келесі сыныпқа көшіріледі. «1», «2» деген баға алған 
жағдайда  мұндай  білім  алушыларға  жазғы  демалыс  кезінде  сәйкес  пәнге 
қатысты  оқу  тапсырмалары  беріледі.  Жиынтық  бағалауды  қайта  тапсыру  оқу 
жылындағы  сабақ  мазмұнын  қамти  отырып,  оқу  жылы  аяқталғаннан  кейін  3 
аптадан  соң  өткізіледі.  Жиынтық  бағалау    жұмысын  қайта  тапсырған  кезде 
қанағаттанғысыз  қорытынды  баға  алған  білім  алушылар  қайта  оқу  жылына 
қалдырылады  немесе  ата-аналарының  (немесе  басқа  заңды  тұлғалардың)  
келісімімен,  психологиялық-медициналық-педагогтік  кеңестің  ұсынымдары 
бойынша теңестіріп оқытатын сыныпқа ауыстырылады.  
8.
 
Білім  алушыларды  денсаулығына  байланысты  дене  шынықтыру 
сабағынан босату, олардың келесі сыныпқа көшуіне әсер етпейді.  
Білім алушының күнделігінде аптаның соңында мұғалім арнайы бағанда 
мәтіндік шолу және оқытудың нәтижесі бойынша ұсынымдар жасайды, балдар 
мен бағалар білім алушының күнделігіне қойылмайды.   
А қосымшасы 
 
Балды бағаға ауыстыру шкаласы 
Жиынтық бағалау 
балының пайыздық 
мазмұны  
Бағалау көрсеткіші 
Баға  
0 % 
Бағаланбады  
«1» 
1%

20% 
Қанағаттанғысыз 
«2» 
21%

50% 
Қанағаттанарлық  
«3» 
51%

80% 
Жақсы  
«4» 
81%

100% 
Өте жақсы  
«5» 
 
Б қосымшасы 
 
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың қорытындысы 
туралы ата-аналарға арналған  ақпарат (рубрикалар) 
 
Білім алушының 
аты-жөні  
_____________________  
 
_____________________ 
Пән 
 
Сынып  
_______________________ 
 
_______________________ 
 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
227 
Тоқсан ____ 
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау «_______________________________» 
 
 
Бағалау критерийлері 
Оқу жетістігі деңгейі 
 
Төмен  
Орта  
Жоғары  
(бағалау  критерийлерінің 
тұжырымдамасы)  
 
 
(бағалау  критерийлері 
бойынша 
білім 
алушылардың 
оқу 
жетістігінің 
төмен 
деңгейінің сипаты) 
 
 
(бағалау 
критерийлері 
бойынша 
білім 
алушылардың  оқу 
жетістігінің 
орта 
деңгейінің сипаты) 
 
 
(бағалау 
критерийлері 
бойынша 
білім 
алушылардың  оқу 
жетістігінің 
жоғары 
деңгейінің 
сипаты) 
(бағалау  критерийлерінің 
тұжырымдамасы)  
 
 
(бағалау  критерийлері 
бойынша 
білім 
алушылардың 
оқу 
жетістігінің 
төмен 
деңгейінің сипаты) 
 
 
(бағалау 
критерийлері 
бойынша 
білім 
алушылардың  оқу 
жетістігінің 
орта 
деңгейінің сипаты) 
 
 
(бағалау 
критерийлері 
бойынша 
білім 
алушылардың  оқу 
жетістігінің 
жоғары 
деңгейінің 
сипаты) 
Мұғалімнің қосымша 
пікірлері: 
 
(мұғалімнің пікірі) 
 
 
Мұғалімнің аты-жөні: _________________________________ 
 
Қолы:_______________ 
 
Күні_____________ 
 
 
 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
228 
Вқосымшасы 
 
1-4-сыныптарда  сынып журналын жүргізуге арналған  
НҰСҚАУ 
 
1. Сынып  журналы - мектептің әр мұғалімі үшін жүргізу міндетті болып 
табылтын мемлекеттік құжат.  
2.  Мектеп  директоры  мен  оның  оқу-тәрбие  ісі  бойынша  орынбасары 
сынып  журналдарын  сақтауды  және  дұрыс  жүргізілуін  жүйелі  тексеруді 
қаматамасыз етуге  міндетті.  
3.  Сынып  журналы  бір  оқу  жылына  арналған.  Қатар  сыныптардың 
журналы мына литерлермен нөмірленеді. Мысалы, 1 «А» сынып, 1 «Б» сынып, 
1 «В» сынып және т.б. 
4.  Директордың  оқу-тәрбие  ісі  бойынша  орынбасары  (директор) 
бастауыш  сынып  мұғалімдеріне  журналдың  беттерін  бөлу  туралы  нұсқау 
береді.  Бір жылғы оқу жоспарындағы әр пәнге берілген   сағат санына сәйкес 
оқушылардың үлгерімі мен сабаққа қатысының ағымдағы есебіне бөлінеді.  
5.  Мұғалім  әр  сабақта  оқушылардың  сабаққа  қатысын  жүйелі  белгілеп 
отыруға міндетті. Мұғалім журналдың ашық бетінің сол жағына сабақ өткізген 
күнін  жазуға,  сабаққа  қатыспаған  оқушыларды  «ж»  әрпімен  белгілеуге 
міндетті.  Мұғалім  журналдың  ашық  бетінің  оң  жағына  сабақтың  ең  жоғарғы  
балдарын, 
тарау 
бойынша 
оқушылардың 
жиынтық 
бағаларының 
қорытындысын  белгілеуге  міндетті    /  ортақ  тақырыптар,  тоқсандық,  тоқсан 
бойынша бағаларының есебінің нәтижесін шығару/, сондай-ақ, сабақта өтілген 
тақырыпты  және  үйге  берілген  тапсырманы  жазуға  міндетті.    «Мұғалім 
ескертпесі»  бағаны  жекелеген  оқушылардың  тәртібі,  оқу  жұмысынан  алға 
жылжуы  немесе  қалып  қоюы  туралы      мұғалім  ескертулерін  жазуға  қызмет 
етеді.   
6. Оқушылардың тарау бойынша жиынтық бағалау қорытынды балдары / 
ортақ  тақырыптар,  тоқсандық,  тоқсан  бойынша  бағаларының  есебінің 
нәтижесін  шығару/  екі  күннің  ішінде  аталған  жұмыстарды  өткізген  соң 
журналдың бағанына  қойылады.   
7.  Өткізілген  практикалық  және  зертханалық  жұмыстар,      экскурсия, 
бақылау,  жазба  жұмыстар  бойынша  олардың  тақырыбын  және  қолданылған 
сағат санын нақты көрсету қажет.   
8.  «Үй  тапсырмасы»  бағанына  тапсырма  мазмұны  және  оны  орындау 
сипаты  жазылады    (оқу,  жатқа  оқу  және  т.б.),  беті,  тапсырма  нөмірі,  есептер 
және  жаттығулар,  практикалық  жұмыстар.  Егер  оқушыларға  қайталауға 
тапсырма берілсе, онда оның көлемі нақты көрсетіледі.  
9.  Тоқсандағы  пән  бойынша  соңғы  сабақты  өту  мерзімі  жазылғаннан 
кейін  мұғалім  әрбір  оқу  тоқсанының  қорытынды  бағасын  қояды.      Сонымен 
қатар,  бір мезгілде тоқсандық баға электронды журналға қойылып сақталады.  
10.  Бастауыш  сынып  мұғалімі  сынып  журналына  оқушылардың  тегін 
және  атын    алфавит  ретімен  жазады;  жеке  ісіндегі  мәліметтерді  пайдаланып, 
«Оқушы туралы жалпы мәліметтер» бөлімін толтырады, ай сайын «Оқушының 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
229 
сабаққа  қатысы  есебі»  бөлімін  толтырады,  әр  оқушының    және  сыныптың 
тоқсан  және  жыл  бойынша  босатқан  сағаттары  мен  күндерінің  барлық  санын 
жазады.  
11.  «Физикалық  дайындығының  көрсеткіштері»  бетін  дене  тәрбиесі 
мұғалімі жылына екі рет толтырады.  
12. «Сынып журналын жүргізу бойынша ескертулер» бетін  директордың 
оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары немесе мектеп директоры толтырады.   
 
 
 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
230 
 
12 ПИЛОТТЫҚ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА  
     ЖАН БАСЫНА НОРМАТИВТІК ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ  
     ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
Қ
азақстан  Республикасында  білім  беруді  және  ғылымды  дамытудың 
2016-2019  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасында    (бұдан  әрі  – 
БДМБ) 2019 жылы сынақтан өткізудің оң нәтижелері бойынша барлық қалалық 
мектептерде жан басына нормативтік қаржыландыруды енгізу процесін аяқтау 
көзделген.  
Жан басына қаржыландырудың мақсаттары:  
-  балалардың  МЖМБС  талаптарына  сәйкес  орта  білім  алуына  базалық 
шығыстарды анықтауда бірыңғай тәсілдемені қалыптастыру;    
-  шығыстардың  көлеміне  әсер  ететін  объективті  факторларды  есепке  алу 
(орналасу  орнына,  білім  беру  бағдарламаларының  түріне  және  білім  беру 
деңгейіне байланысты);   
-  мекемелерді  емес,  балаларды  қолдаудың  мекенжайлық  жүйесіне  көшу 
және мемлекеттік шығыстарды мектепке емес, оқушы басына жоспарлау;  
-  педагогикалық  әлеуеттің  рөлін  күшейту  арқылы  білім  беру  сапасын 
арттыру;  
-  мектептерге  қаржылық  дербестік  беру  және  менеджмент  деңгейін 
арттыру, шешім қабылдауда ашықтық; 
бюджет қаражатын ашық, әділ және мақсатты жұмсау. 
Орта  білім  беруді  жан  басына  нормативтік  қаржыландыру  білім  беру 
процесіне  (МЖМБС-ны  іске  асыруға)  шығыстарды  республикалық  деңгейде 
орталықтандыруға  және  мектептерге  бюджет  қаражатын  жылына  1  оқушыға 
шаққандағы есеппен бөлуге негізделеді. 
Бөлінетін  бюджеттік  қаражаттың  көлемі  мектептерде  білім  алатын 
оқушылардың санына байланысты. 
Білім  беру  процесіне  шығыстар  мектеп  қызметкерлерінің  жалақысымен, 
оқу  шығыстарымен  (қосымша  оқулықтар,  оқу-әдістемелік  кешендер,  оқу, 
көрнекі  материалдар  мен  құралдар)  байланысты  шығындарды,  сондай-ақ, 
мектептердің  педагог  қызметкерлерге  олардың  жұмыс  іс-әрекеті  нәтижелері 
мен  көрсетілетін  білім  беру  қызметтерінің  сапасына  қарай  төленетін 
сыйлықақылар  мен  ынталандыру  үстемеақыларын  және  білім  беру  процесін 
іске асырумен байланысты басқа қажеттіліктерге шығыстарды қамтиды. 
Мектептердің  білім  беру  ортасын  (коммуналдық  қызметтер,  ағымдағы 
жөндеу,  ғимаратты  ұстау  және  күту,  оқушыларды  тасымалдау  және 
тамақтандыру,  басқалар)  қамтамасыз  ету  атқарымдары  өңірлердегі  орта  білім 
беру  ұйымдары  желісінің  жай-күйіне  және  дамуына  жауапкершілікті  сақтау, 
мектептердің  материалдық  базасы  мен  инфрақұрылымын  қолдау  мақсатында 
жергілікті атқарушы органдарының құзыретінде қалады. 
Жан басына қаржыландыру еңбекақы төлеудің жаңа үлгісі емес, бұл білім 
беру процесін іске асыру үшін мектептерге бюджет қаражатын бөлудің өзіндік 
механизмі  болып  табылады.  Мектеп  қызметкерлеріне  еңбекақы  төлеу 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
231 
саласындағы  барлық  кепілдіктер  сақталады.  Мектеп  қызметкерлеріне 
еңбекақыны  есептеу  және  төлеу  «Азаматтық  қызметшілерге,  мемлекеттік 
бюджет  қаражаты  есебінен  ұсталатын  ұйымдардың  қызметкерлеріне, 
қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 
Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2015  жылғы  31  желтоқсандағы  №  1193 
қаулысына сәйкес жүргізіледі.  
Білім  беру  процесін  жан  басына  қаржыландыру  нормативінің  мөлшерін 
(яғни, 1 оқушыны оқыту құнын) ҚР Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – 
ҚР БҒМ) ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 30 қазандағы  №440 
бұйрығымен  бекітілген  Орта  білім  беруді  жан  басына  нормативтік 
қаржыландыру әдістемесі негізінде бір оқу жылына есептейді.  
1  оқушыны  оқыту  құны  білім  беру  бағдарламаларының  түріне,  деңгейіне 
және іске асырылу орнына қарай ерекшеленеді.  
Жан  басына  шаққандағы  нормативті  және  білім  беру  процесін 
қаржыландырудың  жалпы  көлемін  есептеу  кезінде  ҚР  БҒМ  мыналарды 
ескереді:    
-  мектеп  қызметкерлерінің  еңбек  жағдайына  төленетін  барлық  қосымша 
ақылар мен үстемақылар;  
-  қалалық  және  ауылдық  мектептердегі  сыныптардың  нормативтік 
толымдылығы (қалада – 24 адам, ауылда – 20 адам);   
-  сыныптардың  шекті  толымдылығы  (25  адам).  Сыныптарындағы 
оқушылар  саны  шекті  толымдылықтан  асатын  мектептер  үшін  оқушыларды 
оқыту құны азая түседі.  
  Жан  басына  шаққандағы  нормативтің  мөлшері  мен  жергілікті  атқарушы 
органдарының  сыныптар  бойынша  оқушылар  саны  туралы  деректерінің 
негізінде  ҚР  БҒМ  жан  басына  шаққандағы  нормативті  нақты  мектептің 
оқушылар санына көбейту жолымен әр мектепте жан басына қаржыландыруды 
іске  асыруға  (білім  беру  процесін  қаржыландыруға)  республикалық  бюджет 
қаражатының  жалпы  көлемін  есептеуді  жүргізеді  (білім  беру  деңгейіне,  білім 
беру бағдарламасының түріне және орналасу орнына байланысты).   
Пилоттық  орта  білім  беру  ұйымдарында  жан  басына  нормативтік 
қаржыландырудың  енгізілуін  сүйемелдеу  және  мониторингілеу  қызметтерін 
мемлекеттік тапсырма аясында «Қаржы орталығы» АҚ көрсетеді.  
2013  жылғы  1  қыркүйектен  бастап  орта  білім  беруді  жан  басына 
қаржыландыруды  сынақтан  өткізу  республиканың  5  облысындағы  (Ақмола, 
Алматы,  Ақтөбе,  Шығыс  Қазақстан  және  Оңтүстік  Қазақстан  облыстары)  63 
пилоттық  мектепте  іске  асырылуда.  2015  жылға  дейін  апробация  1-11 
сыныптарда өткізілді.   
2015  жылдың  1  қаңтарынан  бастап  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі 
жан басына  қаржыландыруды  апробациялауды  республиканың  5 өңіріндегі 63 
пилоттық  мектептің  10-11  сыныптарында  ғана  әрі  қарай  жалғастыру  туралы 
шешім қабылдады.   
Орта  білім беру  ұйымдарында жан басына нормативтік  қаржыландыруды 
апробациялаудың  пилоттық  3  жылдағы  нәтижелерін  талдау  қорытындысы 
берілген (40-кесте).   

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
232 
40-кесте 
№ 
№ 
Көрсеткіштің атауы 
2012/2013 
оқу жылы 
2013/2014 оқу 
жылы 
2014/2015 
оқу жылы 

Біліктілігін арттырған қызметкерлер  
21% 
26% 
28,5% 

Деңгейі (жоғары, бірінші, екінші) бар 
педагогикалық қызметкерлердің үлесі  
58% 
60% 
79% 

Мектепте құрылған және жұмыс жасайтын 
балаларға арналған үйірмелер мен 
секциялардың саны  
780 
953 
1 196 

Оқушыларға өткізілген танымдық және 
өнегелік іс-шаралардың, оқытушылар үшін 
өткізілген тренингтердің саны 
445 
651 
757 

Педагог қызметкерлер басып шығарған 
(газеттерде, конференциялардың 
жинақтарында, оқу журналдарында, мектеп 
сайтында) жарияланымдар, әдістемелік 
құралдар (жинақтар, кітапшалар, 
электрондық құралдар) саны.  
1 251 
2 492 
2 598 

Конкурстарда және сайыстарда (спорттық, 
пәндік, ғылыми, зияткерлік) жеңімпаз 
атанған оқушылардың үлесі    
17% 
22% 
20% 

ҰБТ-ның орташа көрсеткіші (балдар) 
71 
76 
80 

Педагогтердің орташа айлық жалақысы 
(мың теңге)  
72 
105 
105,3 
 
 
2014-2015  оқу  жылы  пилоттық  мектептерде  өз  біліктілігін  арттырған 
қызметкерлердің саны 128 адамға көбейді, бұл қызметкерлердің жалпы орташа 
жылдық  санының  шамамен  үштен  бір  бөлігін  құрайды.  Бұл  2013-2014  оқу 
жылымен салыстырғанда 2,2%-ға және 2012-2013 оқу жылымен салыстырғанда 
7,5%-ға көп.  
Пилоттық  мектептердің  жоғары,  бірінші  және  екінші  деңгейлі  педагог 
қызметкерлердің үлесі 2013-2014 оқу жылы 60%-дан 2014-2015 оқу жылы 79%-
ға дейін артты (2012-2013 оқу жылы бұл көрсеткіш 58%-ды құрады).  
Балаларды  дамытуға  арналған  үйірмелер  мен  секциялар  2013-2014  оқу 
жылымен салыстырғанда 243 бірлікке, 2012-2013 оқу жылымен салыстырғанда 
416 бірлікке артып, 2014-2015 оқу жылы 1196 бірлікті құрады.   
Егер 2012-2013 оқу жылы  - 445, ал 2013-2014 оқу жылы 651 оқушыларға 
арналған танымдық және өнегелік іс-шара, мұғалімдерге тренингтер өткізілген 
болса, 2014-2015 оқу жылы бұл көрсеткіш 757 бірлікті құрады.  
2014-2015  оқу  жылы  пилоттық  мектептердің  педагогтары  шығарған 
әдістемелік  құралдар  мен  басқа  басылымдардың  саны  2492  жетті.  Бұл  2013-
2014  оқу  жылымен  салыстырғанда  2  есеге  және  2012-2013  оқу  жылының 
көрсеткішінен 2,1 есеге асып түсті.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет