Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет107/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   196
Байланысты:
Бүркіт

оқыдың  деп  ауыстыруға  көне  қоймайды.  Демек,  мұнда  көптік 
жалғауынсыз  сөз  тіркесімі  де  болмайды.  Ендеше,  көптік  жалғауы 
сөздерді байланыстыруға белсенді қатыспағанмен,  сөйлемнің негізгі 
тұлғаларымен  (бастауыш,  баяндауыш)  келіп,  жіктік  жалғауларымен 
қабаттаса жұмсалады. 
Тәуелдік  жалғауының  жеке  сөзтұлғаларды  байланыстыруы  да 
мардымсыз.  Себебі  ол  өзінен  кейінгі  сөзбен  байланыспайды.  Қайта, 
өзінен бұрын орналасқан сөзбен тіркесуге бейім. Оның өзі ілік септік  


 
164 
жалғауындағы  сөз  болуы  қажет.  Тәуелдік  жалғауының  түсіріліп 
қолданылуы  да  бар.  Бірақ  ол  екі  тіркесімнен,  біздің,  сіздің 
тұлғаларымен  тіркескен  сөздерден  ғана  байқалады.  Ал  ілік  септік 
жалғауының  түсірілуі  жиі  кездеседі.  Мұндайда  байланысымдағы  екі 
синтаксистік  бірліктің  бір  тілдік  тұлғаға  ауысуы  байқалады.  Оны 
қазіргі  әдеби  тілде,  жоғарыда  дәлелдегеніміздей,  атаулық  тіркес  деп 
атау  қалыптасқан:  Ертіс  қаласы  жақын.  Онда  қазақтың  соты, 
тергеушісі тұрады (Ж.Аймауытов).  
 Сонымен,  бұл  екі  жалғау  (оның  ішінде  тәуелдік  жалғау)  бірінсіз 
бірі  қолданылмайды,  әрі  тек  есім  сөздер  арасына  болады.  Тағы  бір 
ескеретін  жай,  сөзаралық  синтаксистік  қатынас  –  анықтауыштық. 
Мұндай  қатынас  орын  тәртібі  амалында  да  болды,  бірақ  негізгі 
айырмашылық  сол  - бірінің  жалғаулы,  енді  бірінің  жалғаусыз  болып 
келуі. 
 Жіктік  жалғаудың  байланыстыруы  белсенді.    Жіктік  жалғау 
жалғанған сөз іс-әрекет иесінің сөйлем ішінде міндетті түрде болуын 
қажет  етпейді.  Бірақ  оның  тұлғасы  іс-әрекет  иесін  айқындап  бере 
алады.  Жіктік  жалғау  да  көптік  жалғау  сияқты  сөйлемдегі  негізгі 
тұлғаларды  байланыстырып,  тәуелдік  жалғау  сияқты  соңғы  сөздік 
тұлғаға  жалғанады.  Жіктік  жалғаудың  ықшам,  толық  және  нөлдік 
тұлғалы  түрлерінің  байланыстыру  қабілеті  бірдей:  Омырауыма 
алжапқыш  байлап  алып,  картоп  тазалаймын,  кеспе  кесем 
(Ж.Аймауытов). 
Септік 
жалғау 
– 
жалғаулар 
ішіндегі 
ең 
белсенді 
байланыстырушылық  қасиетке  ие  қосымша.  Атау  мен  ілік  септіктен 
басқа  септік  жалғаулары  алғашқы  сөзтұлғаға  жамалып,  оны  өзінен 
кейінгі  сөзбен  байланыстырады.  Әрі  алғашқы  сыңарда  зат  есім  мен 
есімдік  жұмсалады.  Сондай-ақ,  септік  жалғауымен  байланыстағы 
сөзтұлғалар  қатаң  тәртіпке  бағынбайды.  Олардың  сөйлем  ішіндегі 
орналасуы  еркін.  Сөйлемнің  кез  келген  шенінде  тұрып  өзі 
бағынышты  сөзтұлғамен  синтаксистік  байланысқа  түседі.  Әсіресе, 
мұндай тұлғалардың етістік басыңқылы сөзге бағынуы мейлінше көп. 
Мәселен, Онан соң жұмыртқаларды асықпай аршып, ортасынан қақ 
бөліп, арасына тұз септі де, бутерброттардың қасына қойды  деген  
сөйлемде табыс, шығыс, барыс септік жалғаулары байланыстырған.   
Аналитикалық  тәсіл  –  қазақ  тіл  білімінде  кең  тараған.  
Синтаксистегі көрінісі – интонация, орын тәртібі, шылау. 
Сондай-ақ,  құрмаластық  құрамда  аналитикалық  тәсіл  амалы 
ретіндегі  шылаудың  қолданылу  аясы  кеңиді.  Енді  ол  жалғаулық 
шылауларды да, септеулік шылаларды да материал етеді. Мәселен, Ең 
аяғы  болымсыз  болса  да,  тыныс  алған  дыбыс  та  білінбейді 


 
165 
(М.Әуезов).  Жолдас  өкіл,  Дәлірбайдың  арызын  тыңдаймыз  ба,  әлде 
жиылыстарыңызды өткізесіз бе?- деді біреу (Б.Майлин). 
Интонация  қызметінің  артуы  да  құрмалас  сөйлем  құрамында 
ерекше:  Ахмет,  сіз  айтыңызшы,  бұл  неғылған  ғажап  планета? 
(Б.Соқпақбаев).  Интонацияның  амалдық  қызметі  салаласқан 
бірліктерде  (салалас  тіркестер  мен  салалас  құрмалас  сыңарлары) 
барынша  кең  де,  сабақтасқан  бірліктерде  (сөз  тіркесі  мен  сабақтас 
сыңарлары) мейлінше кем.  
Сонымен, сөз бен сөзді байланыстыруға дәнекер болатын амалдар 
– жалғаулар, шылаулар, сөздердің орын тәртібі және интонация. Бұл 
амалдар  жоғарыда  айтылған  синтаксистік  тәсілдердің  ішкі  бірліктері 
болып табылады, ал тәсілдер синтаксистік құралдың құрамынан орын 
алады.   
Интонация  амалының  синтаксистік  тұлғаларды  байланыстырып 
отырудағы 
қызметі 
әлдеқайда 
кең. 
Интонациялық 
қызмет 
синтаксистік  компоненттер  арасын,  яғни  құрмалас  сөйлем 
сыңарларын  байланыстыруы  айқын  ашылған.  Сондай-ақ,  тең 
дәрежеде  тұрған  синтаксистік  бірліктер  бұл  байланыс  құралына  жиі 
жүгінеді.  Ал  жеке  сөзтұлғаларын,  нақты  айтқанда,  сөз  тіркесі 
сыңарларын  байланыстыруын,  көрсету  жетіспейді.  Мұндайда  ол 
сөйлем ішіндегі екі негізгі сөздік тұлға қасиетіне сүйенеді. Ол негізгі 
сөздік  тұлғалар  –  сөйлемнің  іс-әрекетін  білдіретін  сөз  -  баяндауыш 
пен  сол  іс-әрекеттің  иесі  болып  табылатын  сөз  -  бастауыш.  Және 
олардың,  мағыналық  қиысуды  есептемегенде,  ІІІ  жақтағы  есім 
сөздердің арасында болатындығын ескерген жөн.  
Орын тәртібі амалы қазақ тілінде жалғаусыз келетін сөзтұлғалар 
арасында  болады.  Ал  жалғаусыз,  орын  тәртібі  амалына  бағына 
байланысқан сөздер тобының орналасу реті тұрақты. Олардың орнын 
ауыстырып  айтуға  келмейді.  Ауыстыра  қалған  жағдайда,  сөзаралық 
синтаксистік қатынас өзгереді, болмаса мүлдем мағынасыздық туады: 
Біздің жоғарғы жағымызда бір топ қыз-келіншектер су бетінде 
асыр салып жүр еді (Ә.Нұршайықов). 
Шылаумен  келген  тіркесімдер  де  орын  тәртібі  амалымен 
байланысқа  түседі.  Себебі  септеулік  шылаумен  келген  сөз  алдыңғы 
сөзімен  бір  бірлікке  жымдасып,  түйдекті  тіркес  жасайды  да, 
түйдегімен  келесі  сөзбен  байланыстыру  қызметі  орын  тәртібі  болып 
келеді.  
Шылау  амалы.  Әдетте,  шылаудың  екі  түрі  жеке  сөзтұлғаларды 
байланыстырады. Жалғаулық шылаулар бір жағынан, тең дәрежедегі 
тілдік  бірліктерді  байланыстырса,  екінші  жағынан,  бір-біріне 
бағынышты  тілдік  бірліктер  аралығында  қызмет  атқарады.  Отан 
соғысы үшінші жылға аяқ басып, Курск пен Орел майданында үлкен 


 
166 
шайқастың жүріп жатқан кезі еді. Мұным анама ұнайтын, өйткені 
ол  мені  пысық  болсын,  тіршіліктің  ыстық-суығына  көнсін  деп 
ойлайтын  (Ш.Айтматов).  Мысалда  сөйлем  ішіндегі  сөздер  (Курск, 
Орел)  мен  жеке  сөйлемдерді  байланыстыруға  жалғаулық  шылаулар 
қатысқан. 
Екінші жағдайда септеуліктер  екі түрлі қызметте жұмсалады:  
Бірінші қызмет – қосымшалық қызмет. Бұл қызметтегі шылаулар 
өзінің  алдында  тұрған  сыңардың  барыс,  шығыс,  көмектес  септік 
жалғауларының  бірінде  тұруын  қалайды.  Демек,  түйдекті  тіркес 
жасаудың амалы ретінде жұмсалады: Ол екеуі де ертеден қара кешке 
дейін колхоз жұмысында (Ш.Айтматов).  
Сонымен, сөз бен сөзді байланыстыруға дәнекер болатын амалдар 
– жалғаулар, шылаулар, сөздердің орын тәртібі және интонация. Бұл 
амалдар  жоғарыда  айтылған  синтаксистік  тәсілдердің  ішкі  бірліктері 
болып табылады, ал тәсілдер синтаксистік құралдың құрамынан орын 
алады. 
Ғалым 
Б.Шалабай 
синтаксистік 
құрал 
қатарына 
морфологиялық,  лексикалық,  синтаксистік,  фонетикалық  түрлерді 
жатқызады және олардың қызметін нақты да айқын түрде дәлелдейді

 
Осылардың 
ішінде 
сөзтұлға 
бірліктерін 
байланыстыруда 
морфологиялық,  синтаксистік,  ішінара  фонетикалық  құралдың 
қызметі басым болып келгенімен, лексикалық құрал көрінісі солғын, 
тіпті  болмайды.  Оның  себебі  де  түсінікті.  Бұл  құрал  қызметіндегі 
бірліктер  «Күрделі  синтаксистік  тұтастық  және  құрмалас  сөйлем 
құрамындағы жай сөйлемдерді байланыстырады». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет