Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет105/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   196
Байланысты:
Бүркіт

 
1.3 Синтаксистік қатынастар: 
 предикаттық және предикаттық емес қатынастар 
 
Синтаксистік қатынас – сөздер байланысының негізінде өрбіген 
жеке  сөйлем  құрылысындағы  ұйымдастырушы  тілдік  бірліктер. 


 
161 
Сөйлем ішіндегі синтаксистік қатынастардың екі типі бар. Біріншісі – 
предикаттық қатынас. Бұл - сөйлемдегі бастауыш пен баяндауыштың 
мағыналық    қатынасы,  сөйлем  құрылысының  ең  басты  тәсілі, 
сөйлемдегі    ойдың  лексика-грамматикалық  негізі.  Бұл  пойыздың  Шу 
мен Мойынқұм өлкесіне таяп қалғанының хабары еді  (Ш.Айтматов). 
Сөйлемдегі  бұл  хабар  еді  сөзтұлғаларының  қатынасы    предикаттық  
қатынас болады.  
Предикаттық  қатынас  құрмаластық  құрам  мен  мәтіндік 
құрылымға  да  тән.  Мұнда  предикаттық  қатынас  әрбір  синтаксистік 
компонент  бойынан,  мәтін  үшін  әр  сөйлемдік  тұлға  бойынан 
табылады:  Жауап  бар  да,  айтуға  аузы  барар  емес  (Ғ.Мүсірепов). 
Арқа  тұстан  әлден  уақытта  таң  сібірлеп,  маңай  тұманнан  арыла 
бастады (Д.Досжанов). 
Екіншісі  –  предикаттық  емес  қатынас.  Предикаттық  емес 
қатынас  анықтауыштық,  толықтауыштық  және  пысықтауыштық 
мағынадағы    сөзтұлғалар  арасында  болады.  Мысалы,  сөйлем 
мүшесінде болатын екі жақты қатынас (анықтаушы мен анықталушы, 
пысықтаушы  мен  пысықталушы)  синтаксистік  қатынасқа  да  тән. 
Бірақ  синтаксистік  қатынас  сөздер  тіркесімі  мен  сөйлемнің 
ерекшеліктеріне  негізделеді.  Сондықтан  да  –тық  қосымшасымен 
айтылады. Ал сөйлем мүшелері тек сөйлемнің ерекшелігінен өрбиді.  
Анықтауыштық 
қатынас 
сын-сапалық, 
сан-мөлшерлік, 
меншіктік  мағыналарды  білдіреді.  Мысалы:  Қонақ  үйде,  дөңгелек 
үстел  үстінде  қызғылт,  күңгірт  сәулесі  бар  тас  шам  жанып  тұр 
(М.Әуезов). 
Толықтауыштық  қатынас  –  қимылдық  немесе  сапалық  күйдің 
затқа тікелей немесе  жанама  түрде ауысып түсуіне байланысты тура 
объектілік  қатынастарды  білдіреді.  Мысалы:    Не  әкелгенімді 
білемісің саған? Ойыншық машинаны алып бердім (Ш.Айтматов).   
Пысықтауыштық  қатынас  –  мезгілдік,  мекендік,  себептік, 
мақсаттық, амалдық, сын-мөлшерлік мағыналарды білдіреді. Әсіресе, 
Ұйғыр  көшесі  сияқты  сырт  аймақтарда  ұзын-ұзын  барақ,  жеке-
жеке оңаша жай ағаш үйлер тіпті көп болатын (Ә.Нұршайықов).   
Синтаксистік  қатынас  та  синтаксис  саласының  барлық 
салаларына  қатысты  болып  келеді.  Бұл  -  сөз  тіркесі  мен  сөйлемнің 
арасына  да  өлшем  болатын  белгі.  Мысалы,  ауылдан  келді  
сөзтұлғасын  әрі сөйлем деп, әрі сөз тіркесі деп көрсетушілік бар. Бұл 
тіркесім  – сөз тіркесі десек, өйткені алғашқы сыңар мен соңғы сыңар  
жалғау  арқылы  меңгеріліп,  екі  сөзтұлға  (пысықтауыштық) 
синтаксистік  қатынасқа  түсті.  Себебі  амал-тәсілдік  бағынулар  сөз 
тіркесіне  де,  сөйлемге  де  қызмет  атқарады.  Бұл  байланысудан 
пысықтауыштық, яғни, мекендік қатынасты көреміз. Ал сөйлем болу 


 
162 
үшін  предикаттық  қатынас  қажет.  Мысалы,  ауылдан  келе,  -іп,  -гелі 
тіркесімдері  сөйлем  үшін  тек  материал  болып  табылады.  Бірақ 
ауылдан келді тіркесімінің хабарлы мақсатта жұмсалып сөйлем болып 
та    ұра  алады.  Ондайда  предикаттық  қатынастан  гөрі,  сөйлемге  тән 
негізгі  белгі  предикаттылықтың  болатынын  ескерген  жөн. 
Предикаттылық  –  сөйлемдік  модальдылық  пен  сөйлем  бойындағы 
шақтық белгілермен қатар жүретін белгі.  
Ендеше,  бастауыш-баяндауыштық  құрылымдағы  предикаттық 
қатынас  ішкі  түрлерге  жіктелмейді,  себебі  ол  бір  ғана  сөйлемді 
айқындайды.  Предикаттық  қатынас  сөйлемнің  түрлерін  сандық 
жағынан  көрсетеді,  екіншісі  –  бастауыш-баяндауыштық  құрылымды 
елемейтін  –  предикаттық  емес  қатынас,  ол  сөз  тіркесінің  ішкі 
құрылымдық жүйесін аңғартады, ішкі түрлерге сараланады, себебі зат 
пен  заттың,  іс-сапаның,  іс-әрекеттің  объектіге  қатысы  әр  түрлі 
деңгейде  болады.  Ол  бірде  соңғы  заттың,  қимылдың  сапасын, 
сипатын,  басқа  да  түрлі  қаситтерін  білдірсе,  енді  бірде  іс-қимылдың 
мезгілін, мекенін, басқа да белгілерін көрсетеді.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет