Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет106/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   196
Байланысты:
Бүркіт

 
1.4 Синтаксистік құрал 
 
Синтаксистік  тұлға  болып  танылған  бірліктер  мағыналық 
жақындығы болғандықтан, бірімен-бірі байланысқа түседі де, сөйлем 
ішінде  синтагма  құрайды.  Ал  синтагмалық  діңгек  синтаксистік 
құралдар арқылы жасалады. Жалпы қазіргі тіл білімінде, синтаксистік 
құралдың  синтетикалық,  аналитикалық  және 
аналитикалық-
синтетикалық  (немесе  керісінше)  тәсіл  арқылы  көрінетіндігі 
айтылуда.  Соңғы  тәсіл  Ә.Аблақов  тұжырымдауынан  байқалды. 
Синтетикалық  тәсіл  –  сөздердің  бір-бірімен  байланысуындағы 
жалғаулардың 
қызметіне 
сүйенсе, 
аналитикалық 
тәсіл 
– 
интонацияның,  орын  тәртібі  мен  шылаулардың  қасиетінен  шешіліп 
отырады.  Ал  үшінші  тәсіл  көмекшілік  қызметтегі  сөздердің  (есім, 
етістік,  шылау,  модаль  сөздер)  келуін  қажет  етіп,  күрделі  сөз 
тіркесінің  құрамында  болады.  1)  Синтетикалық  тәсіл:  Құнанбайдың 
Омбыға  жүруі  даусыз  болды;  2)  Аналитикалық  тәсіл:  Парақорлық  – 
кітап айтатын күнәнің үлкені; 3)Анатиликалық-синтетикалық тәсіл: 
Қасына  Жұмағұлды  ертіп  ап,  Жидебайға  қарай  асыға  жөнелісті… 
(М.Әуезов).  Мұнда  бірінші  сөйлемдегі  синтаксистік  тәсілдерді 
қамтамасыз  етіп  тұрғандар  -  септік  жалғаулары,  екінші  сөйлемдегі 
қызметті интонация атқарған. Үшінші сөйлемде асты сызылған сөздер 
тіркесімін  не  барыс  жалғауынсыз,  болмаса  септеулік  шылаусыз  іске 
асыру мүмкін  емес. Осы себептен де онда синтетикалық тәсілдің де, 
аналитикалық  тәсілдің  де  элементі  бар  дейді  ғалымдар.  Біздіңше, 


 
163 
соңғы  мысал  байланысы  жалғаулық  шылау  арқылы  түйдекті  тіркес 
пен жеке сөздік тұлға синтаксистік байланысқа түскен.  
Ғалымдар  арасында  (Ә.Аблақов,  Т.Сайрамбаев)  Өзенге  қарай 
беттеді, терезенің алдында тұр, Асан дегеннен алдым тіркестерінің 
мәнін ашуда бірізділік жоқ. Бұл жерде тек синтетикалық тәсіл қызмет 
етеді. Себебі ондағы көмекші сөздер байланыстырмайды деп таниды. 
Дұрысы  осы.  Мұнда  көмекші  сөздер  арқылы  түйдектелген  сөздерге 
қосылған  септік  жалғаулары  байланысу  амалы  қызметін  атқарған. 
Сондықтан синтаксистік құралдың үшінші түрін ұсыну дұрыс емес.  
Синтаксистік құрал көрінісі құрмаластық құрылымда тіпті айқын. 
Тек  онда  синтетикалық  тәсіл  амалы  ретінде  жалғау  түрлері  емес, 
алғашқы  сыңар  баяндауышының  көсемше,  есімше,  шартты  рай 
тұлғаларында жұмсалуы беріледі. Мұны синтетикалық тәсілдің кеңею 
жолдары  деп  түсінген  жөн.  Қараңыз:  Ауылдан  келген  үш-төрт  кісі, 
Аманжол, Қасендер қонақ үйге шам  жағып, көрпе салып болмай-ақ, 
үсті-басы  қырау,  қасқыр  ішікті,  түлкі  тымақты  жуандар  кіре 
бастады  (С.Көбеев).  Балықшы  қарттың  момын  жүзін  көргенде, 
мамасы, анау өзінің адуынды түрінен ыңғайсызданып қалған сияқты 
(Ә.Нұрпейісов).  –  Ол  балаларымның  анасы.  Жақсы  анасы  болса, 
жақын  досым.  Оған  қанағат  қылмаса,  бетінен  жарылғасын 
(М.Әуезов).  
Синтетикалық  тәсіл  сөздердің  бір-бірімен  қосымшалар  арқылы 
байланысуына  негізделеді.  Тілдегі  төрт  түрлі  жалғау  жеке  сөздің 
тұлғаларды  байланыстыруға  өз  мүмкіндігінше  қатысады.  Жалғаулы 
болып келген сөздердің сөйлем ішіндегі  орын тәртібі біршама еркін, 
өйткені  оларға  қатысты  сөздер  сол  жалғаудың  қызметінен  табылып 
жатады.  Көптік  жалғаудың  грамматикалық  көрсеткіші  –  -лар/лер 
және  оның  варианттық  тұлғалары.  Сөйлем  ішіндегі  түрлі 
сөзтұлғаларды  байланыстыруда    көптік  жалғаудың  қызметі  бірер 
тұста ғана байқалады. Балықшылар жан-жақтан жүгіріп кеп жатыр 
деген    сөйлемдегі  -лар  тұлғалы  сөзтұлға  кеп  жатыр  сөзтұлғасымен 
көптік  жалғауынсыз-ақ  байланысады.  Мұндайда  сөйлем  ішіндегі 
сөзтұлғалық тіркесімдер көптік жалғауынсыз қолданысқа түсе береді. 
Ал  сендер    оқыдыңдар  тіркесімі  сен  оқыдыңдар  немесе  сендер  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет