Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет108/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   196
Байланысты:
Бүркіт

 
1.5 Синтаксистік форма 
 
Синтаксистік  форма  деген  атау  тіл  білімінде  соңғы  уақытта 
аталып  жүр.  Тілдің  синтаксис  ғылымында  да  өзіне  тән  қалыптасқан 
синтаксистік  формалар  бар  екені  ғылымда  дәлелденді.  Мысалы, 
сөйлем  мүшелерінің  бес  түрінің  арнаулы  көріну  формасы  бар: 
бастауыш  атау  тұлғада  не  тәуелдік  тұлғада  тұрады,  баяндауыш 
етістіктен не есімдерден жасалып, рай, жақ, шақ формасында тұрады, 
толықтауыш  септіктердің  формаларын  қабылдайды,  анықтауыш  ілік 
септік формасында не сын есім я  есімше  формаларында  тұрады,  ал 
пысықтауыш  қимылдың  сапасын  білдіріп,  үстеу  сөздердің 
формаларын қабылдайды. Бұлар бұрын морфологиялық формалар деп  
аталса,  ал  синтаксис  саласында  сөз  тіркесін  не  сөйлемнің 
синтаксистік мағынасын  туғызатындықтан,  синтаксистік  формалар 
деп  аталады.   


 
167 
Сол  сияқты,  болымды,  болымсыз  сөйлемдер,  сұраулы,  лепті, 
хабарлы  сөйлемдер  де  белгілі  синтаксистік  формалар  арқылы  өзара 
ажыратылады.  
Ол - синтаксистік формалар – интонация,  модальдық  формалар,  
болымсыз мағына туғызатын ма, ме, ба, бе,  па,  пе  жұрнақтары  мен  
бар,  жоқ,  емес  т.б.  Ендеше,    синтаксистік  форма  дегеніміз  -  белгілі 
синтаксистік  бірліктерді  қалыптастыратын,  құрайтын  амалдардың 
көрінісі. 
Кейбір еңбектерде түбір күйіндегі сөздерді де синтаксистік форма 
ретінде  қарайтыны  бар.  Оның  дәлелі:  сөз  өзінің  лексикалық, 
морфологиялық сипатына қарай белгілі синтаксистік  қызметке бейім 
тұрады.  Сын  есім  негізінен  анақтауыш,  баяндауыш  қызметіне  бейім, 
үстеу пысықтауыш қызметіне бейім, т.т. Сөз тек лексикалық единица 
ғана  емес,  ол  грамматикалық  та  единица.  Осы  грамматикалық 
сипатына сай сөздер сөз табына топтасады. Сөздердің грамматикалық 
сипатының  бір  қыры  олардың  қандай  синтаксистік  қызметке  бейім 
болуынан көрінеді. Сондықтан да сөздердің өз бойында синтаксистік 
форма  боларлық  сапа  бар  дейміз.  Синтаксистік  форма  негізінен 
морфологиялық  тұлғаларға,  формаларға  сүйеніп  құралады.  Мысалы, 
сөздердің  тіркесуі  көбіне  зат  есімдердің  септік  жалғауларына 
сүйенеді, баяндауыштың формалары етістіктің шақ, жақ тұлғаларына 
негізделеді: бардым, бардық.  
Бірақ синтаксис аясында құралатын формалар сөздердің өзіне тән 
морфологиялық  тұлғаларға  ғана  сүйеніп  құралмайды,  синтаксисте 
морфологиялық  тұлғалар  өздігінше  жұмсалып,  тек  синтаксиске  ғана 
тән  формалар  құрайтыны  көп.  Мысалы,  Жүрсеші  (Отырып  алып 
жүрсеші). Келмек түгіл келеді. Шөп қалың еді.  
Шындығына  келгенде,  көп  морфологиялық  тұлғалар  алдымен 
сөздердің  синтаксистік  қызметінің  қажетімен  пайда  болған 
амалдардың негізінде құралған:  айтқан  жоқ, айтарым  жоқ. 
Сол  сияқты  септік  жалғаулар  да  зат  есім  сөздердің  синтаксистік 
жұмсалуына сай қалыптасып морфологиялық формаға айналып отыр. 
Морфологиялық  формалардың    синтаксис  үшін  қызмет  етпей,  тек 
сөздің мағынасын, түрін құбылту үшін жұмсалатыны бар. 
Ал  бір  қатар  қосымшалар  -  морфологиялық  тұлғалар  -  тек 
синтаксистік конструкциялар құрау үшін ғана жұмсалып жүр: Жүргісі 
келді,  Жүргім  келеді,  Алмасы  бар  ма?  –ғы,  -гі,  -ма,  -ме  бір  кезде 
етістектен  зат  есім  тудыратын  өнімді  жұрнақ  ретінде  жұмсалса  ( 
сүргі,  бұрғы,  қойма),  қазір  олар  негізінен  синтаксистік  формалар 
тудыру үшін жұмсалып жүр. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет