Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет111/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   196
Байланысты:
Бүркіт

Б
ЕКІТУ ТАПСЫРМАЛАРЫ

1-тапсырма.  Мәтінді  оқып  шығып,  сөйлемдегі  сөздердің 
байланысын  анықтаңыздар.  Әр  сөйлемде  сөздер  бір-бірімен  қандай 
тәсілдер арқылы байланысқан (жалғаулар, шылаулар, орын тәртібі, 
интонация)?  
1.  Жоғалды  көзден  ұшып  құлын  күнім,  Көнерді  жұлым–жұлым 
бел  бетім  де.  (Б.Серікбайұлы)  2.Ауылдан  безіп,  басы  ауған  жаққа 
кетер еді, бірақ тумай жатып күнәға батқан  бейкүнә нәрестемен кімге 
сияды?  (Б.Тілегенов)  3.Жаңа  уақыттың  әдеби  даму  жетекшісі  роман 
болып  отыр,  себебі  ол  тың    дүниенің  қалыптасу  тенденциясын  өзге 
жанрдан артық бере алатын жанр. (Н.Қалқа) 4.Жер мен жердің, ел мен 
елдің  ара  жігін,  бір–біріне  деген  ықылас  пейілін,  я  болмаса  жақсы 
көру,  жек  көру  сезімін  жылдар  бойғы  тәжірибемен  болжап  білуге 
болар  еді.  (Д.Досжан)  5.Менің  саған  деген  ниетім  адал  еді,  сен  де 
маған  кек  тұтпа,  жамандық  тілеме.  (Б.Тілегенов)  6.Көңіл  шіркіннің 


 
170 
көк дөнені біресе Кентауға, біресе Тесіктасқа жетіп–ақ барады. (Есен 
Байту.)  7.Жақсының  жақсылығын  айт,  нұры  тасысын,  Жаманның 
жамандығын  айт,  құты  қашсын.  (Мақал)  8.Көркем  сөздің  алыбы 
Абайдың  кемеңгерлігіне  барынша  әсер  еткен,  бірақ  кешегі  таптық 
идеализмнің  өктем  заманында  көлеңкеге  ысырылып  қалған 
Құнанбайдың ұлылығы отан тарихында әлі лайықты орын алған жоқ. 
(Ж.Қасымбаев)  9.  Қаны  ата-анасынікі  болғанмен,  жазушы  рухани 
құбылыс  ретінде  өз  ұлтының    перзенті  (С.Елубай)  10.  Кімде-  кім  өз 
ісін  және  өзі  мен  Алла  тағаланың  арасындғы  қатынасты  Алланың 
қалауына сай етсе, онда Алла Тағала оның халықпен арақатынасын да 
оның  ризашылығына  сәйкестендіреді.  (Пайғамбар  хадистерінен) 
11.Аялағың егер келмесе мені, аяулым, Жүрегім парақ, қолыңа ал да, 
жырта  сал.  (Е.Жұматайұлы)  12.Ұйымдастыру  қабілеті  жоғары 
болғандықтан,  бас  директор  оған  көп  жағдайда  үлкен  сенім  арта 
алады.(Газеттен)  13.Өткен  өмірдің  елесі  қызықтырғандай,  балалық, 
жастық шағын еріксіз есіне алып еді. (Т.Серғазы.) 14.Үлкенді сыйлап 
өскенмен,  сақалдының  сөзін  жөні  келсін,  келмесін,  тегіс  тыңдай 
бермейтін  қазақ  жағы  қайран  қалып,  жастар  жағасын  ұстады. 
(Б.Тілегенов.)  15.Ішкі  жан-дүниесі  күйіп-жанып  күл  боп  біткендей, 
өңі сынып, үн-түнсіз  шай ішті. Басындағы бөрік секілді, қалың қара 
шашы жатқызуға келмей, тіп-тік болып ұйыса біткен. (І.Есенберлин.)  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет