171
әлемдегі қауырт тіршіліктен, төрткүл дүниедегі қым-қуыт саяси
талас-тартыстардан мүлде бейхабар, үйкүшік, бұйығы біреулер ме
деп, әлдекімнің бізге аянышты көзбен қарамауы мүмкін емес.
(З.Жұманбай.) 8.Кей сөздің асылы шақпақ тасқа шаққандай боп, әсем
сөйлем ішінде ұшқындап, от төгіп тұратын шағы бар. (М.Әуезөв.) 9.
Қанша бас болса, сонша ақыл болады. Қанша жүрек болса,
махаббаттың да осынша түрі болады. (Л.Н.Толстой.) 10.Менмендік
қарыздар болғысы келмейді, өзімшілдік қарызын өтеуді білмейді.
11.Кейбіреулердің кемшіліктері өздеріне жарасады, ал енді
біреулердің жақсы қасиеттерінің өзі оғаш көрініп тұрады. 12.Әдетте,
бақыт
бақыттының
иығына
келіп
қонады,
бақытсыздық
бақытсыздардың басын шыр айналдырады. 13.Адамдарға әр қилы
тағдыр бұйырғанымен, сәттілік пен сәтсіздіктердің аралас түсуі
жағдайды біршама теңестіргендей болады. 14.Ақылы аздар азғана
өкпенің өзіне шат-шәлекейі шығып әуре болады, ақылы мол адамдар
бәрін көре біле ренжімейді. 15. Жастар алғаш рет ел алдына шыққан
кезде ұяңдық көрсетсе, рабадайсыздық танытса да артық емес:
мінездегі әсіре сенімділік пен әсіре еркіндік, әдетте, озбырлыққа
айналып кетуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: