35
жасалатыны көрсетіледі де, 3-жақта тек көрсеткіші жоғы ғана
айтылады. Шындығында, оның 3-жағының жақтық көрсеткіші
болмауы 3-жақтық мағынаның берілмеуін емес, шартты райдың
жұрнағынан кейін жіктік жалғауының жалғанбауы етістіктің 3-жақта
тұрғанын білдіреді. Басқаша айтқанда, шартты райда түрленген
етістіктерге жіктік жалғауының жалғанбауы оның 3-жағының нөлдік
формасы болып, ол осы парадигмадан сөз формаларының біріне
саналады.
Шартты райдың 1-2-жақтары парадигманың қосымшалы сөз
формаларына жатады да, 3-жағы нөлдік морфема арқылы жасалған
нөлдік формаға жатады. Мысалы: Ал халқың
болмаса, оның тілі, ән-
күйі әдемі дәстүрі
болмаса, онда адам болып өмір сүрудің не қажеті
бар. Халқы бақытсыз
болса, өз бақытын көрмейді. Халқы бақытты
болса, өзінің бақытсыздығын елемейді (І.Есенберлин). Бұл
сөйлемдерде 4 жерде шартты райдың 3-жағының нөлдік
формасындағы етістік қолданылған. Олардың нөлдік формада
тұрғанын шартты райдың жұрнағынан кейін жіктік жалғауының
жалғанбағанына қарап ажыратамыз. Рай формасындағы етістік 3-
жақтың бірінде тұруы – шарт. Жоғарыдағы етістіктер шартты райда
тұр, бірақ оларда көзге көрінетін жақтық көрсеткіш жоқ. Сөз
құрамында жіктік жалғаудың жоқтығы, оның 3-жақтың нөлдік
формасы екенін көрсетеді. Егер олар 1-2-жақтың формасында тұрған
болса, онда сол жақтардың қосымшалы формалары қолданылған
болар еді. Парадигмада нөлдік форма тек 3-жаққа ғана қатысты,
сонымен бірге олар 3-жақтағы бастауышпен қиысып, 3-жақтың
мағынасын білдіріп тұр. 1-2-жақтардың қосымшалы формаларымен
салыстыру арқылы оған қарама-қарсы шартты райда жіктік жалғаусыз
қолданылған парадигмалық қатардағы форманың бір түріне жататын
ол жіктеу жүйесінің нөлдік формасы болады.
Тілімізде 3-жақтың қосымшалы формасының қолданылуынан
гөрі, оның нөлдік формасының қолданылуы көбірек орын алады. Ол
елегізи қалды. Өйткені ақын ағаның аузына соңғы кезде өлім туралы
сөз көбірек түсіп жүргенін
байқаған. Бұл жолы да ұстазы сол
әдетіне
Достарыңызбен бөлісу: