Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет20/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   196
бара, айта, қала т.б. Бұл келтірілген фактілер 3-жақтық нөлдік форма 
кейін қалыптасқан деген пікірімізді толық дәлелдей алады. 
2-жақ  бұйрық  райдың  нөлдік  формасы  туралы  да  осы  пікірді 
ұсынамыз, ол нөлдік форма да тіл дамуының кейінгі жемісіне жатады. 
Көне  түрік  тілінде  2-жақ  бұйрық  райдың  жіктік  жалғауы  болғаны 
белгілі,  ол  жалғау  нөлдік  форманың  кейіннен  пайда  болғанын 
көрсетеді,  мұнда  да  оның  тілдің  ықшамдау  заңдылығының  әсерінен 
қалыптасқаны  сөзсіз. Бұйрық  райдың 2-жақ  жекеше түрінің  жалғауы 
қазір  де  бірсыпыра  тілдерде  сақталған,  мысалы:  түркмен,  барабин 
татары,  карайым,  ұйғыр,  қырғыз,  алтай  тілдері.  Ол  қазақ  тілінің 
кейбір  диалектісінде  де  (барғын)  сақталған.  Келтірілген  дәлелдердің 
бәрі  2-жақ  бұйрық  райдың  бұрын  жақтық  көрсеткіші  болып,  оның 
қазақ тілінде кейіннен нөлдік формаға көшкенін дәлелдейді. 
     Жоғарыда  3-жақтың  көпше  түрінің  нөлдік  морфема  (олар  келсін, 
олар  келген,  олар  келді)  арқылы  жасалатынын  келтірдік,  міне,  бұл 
нөлдік  форма  да  кейіннен  қалыптасқан.  Түркі  тілдерінің  жіктелу 
жүйесінің  3-жағының  көпше  түріне  арнайы  көптік  морфеманың 
жалғануы яғни оның қосымшалы формасы түркі тілдерінде 3-жақтың 
жекеше қосымшалы формасы мен көпше қосымшалы формасы басқа-
басқа,  олардан  мына  тілдерді  атауға  болады:  чуваш,  азербайжан, 
түрікмен,  гагауз,  татар,  барабин  татары,  башқұрт,  құмық, 
қарачай-балқар, қырым  татары, қарайым, ноғай, өзбек, тува, якут, 
хакас,  чулым-түрік,  шор,  қырғыз,  алтай.  Үшінші  жақтың  көпше 
түрінің  нөлдік  формасы  қазақ,  қарақалпақ,  ұйғыр  тілдеріне  ғана 
қатысты.  Осы  жағдайдың  өзі  оның  алғаш    қосымшалы  формасы 
болып,  нөлдік  формаға  олардың  кейін  тілдің  ықшамдау  принципінің 
нәтижесінде көшкенін көрсетеді. 
Бұйрық  райдың  нөлдік  морфемасы.  Қазақ  тілінде,  басқа  түркі 
тілдерінде  рай  белгілі  морфемалар  арқылы  жасалады,  сондықтан 
райда  айтылған  етістіктің  құрамы  үш  түрлі  мақсаттағы  морфемадан 
тұрады, олар: 1) түбір морфема, 2) рай жасаушы морфема, 3) жақтық 
морфема.  Мысалы:  Сонда  өз  аулыңа  бармақсың  ба?  Өзің  араша 
түсесің  ғой,  ә.  –  Айналайын,  құлыным,  бірінші  рет  алған  бағаңмен 
құттықтаймын,  -  деді.  Дер  кезінде  бұрылдым    (І.Есенберлин).  Осы 
мысалдардағы  ашық  райдағы  етістіктердің  құрамын  қарайық.  Олар: 
бар-мақ-сың,  түс-е-сің,  құттықта-й-мын,  бұрыл-ды-м.  Бұл 
етістіктер  мақсатты келер шақ, ауыспалы келер шақ, ауыспалы осы 
шақ,  жедел  өткен  шақта  қолданылған,  сондықтан  лексикалық 


 
38 
мағынаны  білдіретін  түбір  етістіктен  соң  аталған  шақтардың 
қосымшалары жалғанған, олардан кейін жіктік жалғаулары тұр. 
Райдың  құрылысындағы  бұл  үштік  жүйеге  бұйрық  рай  қайшы 
болып  көрінеді.  Оның  құрамында  нақтылы  көзге  көрінетін  түбір 
морфема  мен  жіктік  жалғау  ғана  бар.  Мұнда  рай  жасаушы  морфема 
жоқ,  бірақ  бұйрық  мағына  бар,  мағына  бар  жерде  ол  мағынаны 
білдіруші форма да бар. Бұл – жалпы зандылық. Олай болса, бұйрық 
рай  нөлдік  морфема  арқылы  жасалады.  Мысалы:  -  Құс  жеткен 
жеріне қонады. Менің де жерім осы болған шығар, кешіріңдер, - Ақан 
кенет  Бүркітті  бауырына  қысты,  -  ал  қош  бол.  Жалғыз  тілегім 
халқынды  сүй...  Бірақ  менше  емес,  өз  жолыңды  тауып  сүй...  – 
Айтқаныңыз  келсін,  құрбым,  -  деді  Бүркіт  те  аға  жолымен 
жастарды  құрметтей.  –  Ағатай,  құтқара  көріңіз,  -  деді  де,  әрмен 
қарай сөйлей алмай, солқылдап жылап жіберді (І.Есенберлин). 
Бұл  бұйрық  райдағы  мысалдардың  құрамы  төмендегіше  болып 
шығады:  кешір-

-іңдер,  қош  бол- 

  -/ 

,  сүй- 

  - 

  ,  кел- 

  -іңіз
Міне,  сырттай  бұйрық  рай  райдың  үштік  жүйесіне  қайшы  келетін 
сияқты  болып  көрінгенімен,  ол  да  райдың  үштік  жүйесіне  сай 
келетінін көреміз. Атап айтқанда, бұйрық рай да басқа райлар сияқты 
алғаш  белгілі  морфемалар  арқылы  жасалған  болу  керек.  Оған 
төмендегі дәлелдерді келтіреміз. 
1.  А.Заиночковский  түркі  тілдеріндегі  негізгі  түбірдің  алғашқы 
типі дауыссыз-дауысты (с-г) дыбыстан құралған ашық буынды сөздер 
болған  деген  пікір  ұсынған  болатын.  Егер  осы  пікірге  сүйенсек, 
мынадай жағдай анықталады. Айталық, той, тол, кел, қал, қаш, қой, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет