Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет16/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   196
заманымыз  –  мынадай  темір  атқа  міну  (І.Есенберлин).  Мұнда 
заманның  кімге  қатыстылығына  мән  берілген,  иелік,  тәуелділік 
мағынаға  мән  берілу  ол  екеуінің  де  ашық,  толық  айтылуын  керек 
етеді.  Нөлдік  формада  тәуелділік  мағынаға  ерекше  мән  беру 
байқалмайды, онда мағына тұтас синтагмаға қатысты көрінеді. Біздің 
ауыл мына жақта ғой, - деді ол, қамшысының ұшымен күңгей жақты 
нұсқап  (І.Есенберлин).  Бұл  екінші  жақ  сыпайы  түрде  де  анық 
көрінеді.  Осы  сөйлемді  –  Сіздің  ауыл  мына  жақта  ғой,  -  деді  ол, 
қамшысының ұшымен күңгей жақты  нұсқап, - деп, өзгертіп қарайық, 
мұнда  жоғарыда  айтылғаннан  басқа  екінші  бір  мағыналық  реңк  те 
бар,  жекеше  екінші  жақ  сыпайы  түрдің  нөлдік  формасында 
сыпайылық мағына сәл бәсеңдеу. 
Тәуелдіктің нөлдік формасы барлық  жаққа байланысты емес. Ол 
негізінен  аталған  2  жаққа  байланысты,  олар:  1-жақ  көпше,  2-жақтың 
жекеше  сыпайы  түрі.  Мұның  біріншісі  тілде  жиі  кездеседі,  екіншісі 
сирек  қолданылады.  Ал  өздік  есімдігі  тәуелдіктің  үш  жағында  да 
нөлдік  формада  қолданылады.  Мысалы:  Халқы  бақытсыз  болса,  өз 
бақытын  көрмейді.  Өз  елім  Ақшатырдан  алыс  болған  соң,  Әкпарға 
еріп,  жазғы  демалыста  соның  аулына  барғанмын.  -Оқасы  жоқ,  біз  өз 
адамдарыңызбыз  ғой,  -  деді  Хасен  де,  жылы  шыраймен,  - 
қуаныштарыңызға ортақпыз (І.Есенберлин). Өз елің, өз тілің болмаса, 
дарының  сенің  кімге  керек...  Сол  дарынымызды  бағалайтын, 
өркендететін  өз  еліміз,  өз  тіліміз  болсын...    (І.Есенберлин).  Бұл 
мысалдардың бәрінде өздік есімдік нөлдік формада тұр. Ол бірден әрі 
тәуелдіктің, әрі ілік септіктің нөлдік формасында тұр, оның үстіне ол 
тәуелдіктің  жекеше,  көпше  де  әр  жағының  нөлдік  формасында  тұр. 
Мұнда  синтагманың  екі  мүшесінің  екеуінде  де  тәуелдік  жалғаудың 
қайталана  қолданылуы  оның  алғашқысын  нөлдік  формаға  көшірген. 
Өздік  есімдіктің  мұндай  тәуелдіктің  түрлі  нөлдік  формасында 
қолданылуы әбден қалыптасқан, тілде ол өте жиі кездеседі. 


 
32 
Өздік 
есімдігінің 
тәуелдіктің 
қосымшалы 
формасында 
қолданылуы да тілден орын алады,  ол екі форма да тілде қатар өмір 
сүреді.  Иелік  мағынаға  мән  бере  айтылғанда,  оның  қосымшалы 
формасы айтылады. Мысалы: Өздерінің қолдарының бос болмағанын 
бір  көргендей  болды  (С.  Мұқанов).  Мұнда  иелік  мағынаға  көңіл 
бөлініп айтылған, сондықтан ол қосымшалы формада қолданылған. 
Тәуелдіктің  бірыңғай  мүшелерде  қолданылуына  байланысты  да 
нөлдік формасы бар. Мысалы: Әлде, менің қатігез  әкем мен ағамнан 
қорқасың ба? Әке мен ағамнан қорыққандықтан емес (І.Есенберлин). 
Бір  бетте  қолданылған  осы  екі  сөйлемнің  алдыңғысында  әкем,  ағам 
сөздері  тәуелдіктің  қосымшалы  формасында  тұр.  Келесі  сөйлемде 
оның біріншісі (әке) нөлдік формада қолданылған, оның қай формада 
тұрғанын көршісі (ағам) көрсетеді.  
Сандылық  категориясындағы  нөлдік  форма.  Сандылық  -  өте 
абстракты  грамматикалық  категория.  Оның  мағынасы  мен  заттың 
нақтылы сан мағынасы бір емес. Бұл категория заттың сандық белгісі 
туралы  жалпы  ұғымға  негізделген,  оның  ішкі  мағыналық  құрамына 
келсек,  ол  жекешелік  және  көптік  мағыналардың  қарама–
қарсылығына  құрылған.  Флективті  тілдерде  бұл  қағида  даусыз 
қабылданып  жүр.  Категория  ең  кемі  екі  мағына  мен  оны  көрсететін 
екі  формадан  тұратыны,  бір  мағына  мен  бір  форма  категория  құра 
алмайтыны  жоғарыда  айтылған.  Осы  тұрғыдан  келгенде,  көптік 
мағына  мен  оның  формасы  өзінше  категория  бола  алмайтыны 
түсінікті. Соған қарамастан, соңғы кезге дейін кейбір түркі тілдерінде 
көптік  жеке  категория  ретінде  танылып  келгені  белгілі.  Бұл  жағдай 
категория  теориясының  тиянақты  болмауының,  форманы  асыра 
бағалаудың  нәтижесі  деп  түсіну  керек.  Түркі  тілдерінде  сандылық 
категориясы  даулы  мәселе  дәрежесінде  қаралып  жүргені  туралы 
бұрынырақ  айтқанбыз.  Бұл  пікір  таласының  тууына  жекешелік 
формалардағы  есім  сөздің  контекске  қарай  кейде  жеке  мағына 
беруімен  бірге,  жалпылық,  жинақтық  мағынаға  қатысы  бары  себеп 
болып  жүр.  Мысалы,  ол  қой  бағады,  мал  қайырады,  ағаш  тасиды. 
Мұндай қолданылу флективті тілдерде де кездеседі. Мысалы, книга –


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет