Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет19/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   196
салып  тұр...  Тамағынан  өтер  емес...  Бүркіт  Ақан  үшін  әлі  күреспек, 
қайтсе де, сонау қара қарғаны одан қумақ, үркітпек... Бұл – тарихтың 
ақиқат жолы (І.Есенберлин). 
Бұл  келтірілген  мысалдарда  3-жақтың  нөлдік  формасындағы 
сөздер  мыналар:  елегізи  қалды,  байқаған,  әдетіне  салып  тұр,  өтер 
емес, күреспек, қумақ, үркітпек, жолы.  Олар жедел өткен  шақтың, 
бұрынғы өткен шақтың, нақ  осы шақтың, болжалды келер шақтың, 
мақсатты  келер  шақтың  және  есім  сөздің  жіктелу  жүйесінің  3-
жағының нөлдік формасында тұр. Келесі мысалға назар аударайық: 


 
36 
- Сен неге тұрсың, бұл жерде, - деп дүрсе қоя берді, - сен емес пе 
ең менің Ақанмен жақындығымды, бойыма біткен ақындығымды көре 
алмайтын.  Бақас  көңлі  жай  тапқан  шығар,  қуан,  күл.  Көрдің  ғой 
қандай  бағам  бар  екенін.  Табала.  Түкір  бетіме.  Сен  де  кет.  Бар.  (1. 
Есенберлин).  Бұл  мысалдардағы  қуан,  күл,  табала,  түкір,  кет,  бар 
етістіктері  бұйрық    райдың  2-жақ    жекеше  түрін  білдіреді,  бірақ 
олардың  құрамында  нақтылы  жақтық  қосымша  жоқ.  Бұйрық  райдың 
1-3–жақтарының  жіктік  жалғауы  бар,  оның  2-жақ  жекеше  түрінде 
ондай  қосымша  жоқ.  3-жақта  қолданылатын,  3-жақтың  мағынасын 
білдіретін  осы  парадигманың  2-жақ  жекеше  түрінің  қосымшасының 
болмауы  оны  қалған  қосымшалы  жақтарға  қарама-қарсы  қойып,  
оның басқалардай емес, нөлдік морфема арқылы 2-жақтық мағынаны 
білдіретінін көрсетеді. 
Қазақ  тілінде  жіктелу  жекеше,  көпшелікке  де  қатысты  яғни  әр 
жақтың  жекеше  және  көпше  формалары  бар.  Бұл  жүйедегі  үшінші 
жақтың  көпше  түріне    тоқталайық.  1-2-  жақтардың      көпше    түрінің   
арнайы    морфемалары  (-айық,  -йық,  -ыңдар,  -ыңыздар)  бар,  олар 
жекеше түрден басқаша, бірақ 3-жақтың көпше түрінің көрсеткішінде 
ондай  айырма  жоқ,  жекеше  3-жақтық  жалғау  көпше  3-жақта  да  (ол 
барсын,  олар  барсын)  қолданылады.  Мұнда  көптік  мағынаның 
көрсеткіші  жоқ,  3-жақтың  көптік  мағынасының  болып,  бірақ 
көрсеткішінің жоқтығы оны нөлдік морфема арқылы  белгілеуді керек 
етеді.  Ол  нөлдік  морфеманы  1-2-жақтардың  көпше  түрінің  арнайы 
көрсеткіштері  дәлелдейді,  өйткені  мұндай  айрықша  көрсеткіш  3-
жақтың көпше түрінде де болуы керек еді, іс жүзінде ол жоқ. Жіктелу 
жүйесіндегі бұл нөлдік формалардың қалыптасу жайына келсек,  онда 
төмендегі жағдай байқалады. 
Жіктеу  жүйесінің  үшінші  жағының  қосымшасы  бар,  бірақ  ол 
қосымша  белгілі  шақтарда  және  бұйрық  райда  ғана  қолданылады, 
қалған  райлар  мен  шақтарда  ол  қолданылмайды.  Алғаш  3-жақтың 
бәрінде  де  қосымша  қолданылып,  нөлдік  формаға  кейін  көшкен. 
Мұнда  алдымен  оның  үш  жағының  да  қосымшасының  болуы,  тіпті 
осы  3  жақтық  жүйенің  өзі  оны  әуелде  толық  3  жақта  да 
қолданылғанын  көрсетеді.  Қазақ  тілінде  3-жақта  нөлдік  формада 
қолданылатын  райдың  басқа  түркі  тілдерінде  қосымшалы  формада 
айтылуы да оған дәлел. 
Қарачай – балқар тілінде –ған, -ген формасындағы өткен шақтың 
3-жақ  жекеше  түріне  –ды,  -ді  жіктік  жалғауы  жалғанады.  Қарайым 
тілінде келер шақтың болымсыз түріне 3-жақта жіктік жалғауы -тыр 
түрінде жалғанады:  айт-мас-тыр. Керісінше қазақ тіліндегі 3-жақты 
қосымшалы 
формасы 
көптеген 
тілдерде 
нөлдік 
формада 
қолданылады,  олардан  азербайжан,  татар,  құмық,  қырым 


 
37 
татарының  тілдерін  атауға  болады,  оларда  көсемшенің  –а,  -е 
жұрнағы  арқылы  жасалған  шақтың  3-жағына  жіктік  жалғауы 
жалғанбайды,  ол  3-жақта  нөлдік  формада  қолданылады.  Мысалы:  ол 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет