Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет24/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   196
2-тапсырма
Үзінділерден  негізгі  морфема  мен  көмекші 
морфеманы 
ажыратып, 
қандай 
мағыналардан 
тұратынын 
ажыратыңыз. 
Құдайым  берейін  десе,  жұдырыққа  тас  сынады,  қылайын  десе, 
быламыққа  тіс  сынады.  Жаңа  туған  баланың  кіндігі  қатқанша,  күн 
батқаннан  кейін  үйден  күл  шығармайды.  Жанып  тұрған  шырақты 
үрлемейді,  өйткені  бұлай  сөндіру  әдісінде  адам  ұмытшақ  болады. 
Адам боп оңай туғанмен, Адам боп қалу көп қиын. (Нақыл.) Ағайын 
жат болады, алыс болса, Жат та жақын болады, таныс болса.(Мақал.)  
Айыпкерде айбат жоқ, Айлакерде қайрат жоқ. (Мәтел.) Бір жаралыға 


 
43 
жәрдем  көрсетіп,  оны  аман  сақтап  қалған  жауынгер  -  ұл  тапқан 
анадан  артық.  (Нақыл.)  Соғыс  кезі  отанды  от  ораған,  Талай  асқақ 
арманда  оқ  бораған.  Еркектерді  түгелдей  әскерге  алды,  Жағдайына 
ешкімнің  жоқ  қараған.  (Газеттен.)  Кезінде  пантюркистік  идеяны 
құбыжыққа  айналдырып,  халқымыздың  қаймағын  сыпырып  алып 
көзін  жойған  жойқын  заманның  салдарынан  қазақ  халқының 
кеудесінде  жалпы  түріктік,  Тұран  ұрандары  сөнгені  ащы  болса  да 
шындық.  (Қ.Сәки.)  Қыпшақ  тамғасы  «қос  әліп»  туралы  мұсылман 
жазба 
ескерткіштерінде 
мәліметтер 
кездеспегенімен 
Каир 
қаласындағы  музейлерден  бірінде  мәмлүк  дәуіріне  қатысты, 
мәмлүктер орын тепкен қамал ішінде қазба жұмыстары табылған бір 
қыш  ыдыс  сақтаулы  тұр.  (Қ.Сәки.)  Қыпшақ  Байбарыс  атының  араб 
халқы  ауыз  әдебиетінде,  халық  романдарында  сүйікті  кейіпкерге 
айналып, қарапайым мысыр халқының санасында зұлымдық көбейсе 
күнбатыстан Байбарыс келіп әділеттік орнатады деген түсінік болған. 
(Қ.Сәки.)  Жеңімпаз  мәлік  Байбарыс  айбарлы  да  айбатты,  атақ-даңқы 
асқан, сұлтандыққа лайық, данышпан, мемлекеттің жағдайын білетін, 
алдында  шығыс  мәліктері  мен  насрани  мәліктер  тізе  бүккен  ұлы 
патша еді. Сұлтан Байбарыс Шам елдеріндегі христиан иеліктері мен 
қазіргі  Иран  мен  Ирак  жерінен  әрекет  еткен  Хулагу  мемлекетімен 
қанды  шайқастар  жүргізе  отырып,  ортақ  жаулары  селжұк  түріктері 
мен католик-крес көтерушілерге қарсы бірлескен қорғаныс келісіміне 
қол 
жеткізу 
мақсатында 
Византия 
императоры 
Михаил 
Палполжиспен хат алмастырып отырған. (Қ.Сәки.)    
3-тапсырмаБекіту сұрақтары 
1. Сөздің морфологиялық құрылымы деген не? 
2. Морфема және оның түрлерін дегеніміз не? 
3. Грамматикалық мағыналы қосымшалар дегеніміз не? 
4. Негізгі және көмекші морфемалар деген не?  
5. Жұрнақ және жалғау дегеніміз не? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет