Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет32/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   196
    Эмоционалды-экспрессивті сөздер және көмекші есімдер. Енді бір 
топ  зат  есімдер  мына  секілді  жұрнақтардың  жалғауымен:  -шық,  (-
шік), -ша (-ше), -сымақ, -й, -еке (-ке), -тай, -жан, -қан, -қай, -ш (-ыш, -
іш), кен түрлі эмоционалды, экспрессивті реңк тудырып, затқа көлем 
не сапа  жөнінде үстеме  мәндер жамап отырады. Мұндай зат  есімдер 
түбір  күйінде  тұрғанымен  салыстырғанда  жаңа  сөз  тудырмайды,  тек 
жаңа  реңкте,  мәнде  қолданылады.  Мысалы:  бота  –  бота+қан,  Үсен  –
Үсе-ке,  бала  –  бала+қан,  апа  –  апа+тай,  кітап  –  кітап+ша,  көл  – 
көл+шік,  әке  -  әке+жан,  үй  –  үй+сымақ,  Сәуле  –  Сәуле+ш  т.б. 


 
53 
А.Ысқақов  «Қазіргі  қазақ  тілі»  еңбегінде  бұл  сықылды  зат  есімдер 
семантикалық  жағынан,  форма  жағынан  әрі  мақмұн  жағынан  басқа 
зат  есімдерден  айырмашылығы  болғандықтан  өз  алдына  зат  есімнің 
эмоциялы,  экспрессивті  реңдерді  білдіретін  категориясы  ретінде 
қарауды ұсынады. 
Зат есімнің морфологиялық құрамы. Морфологиялық құрылымы 
жағынан  зат  есімдер  түбір  немесе  жұрнақ  қатысымен  келе 
беретіндіктен жалаң, ал құрамында кемінде екі түбірлі болып келуіне 
байланысты күрделі зат есімдерге бөлінеді. Жалаң зат есімдердің өзі 
тек  түбір  күйінде  қолдануына  байланысты  (бала,  көл  т.б.)  түбір  зат 
есімдер,  қайсыбірі  түбірге  жұрнақ  жалғануынан  жасалған  зат 
есімдерді (көлшік, балалық т.б.) туынды зат есімдер деп аталып жүр. 
    Зат  есімдер  жасалуының  үш  негізгі  тәсілі  бар:  лексикалық 
(семантикалық),  морфологиялық  (синтетикалық)  және  синтаксистік 
(аналитикалық).  Лексикалық  тәсілмен  жасалған  зат  есімдерге 
тілімізде  бұрыннан  келе  жатқан  зат  есімдер,  сол  сықылды  басқа 
тілдерден  енген  (мотор,  самолет  т.б.)  зат  есімдер,тілге  тән  жалпы 
қасиет  үнемі  дамып  отыратын  болса,  кейбір  зат  есімдердің 
семантикалық мағынасы кеңейіп (аялдама, қатынас) не тарылу, ауысу 
арқылы,  сөз  таптарының  қайсыбірі  субстантивтенуінен  (бірлік, 
жақсы+лық)  жасалған  зат  есімдер  жатса,  ал  сөздердің  бірігуі, 
қосарлануы, тіркесуі немесе қысқару нәтижесінен болған зат есімдер 
синтаксистік  тәсіл  арқылы  жасалған  тұлғалар  болып  табылады  да, 
жұрнақ көмегімен жасалған зат есімдерді: басшылық, жамандық, егін, 
сауын  т.б.  морфологиялық  тәсіл  арқылы  жасалған  зат  есімдер 
қатарына  жатады.  Зат  есімдер  тудыратын  жұрнақтардың  бір  тобы 
реңк мән үстейтіндігі де көзделеді: балақан, ботақан, әкей, ағатай т.б. 
Зат  есімдердің  реңк-мәнін  тудыратын  жұрнақтар.  Зат  есімнің 
реңк  мәнін тудыратын  жұрнақтар  мыналар:  -тай:  сәулетай,  қалқатай, 
ағатай  т.б.;  -  жан:  Абайжан,  Сәулежан  т.б.;  -қан,  -ақан,  -қай,  -кей: 
балақан,  ботақан,  балақай:  -шақ,  -шек,  -шық,  -шік:  құлыншақ, 
жарықшақ, төбешік, таушық, текешік, боташық, бөлмешік; -ша, -ше, -
ш:  сандықша,  кітапша,  қалқаш,  Сәулеш,  бөпеш,  Арман  –  Армаш;  -
сымақ:  ақынсымақ,  таусымақ,  батырсымақ;  -шығаш  (шігеш): 
байшігеш,  ершігеш  (ерсымақ),  батыршығаш  (батырсымақ)  т.б.  Ал  –
екеш (-егеш) бұл жұрнақ ретінде әлі толық қалыптасып болмаған, ол 
негізінен  жұрнақ  пен  көмекші  сөз  арасында  тұрған  форма:  тас  екеш 
тас та сынады, су екеш судың да сұрауы бар.  
Көмекші есімдер. Зат есімдер лексика-семантикалық мағыналары 
мен грамматикалық қызметтері жағынан бірдей емес. Олардың негізгі 
басым  көпшілігі  тікелей  өздерінің  лексикалық  мағыналарында 
жұмсалып,  өздеріне  тән  түрлену  жүйелерін  және  сөйлемде  өз 


 
54 
алдарына дербес мүше болу қасиеттерін де сақтап отырады. Ондай зат 
есімдер  негізгі  есімдер  деп  аталады.  Сонымен  қатар,  зат  есімдердің 
құрамында қарастырылатын, зат есімдерше түрленетін, бірақ зат есім 
сияқты  толық  мағынаға  ие  бола  алмайтын,  өздерінің  мағыналық 
қызметтерінен  жартылай  айрылған,  зат  есімдерге  тіркесіп  келіп 
көмекші  қызмет  атқаратын  сөздердің  тобын  көмекші  сөздер  немесе 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет