Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет23/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   196
Бекіту тапсырмалары
1-тапсырма.  Мәтіндегі  әрбір  сөздің  құрамына  толық  талдау 
жасап, морфемаларына жан-жақты сипаттама беріңіздер. 
Ұлытаудан  асқанша  жер  ыңғайына  қарай  үш  қатар,  бес  қатар 
болып  шұбыра  үделген  салқар  көш  байтақ  далаға  шыққан  соң, 
қанатын  жая,  жебелесе  жылжыды.  Ораз-Мұхамед  көріп  отыр,  көш 
жолына жақындай бергенде ұлыс бегі аттан қарғып түсті де, тізгінді 
соңындағыларға  тастай  бере,  белінен  келген  шалғынды  баяу  жүзіп, 
қарсы жүрді. Кешегі дұшпан аңсасы құрып, ас сұрап келсе, қызметші 
қыл да қасыңа ал; кешегі дос атқа мініп, жаяу сұрап келсе, қапысын 
тап  та  басын  ал.  (М.Мағауия.)  Атылған  жебенің  арыны  - 
тобыршықтың  ұшында  емес,  саржаны  сықырлата  созған  қарымды 
білек  пен  адырнаны  аңырата  тартқан  сіңірлі  саусақ  күшінде. 
(М.Мағауия.)  Қайраты  қайтса  да  күрестен  қажымаған,  көзі  дертке 
шалдықса  да  көңілі  қызықтан  жерімеген  Көшімнің  кәрі  жүрегіне 
шаншу қадалды. (М.Мағауия.) Айтпақшы, Тобольскідегі жаңа қауым 
мен Ескердегі байырғы жұрт бір әулет еді: орыс та, қазақ та, татар да 
баяғы Адам-Атадан тарайтын. (М.Мағауия.) Зерттеуші ғалым ғылыми 
заңдарды аша отырып, өзі ұсынған бастапқы жорамалды не растайды, 
не теріске шығарады. (Ә.Х.Тұрғынбаев.) Адам дамуындағы бастапқы 
шарт болып есептелетін физикалық, эмоциялық және интелектуалдық 
қасиеттері  неғұрлым  төмен  болған  сайын,  соғұрлым  олар 
қауымдастыққа бірігуге мәжбүр бола береді. (Ә.Тұрғынбаев.) Мидтің 
пікірінше,  адамның  мінез-құлқы  тек  оның  өзін-өзі  түсінумен  ғана 
айқындалмайды, сондай-ақ, мәдениетпен, оның атқаратын әлеуметтік 
рөлімен, әр түрлі  әлеуметтік институттармен айқындалады.  «Атамыз 
адам  пайғамбар»  деген  ұзақ  жырында  Шортанбай  көптеген 
мәселелерді қозғап, өзінің әр саладағы түсініктерін күйілжімей ашық 
айтқан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет