Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет29/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   196
Бекіту тапсырмалары
1-тапсырма. Мәтіндегі атауыш сөздер мен көмекші сөздерді 
тауып, түрлеріне қарай топтап жазыңыздар. 
Шындықтың  көбінесе  қарапайым  болатыны  соншалық  -  оған 
жұрт сене бермейді. (Ф.Леваль.) Мейірімді болу оңай, әділ болу қиын. 
(В.Гюго.)  Тәртіпке  бас  иген  құл  болмайды,  тәртіпсіз  ел  болмайды. 
(Б.Момышұлы.)  Мен  білмеймін:  өзгере  ме,  өзгермей  ме  шын  асыл, 
Кейде,  тіпті,  ащыдан  да,  тұщыдан  да  шығасың,  Кейде  әңгімең 
жараспайды, жақын деген жанмен де, Айта-айта жалығасың, ең әдемі 
әннен де! Балаға деген махаббатқа ешбір махаббат теңдесе алмайды, 
ол өле-өлгенше суынбайтын махаббат. (Ғ.Мұстафин.) Мәдениет деген 
тек домбыра тартып, өлең айту емес, өз ұлтыңды сүю, ұлтың үшін қай 
салада  болса  да  қызмет  ету.(Газеттен.)  Белгілі  бір  мақсат  қоймаса, 
Ақылдың  өзі  ада  болады.  (М.Монтень.)  Жақсының  басына  іс  түссе, 
Жаманның батар табасы. (Мақал.) Уа, тексіздер, бәріміз түгел хайуан  
болсақ  та,  Еркіміз  жоқ  дегенмен,  есек  емес    едік  қой.    Айтағына 
уақыттың  осыншама  желікпей,  Қоя  тұрсаң  нең  кетті, өңкей  есер  құл 


 
49 
неме.  (Ж.Нәжімеденов  «Жаңғырық».)  Қанша  жүрек  болса, 
махабаттың  да  осынша  түрі  болады.  (Л.Н.Толстой.)  Алайда 
Абылайдан  сескенген соң, Жөнелді ертеңіне Қытайға ауып, Алаштың 
ардагері  Батыр  баян,  Бір  қарда  қала  берді,  топырақ  ауып.  Күш 
арзандағанда, ақыл қымбаттайды. (Нақыл.) Бұланай таудың басында, 
Бұлағай  бұлттың  астында,  Алдына  ешкі  шоңқайтып,  Артына  лақ, 
қалқайтып, Құз басында Құлжа тұр. (Ә.Кекілбайұлы «Дүние ғапыл») 
2-тапсырма.  Мәтіндегі  сөздерді  сөз  табына  ажыратыңыздар 
және 
қандай 
белгісіне 
сүйеніп 
ажыратқандарыңызды 
түсіндіріңіздер. 
Салдар ауылға тақай бергенде, алдарынан шапқыншы боп келген, 
мойындарына  сапы  асынған  жасауылдары  болатын.  (М.Әуезов.) 
Жастықта  әр  тараптың  басын  шалсаң,  Қармақты  тәуекел  деп,  суға 
салсаң, Еңбегің еңбектенген кетпес зая, Міндетке бір жетерсің ойыңа 
алсаң.  (А.Қорамсаұлы)  Керең  тұрды  алға  екі-үш  аттап,  Алдындағы 
бос  ауаны  құшақтап,  Ол  тірлікте тағы  да  бір  жеңілді,  Тұрды  сол  сәт 
тас  мүсінге  ұқсап  қап.  (Ж.Нәжімеденов  «Жыр  жиһазы»).  Әрбір  істі 
жақсы  істеу  үшін,  оны  жақсы  көру  қажет.  (М.Горький  «Ақылдың 
кені».)  Күйшінің  дәл  қазіргі  көңіл-күйіне  қосыла  білмеген  саусақтар 
алғашқы  серпінді үш  қағыстан  соң  үстіңгі  ішектерді  қуалап,  төмеңгі 
сағаға  қарай  сырғығанда,  кез-келген  кеудеге  сия  бермес  сыр 
арқалаған  күй  сазы  көңіл  шіркінді  көк  дөненге  мінгізді. 
(Н.Жүнісбайұлы  «Кертолғау»)  Тіс  кімде,  күш  кімде  -  бәрі  соның 
қолында,  таразы  да  -  сол.  (Ғ.Мүсірепов.)  Он  бесіңде  азамат  болсаң, 
алпысыңда  бала  боласың.  (Т.Фуллер.)  Ойымен  көкке  көтерілген  жан 
үшін  қашан  да  жол  ашық:  бұлттың  үстінде  әрқашан  күн  жарқырап 
тұрады. (Л.Тостой.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет