52
оның бүкіл семантикалық мағыналарының сан алуандығын ашып
бере алмайды; тек лексика-грамматикалық жағынан бір ерекшелігін
ғана көрсете алады. Жалпы зат есімдердің бір ерекшелігі – зат есімдер
жіктелетін болғанымен, жалпы есімдердің стильдік мақсатта болмаса,
тек адамға қатысты атаулар ғана жіктеледі (оқушымын, оқушысың
т.б.).
Ал жалқы есімдер зат есімдерді жекелеп, даралап айтылған
есімдер болады да, олар бас әріптерден басталып жазылады. Жалқы
есімдерді де семантикалық мағына жағынан бірнеше топтарға бөлуге
болады: адам есімдері: Асан, Үсен т.б., жер-су атаулары: Қаратау,
Балхаш т.б., мекен атаулары деп оның өзін бірнеше майда топтарға
бөлуге болады. Мысалы, жоғары оқу орны: ҚарМУ, ҚарПИ т.б.
өндірістік орындар, ауыл шаруашылыққа байланысты т.б. Жалқы
есімдерге мерзімді баспа сөздер аттары, газет-журналдар сол секілді
жекелеген
шығармалар,
хайуанаттарға
қойылған
атаулар,
астрономиялық атаулар деп топтап бөле беруге болады. Ал жалпы
алғанда А.Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі» еңбегінеде жалқы есімдерді
екі үлкен топқа:
кісі аттары, географиялық атаулар деп бөлген.
Жалқы есімдердің грамматикалық ерекшеліктерінің бірі – көптік
жалғауын қабылдамауы. Егер қабылдаса, басқа мәнге ие болады.
Мысалы: Асандар келді десек, көптік мағынаға ие болып тұр, ал
кісілер десек, онда өзгеріп жалпы есімге айналып отыр. Сонымен
бірге жалпы есімдер өзі анықтайтын сөзге ілік формасымен тіркеседі:
Ертіс жағасы, Асанның Үсені; кісі аты атау тұлғада да тіркесе алады:
Қажымұқан балуан, Әміре әнші, Құрманғазы күйші т.б., кісі аты,
фамилиясы күрделі есім жасайды: Әміре Қашаубайұлы т.б.
Жалқы есімдер ішінде кісі атауларына тән реңк категориясы бар:
Үсен–Үсеке, Сәуле–Сәулеш, Сәулетай т.б.; қайсыбір есімдер
жыныстық ерекшелікті де аңғартады: Алма (қыз бала), Асан (ұл бала).
Екі мағынада да қолданылатындары санаулы.
Сонда бұл секілді зат есімдерді затты жеке даралап атамай, оның
жиынын тобымен атайтын зат есімдерді көптік мәнді есімдер деп
атаймыз деген қорытынды шығаруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: