Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет36/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   196
Сын  есімнің  морфологиялық  сипаты.  А)  Сын  есімнің 
морфологиялық 
құрылысы. 
Сын 
есімдер 
морфологиялық  
құрылысына  қарай  дара  және  күрделі,  негізгі  және  туынды  болып 
бөлінеді. 
Ақ, көк, қызыл, ұзын, қысқа секілді бір сөзден болған сын есімдер 
дара формада да, ал қызыл,  көк ала болып күрделі формада да келеді. 
Негізгі  сын  есім  мен  туынды  сын  есім  тіркесіп  келіп  те  күрделі  сын 
есім құрай береді. 
Туынды  сын  есімдер  белгілі  жұрнақтардың  есімдерге, 
етістіктерге, үстеулерге тіркесуі арқылы жасалады. 
Ә)  Сын  есімнің  жасалу  жолдары.  Туынды  сын  есімдер  3  түрлі 
тәсіл  арқылы  жасалады.  Ол  тәсілдер:  семантикалық,  аналитикалық, 
синтетикалық тәсілдер. 
1.  Семантикалық  /морфологиялық-синтаксистік/  тәсіл  арқылы 
жасалған  сын  есімдер.  Белгілі  бір  синтаксистік    формадағы    сөздер 
бірте-бірте дами отырып, адъективтену арқылы сын есімге айналады. 
Мысалы, басқа, өзге, шалажансар т.б. 
2.  Аналитикалық  /синтаксистік/  тәсіл  арқылы  жасалған  сын 
есімдер. Сын есімдердің  бұл түрі негізгі  сын есімдердің бір-бірімен 
тіркесуі арқылы /ақ сары, қара көк, көк ала.../, негізгі сын есімдер мен 
туынды сын есімдердің тіркесуі арқылы /ақ киімді, қара белбеулі, зор 
денелі.../,  зат  есім  мен  туынды  сын  есімнің  тіркесуі  арқылы  /ауыз 


 
61 
жолды,  жібек  көйлекті,  алтын  шашты.../  және  сын  есімдердің 
/негізгі  және  туынды/  қосарлануы  мен  қайталануы  арқылы  да 
жасалады. Мысалы, үлкен-үлкен, үлкен-кіші, таулы-таусыз т.б. 
3.  Синтетикалық  /морфологиялық/  тәсіл  арқылы  жасалған  сын 
есімдер. Сын есімнің бұл түріне арнаулы жұрнақтар арқылы жасалған 
сын есімдер жатады. Мысалы, мал-ды, тау-лы, сырғы-малы, т.б. 
Б) Сын есім тудыратын жұрнақтар: 
1. Есімдерден сын есім тудыратын жұрнақтар; 
2. Етістіктен сын есім тудыратын жұрнақтар; 
Есімдерден сын есім тудыратын жұрнақтар: 
–қы, -кі, -ғы, -гі: функциясы өте кең, аса өнімді жұрнақ. Мысалы, 
шет-кі, ауыз-ғы, мектепте-гі, кеш-кі, түс-кі т.б. 
–лы,  -лі,  -ды,  -ді,  -ты,  -ті:  аса  өнімді  жұрнақ.  Мысалы,  бала-лы, 
тас-ты, икем-ді, гүл-ді, әсер-лі т.б. 
–сыз, -сіз: өнімді форма. Есім сөздерден болымсыздық мағыналы 
сын есім тудыратын жұрнақ. Мысалы, су-сыз, өнім-сіз т.б. 
–шыл, -шіл: өнімді форма. Мысалы, ұйқы-шыл, күлкі-шіл. 
Сын  есім  –  семантика,  грамматикалық  жағынан,  яғни 
морфологиялық  ерекшелігі  мен  сөзжасам,  сөз  түрлендіру  амалы 
жағынан  да,  синтаксистік  қызметі  мен  басқа  сөздерімен  тіркесіп 
қолданылуы жағынан да қазіргі қазақ тіліндегі өзіне тән еркшелігі бар 
сөз  табының  бірі.  Сын  есім  –  семантикалық  жағынан  заттың, 
құбылыстың түрлі сапасын, белгісін, түсін, көлемін затқа, құбылысқа, 
іс-әрекетке  қатысын  білдіретін  сөздер.  Сын  есімнің  маңызды 
белгілері: 
- Заттың түр-түсін білдіреді: ақ, қызыл, боз, сары. 
-  Заттың  көлемдік,  аумақтық,  салмақтық  белгісін,  сынын 
білдіреді: мол, ауыр, жүйрік, жуас, берік. 
- Заттың сапалық белгі, сипатын білдіреді: ақ етті, ашаң жүзді, 
әдемі, надан. 
-  Заттың  дәмі,  иісі  және  басқа  сипаттарына  байланысты 
белгілерін білдіреді: қалың, жұмсақ. 
-  Затқа,  қимылға,  іс-әрекетке,  мезгіл-мекенге  қатысты  сынды 
білдіреді: нұрлы, білікті, атақты, биылғы, жылдағы.  
Сын  есімнің  табиғи  қызметі  –  ешбір  өзгеріске  түспей-ақ  зат 
есіммен тіркесіп, заттың әр алуан қызметін, сындық белгісін анықтау. 
Абзал  адам  азбайды  арын  сүйген.  Жақсы  тәртіп  -  әдетке  айналса  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет