Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет34/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   196
мезгілдік  қатынастарды  білдіреді.  Сөздерді  топтастыру  принципі 
бойынша  көмекші  есімдер  көмекші  сөздердің  тобына  жатады.  Олар 
шылаулармен  бір  топта  қарастырылуға  тиіс.  Бірақ,  өкінішке  орай, 
олардың шылаулардан айырмашылықтары да бар. 
Семантикалық  ерекшеліктеріне  қарай,  көмекші  есімдер  көлемдік 
және  мезгілдік  мағыналарды  білдіретін  барыс,  жатыс,  шығыс, 
көмектес септік формаларында қолданылады. Бұдан көмекші есімдер 
атау, ілік, табыс септік формаларында жұмсалмайды екен деп айтуға 
болмайды,  олар  ретіне  қарай,  қажетті  болған  жағдайда,  бұл 
грамматикалық септік жалғау формаларында да қолданылады. 
Көмекші  есімдердің  түпкі  шыққан  төркіндері  орын,  мекен 
жайларына  байланысты,  белгілі  бір  заттың  я  нәрсенің,  заттық 
құбылыстың не оқиғаның алды я арты, асты я үсті, іші я сырты, жаны 
я  қасы,  маңы  я  тұсы,  арасы  я  ортасы,  шегі  я  жағасы,  басы  я  ұшы 
сияқты  ұғымдардың  атаулары.  Көмекші  есімдердің  көбіне  көлемдік 


 
56 
қатынастарды 
білдіретіні, 
олардың 
түпкі 
төркіндерінің 
семантикасымен тікелей ұштасып жатады. 
Шылау сөздей емес, көмекші есімнің өзі тіркесетін атаушы сөзге 
үстейтін семантикалық реңі я мазмұны қандай болатыны сол тіркестің 
мазмұнынан  көрініп  тұрады.  Оның  себебі  –  көмекші  сөздердің 
мағыналары  қаншалықты  қожыраса  да,  шылау  сөздердегідей  я 
бүтіндей,  я  жартылай  жоғалып  кетпейді,  жартылай,  не  бүтіндей 
көмекші  есімдердің  бойларында  сақталып  отырады.  Мысалы,  үшін, 
дейін  септеуліктерін,  ғой,  ма  (ма...)  демеуліктерін  алсақ,  олардың 
мағыналары  атаушы  сөздерге  тіркеспей,  жеке-дара  тұрғанда  анық 
аңғарылмайды. Ал үсті, іші, сырты, арасы сияқты көмекші есімдерді 
алсақ,  олар  тиісті  сөздерге  тіркеспей-ақ,  жеке-дара  тұрып  та  белгілі 
бір көлемдік қатынастармен байланысты ұғымдарды білдіреді. 
Көмекші  есім  де  өзі  тіркесетін  атаушы  сөзге  қосымша  мағына 
үстеп,  оның  орнын,  бағытын  айқындап  отырады.  Бірақ  ол  үстейтін 
мағыналық рең әрбір көмекші есімнің лексикалық мағынасына сәйкес 
тұрақты  болғанымен,  оған  қосымшалардың  мағыналарына  орай, 
қызметі жағынан өзгеріп отырады. 
Көмекші  есімдерді  шылау  сөздермен  морфологиялық  сипаттары 
жағынан  да  бір  қатарға  қоюға  болмайды.  Өйткені  шылау  сөздер  – 
морфологиялық  жағынан  белгілі  бір  формаларда  қалыптасқан 
көмекші  сөздер  болса,  көмекші  есімдер  зат  есімдерге  тән 
формалардың бәрін сақтайды. 
Демек,  көмекші  есімдер  өздерінің  көмекшілік  қызметтерінің 
қажетіне  қарай  көптік,  тәуелдік,  септік,  жіктік  жалғауларын  және 
кейбір жұрнақтарды да қабылдай отырып сақтай береді. Мысалы, 
1.  Асқар  мен  Ержан  далаға  шықса,  үйдің  сыртына  жалғыз  ат 
жектірген, үстіне полициялық киімі бар, көзілдірікті, қылышты біреу 
түсіп жатыр екен. 
2.  Баймағамбеттің  әңгімесі  жаңа  басталғанда,  бұл  екеуінің 
қастарына кішкене молда, Байтоқалар келді. 
3.  Біз сияқты, сіз де оқу үстіндесіз. 
Осы  сөйлемдердегі  сыртына  (сырт-ы-на),  үстіне  (үст-і-нде), 
қастарына  (қас-тар-ы-на),  үстіндесіз  (үст-і-нде-сіз)  формаларында 
көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғауларының бәрі бар. 
Көмекші  есімдер,  қай  формада  тұрсын,  қашанда  болсын, 
өздерінен  бұрынғы  ілік  септіктегі  есімдермен  тіркеседі  де,  солармен 
бірлесіп  сөйлемнің  күрделі  мүшесінің  құрамына  енеді.  Сондықтан 
көмекші  есім  тиісті  тіркестің  септелетін,  көптелетін  бөлшегі  ретінде 
жұмсалатындықтан,  сол  бүтін  тіркестің  синтаксистік  қызметі,  сол 
көмекші  есімдерге  жалғанатын  қосымшалармен  тығыз  байланысты 
болады. Көмекші есімдер, өздеріне қай септіктің жалғауы жалғануына 


 
57 
қарай, орыс тіліндегі предлогтардың беретін мағынасын да қамтиды. 
Отан  алдында,  жиын  алдында,  үй  алдынан,  үй  алдына  деген 
тіркестер  сөйлемдердің  бір  ғана  мүшесінің  қызметін  атқарады.  Сол 
тіркестердің  барлығы  да  көлемдік  мағына  беретіндіктен,  күрделі 
мекен  пысықтауыш  болады.  Бірақ  бұл  тіркестердің  әрқайсысының 
мағынасында 
әр 
түрлі 
септік 
жалғау 
жалғануына 
қарай 
айырмашылықтар бар. Мысалы, отан алдында, жиын алдында деген 
тіркестер жатыс септіктің жалғауында тұрғандықтан, қимылдың, істің 
болатын (болған, болып жатқан) орнын, мекенін көрсетеді де, қайда? 
деген сұраққа жауап береді. Үй алдынан деген тіркес шығыс септікте 
тұрғандықтан,  қандай?  деген  сұраққа  жауап  беріп,  қимылдың  қай 
орыннан шыққанын, қай орын арқылы өткенін білдіреді. Үй алдынан 
тіркесінде  көмекші  есім  барыс  септігінде  тұр,  тіркес  тұтасымен 
қайда? деген сұраққа жауап беріп, қимылдың бағытын білдіреді. 
Көмекші есімдердің синтаксистік қызметінің ерекшелігі олардың 
мағыналық  ерекшеліктерімен  байланысты.  Тәуелдеулі  көмекші 
есімдердің  мағынасын  ілік  септіктегі  толық  мағыналы  есімдерден 
бөліп алып қарауға болмайды. 
Көмекші  есімдер  көлемдік  қатысты  көбінесе  жатыс,  шығыс, 
барыс септіктерінде қолданады. Мысалы: 
1. Атау. Үй іші аз уақыт жым-жырт еді. 
2. Ілік. Үй ішінің сөзі тыйылды. 
3. Барыс. Оның үй ішінде Бейсен - аса жақын дос. 
4. Табыс. Үй ішін жинады да, Әсия қой күзетіне шықты. 
5. Жатыс. Үй ішінде барлық сөз үзіліп, жым-жырт болды. 
6. Шығыс. Үй ішінен шаң-шұң шыққандай болды. 
7. Көмектес. Үй ішімен қанша өкпелессе де, ол өзінің бас мұңын 
жұмыс үшін құрбан ете алды. 
Өзара  тіркесіп  бір  мүше  болып  қызмет  атқаратын  ілік  септіктегі 
негізгі есім сөз бен тәуелдеулі көмекші есімнің арасына дәл, қақ, нақ, 
нағыз,  тіке  сияқты  күшейткіш  үстеулер  қыстырылып  та  айтылады. 
Мысалы,  Үйір-үйір  жылқыны,  Үйіріп  әкеп  қойыпты,  Өзімнің  дәл 
қасыма. (Жамбыл) 
Бұл  күшейткіш  үстеулер  осылай  тіркескен  атаушы  сөз  бен 
көмекші  есімнің  ара  қатынасын,  соған  сәйкес,  мағынасын  ашып, 
айқындап  түседі.  Егер  ондай  күшейткіш  үстеулер  сол  тіркестердің 
арасына  түспесе,  ілік  септікте  тұратын  есімнің  жалғауы  көбіне  түсіп 
қалады. Мысалы, Біз тау басында тұрамыз (таудың басында). 
Тәуелдеулі  көмекші  есімнен  бұрын  тұратын  ілік  септіктегі 
атаушы  сөздердің  айтылмайтын  жағдайлары  бар,  үстіңде  пальтоң 
бар  ма?  үстімде  пальтом  бар,  үстінде  пальтосы  бар  екен.  Бірақ 
мұнда  мынадай  ерекшеліктер  бар:  біріншіден,  ондайда  айтылмай, 


 
58 
түсіп қалатын ілік септіктегі сөздер не жіктеу есімдіктері болады, не 
тәуелденіп  барып  ілік  септікте  қолданылатын  өздік  есімдік  болады 
(өз-ім-нің).  Мысалы,  Менің  үстімде  пальтом  бар.  Сенің  үстіңде 
пальтоң  бар.  Оның  үстінде  пальтосы  бар.  Екіншіден,  ілік  жалғаулы 
сөз  бұрын  айтылған  сөйлемнің  соңғы  ойға  байланысынан  белгілі 
болып тұрған жағдайда ол көңілде сақталады да, жалғыз ғана көмекші 
есімнің  өзі  айтылады.  Мысалы,  Мен  Асқарды  көрдім,  қасында 
Дүйсенбай бар, үстерінде пальтолары жоқ екен
Көмекші  есімдердің  синтаксистік  қызметі  мен  морфологиялық 
формаларында 
айырмашылық 
болмайтындықтан, 
оларды 
семантикалық  жағынан  ғана  жіктеуге  болады.  Көмекші  есімдер  бір-
бірімен  синонимдес  және  антонимдес  болып  келеді.  Мысалы,  үсті-
басы,  арты-сырты,  басы-қасы,  жаны-жағы,  беті-тұсы,  алды-беті, 
ортасы-іші,  арасы-іші,  шеті-жағасы,  басы-төбесі,  түбі-аяғы  сияқты 
көмекші  есімдер  -  өзара  мағыналас.  Ал  алды-арты,  асты-үсті,  іші-
сырты,  беті-түбі,  беті-асты,  ар  жағы-бер  жағы,  шеті-ортасы  сияқты 
көмекші есімдер - өзара қарсы мағыналас сөздер. 
Көмекші  есімдердің  осы  сипаттарын  олардың  қосарланып 
қолданылу  ерекшеліктерін  байқауға  болады.  Мысалы,  Жан-жағынан 
айқай  шыққан  соң,  іріктелген  жылқылар  шаңды  аспанға  көтереді. 
(С.М.) 
Көмекші  есімдердің  қатарына  бір  кездерде  көлемдік  я  мекендік 
қатынастарды білдірмейтін жөні, турасы, жайы, хақы, бабы, арқасы, 
тәрізді  сөздер  де  жатқан.  Бірақ  бұл  сөздер  көмекші  есімдердің 
қатарына  бірте-бірте  бөлініп,  жөнінде,  турасында,  жайында, 
хақында,  бабында,  арқасында,  жөнінде,  турасында,  хақында, 
бабынан  деген  формаларда  көнеленіп,  шылау  сөздердің  қатарына 
ауысқан. 
Ескеретін  жай:  1.Көмекші  есім  қайталанып  та  қолданылады, 
бірақ  қайталану  арқылы  жасалған  жаңа  форма  үстеу  сөзге  айналады 
да,  дербес  мүше  болады.  Мысалы,  Зеңбірек  снарядтарды  суға  үсті-
үстіне  түсіп,  аспанға  шапшыған  судан  күміс  бағаналар  орната 
бастады.  (Ғ.Мүсірепов)  2.Көмекші  есімдердің  лексикаланып  та, 
идиомаланып  та  кеткен  тіркестері  де  кездеседі.  Мысалы,  Мал  кешкі 
өрістен  қайтар  шақта,  ат  үсті  жүрістер  еленбейтін  кезде  аттанып 
кеткен.(М.Әуезов). 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет