Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет39/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   196
 
4.4 Есімдік 
 
Қазақ тіліндегі өзіндік ерекшелігі мол сөз табының бірі - есімдік. 
Есімдік  үнемі  заттың  атын,  сынын,  санын  айтудың  орнына 
қолданылады.  Яғни,  есімдердің  орнына  қолданылады.  Есімдіктер 
белгілі бір ойды түсінікті жалпылама түрде мегзеу арқылы білдіреді. 
Есімдіктердің  мағынасы  өзінен  бұрын  айтылған  сөзге  не  сөйлемге 
қарай  айқындалады.  Мысалы:  жіктеу  есімдіктері:  мен,  сен,  ол 
сөйлеушінің  белгілі  болуына  байланысты  нақтыланады.  Мен  кітап 
оқыдым.  Сен  кино  көрдің  деп  айтатын  болсақ,  есімдіктердің  нақты 
кімге  байланысты  айтылғанын  аңғара  аламыз.  Ал  егер  есікті  біреу 
қағып рұқсат сұрайтын болса, бұл кім деп сұраймыз. Бейтаныс дауыс 
менмін  деп  жауап  береді.  Танымағасын  менің  кім  деп  сұрайсын.  
Демек,  есімдіктердің  өз  алдына  нақты  мағынасынан  ғөрі,  сілтеу, 
нұсқау  мағыналары  басым  болады.  Есімдіктер  нақты  затты 
сипаттамай,  анықтамай,  сынын  көрсетпей  тек  соларға  нұсқау 
қызметін атқарады. Есімдіктер есімдермен тығыз байланысты болып, 
әдетте,  солардан  кейін  келіп  отырады.  Бірақ,  олардың  атқаратын 
қызметі әр түрлі болып келеді. Есімдіктердің бір тобы заттық ұғымды 
білдіретін  сөздердің  орнына  жұмсалып,  заттық  атаулардың 


 
67 
орынбасарлары  болады  да,  екінші  тобы  заттың  белгісін  білдіретін 
сөздердің  орнына  қолданылып  белгі  атауларының  орынбасарлары 
болып 
отырады. 
Бұлардың 
алғашқысын 
тіл 
ғылымында 
субстантивтік  есімдіктер,  соңғысын  атрибуттық  есімдіктер  деп 
атайды. 
Қазақ  тілінде  басқа  сөз  таптары  есімдіктер  қатарына  ауыса 
алмайды. Тек, бір, біреу сияқты сан есімдер болмаса. Олар белгісіздік 
есімдігі болып та келіп отырады. Субстантивтік есімдіктер кез-келген 
жерде  көптеле  де,  септеле  де,  тәуелдене  де,  жіктеле  де  береді.  Ал 
атриутвтік  есімдіктер  дәл  өз  мағынасында  қолданылып  тұрғанда  сөз 
түрлендіретін  формалардың  ешқайсын  да  қабылдамайды.  Сөз 
өзгеретін  формалар  атрибутивтік  есімдерге  тек  субстантивтенген 
жағдайда ғана қосыла алады. Есімдіктердің бәріне бірдей, тең, ортақ 
заңдылық  -  олардың  бәріне  тән  бір  формалар  мен  өзгеру 
амалдарының  жоқтығы.  Осы  белгісі  арқылы  есімдіктер  басқа  сөз 
табынан  оқшауланады.  Есімдіктер  шығу  төркіні  жағынан  екі  топқа 
бөлінеді: бірі көне заманнан келе жатқан  байырғы түбір есімдіктер
екіншісі  тіліміздің  даму,  жетілу  процесінде  туып,  қалыптасқан 
есімдіктер. Есімдіктердің алғашқы тобына жататын  есімдіктер түбір 
сөздер сипатында болады. Мысалы: мен, сен, ол, сіз, біз, қай, кім, не, 
бұл, осы. Есімдіктердің екінші тобы үш топқа бөлінетін есімдіктерден 
тұрады:  а)  алғашқы  мағыналары  өзгере  келе  есімдіктер  дәрежесіне 
ауысқан  сөздер:  бір,  бар,  біреу,  бүкіл,  түгел  т.б.  ә)  морфологиялық 
тәсіл арқылы / -у элементі/ жасалған есімдіктер: мына-у, сона-у және 
әр  түрлі  формалар  арқылы  қалыптасқан  есімдіктер:  барлық,  барша, 
қанша, ешқандай, әлдеқашан, әлдекім, т.б.  
Синтаксистік қызметі жағынан берік қалыптасқан заңдылық жоқ. 
Олар  сөйлемде  баяндауыш,  анықтауыш,  толықтауыш,  пысықтауыш, 
бастауыш болады. 
Қазақ  тілінде  есімдіктер  саны  көп  емес.  Олардың  саны  70-тен 
аспайды. Бірақ олардың атқарар қызметі орасан зор және жан-жақты. 
Мағыналарына қарай олар 7 топқа бөлінеді: 
1. Жіктеу есімдіктері 
2. Сілтеу есімдіктері 
3. Сұрау есімдіктері 
4. Жалпылау есімдіктері 
5. Өздік есімдіктері 
6. Белгісіздік есімдіктері 
7. Болымсыздық есімдіктері. 
Жіктеу  есімдіктері.  Саны  жағынан  өте  көп  емес,  бірақ  қызметі 
жағынан  жиі  қолданылатын  есімдіктер  тобы.  Оларға  мына  сөздер 
жатады:  мен,  сен,  сөз,  ол,  біз,  біздер,  сіздер,  сендер,  олар.  Жіктеу 


 
68 
есімдіктері  үнемі  жақтық  ұғыммен  байланысты  болып,  әрқашан 
белгілі  бір  жақты  көрсету  үшін  қолданылады.  Сондықтан  үнемі 
адаммен  байланысты,  яғни  сөйлеуші,  тыңдаушы  және  басқа  адам 
деген ұғымды беру үшін айтылады. Мысалы: мен есімдігі тек I жақта 
айтылады  да  сөйлеуші  дегенді,  сен  есімдігі  II  жақта  айтылады  да 
тыңдаушы дегенді, ал ол есімдігі III жақта беріледі де бөгде кісі деген 
түсінікпен байланысты болады. 
Жіктеу  есімдігінің  III  жағы  ол  сілтеу  есімдігімен  ортақ  болып 
келеді.  Оның  мағынасы  сөйлем  ішінде  ғана  дифференцияланып 
/сараланады,  бөлінеді/    анықталады.  Мысалы:  Ол  келді.  -  Ол  адам
Алғашқысы жіктеу есімдігі болса, соңғысы сілтеу есімдігі. Лингвист-
ғалым  Ә.Төлеуов  ол  есімдігінің  о  бастағы  түбірі  о  болуы  керек  деп 
топшалайды.  Ғалым  бұл  пікірінің  көптік  формасын  қабылдаған 
кездегі өзгерісіне байланысты айтады. Мысалы: о-лар. Сондай-ақ бұл 
есімдіктің  септелу  үлгісіде  ерекше.  Жіктеу  есімдіктерінің  бәрі  де 
септік жалғауларын қабылдай алады. Мынадай формада септеледі: 
Жекеше: 
А. Мен, сен, сіз, ол. 
І.  Менің, сенің, сіздің, оның. 
Б. Маған, саған, сізге, оған. 
Т. Мені, сені, сізді, оны. 
Ж. Менде, сенде, сізде, онда. 
Ш. Менен, сенен, сізден, онан /одан/. 
К. Менімен, сенімен, сізбен, онымен. 
Көпше: 
А. Біздер, сендер, сіздер, олар. 
І.  Біздердің, сендердің, сіздердің, олардың. 
Б. Біздерге, сендерге, сіздерге, оларға. 
Т. Біздерді, сендерді, сіздерді, оларды. 
Ж. Біздерде,сендерде, сіздерде, оларда. 
Ш. Біздерден, сендерден, сіздерден, олардан. 
К. Біздермен, сендермен, сіздермен, олармен. 
Осы  септеуде  тек  сіз  есімдігі  ғана  есімдер  сияқты  түрленбей 
септеліп отыр. Ал мен, сен, ол есімдіктерінің септелу жүйесінде біраз 
ерекшеліктер бар. Олар мыналар: 
1. Ілік, барыс, табыс, шығыс септіктерінде соңғы  дыбысы түсіп 
қалады; 
2.  Мен,  сен  есімдіктері  барыс  септігінде  ма,  са  болып  өзгеріп 
отырады; 
3. Барыс септігі ған түрінде болып келеді; 
4. Көмектес септігінде дәнекер -ы,-і дыбыстары қолданылады; 
5. Ол есімдігіндегі соңғы  дыбысы  дыбысына айналады. 


 
69 
Бірақ  бұл  ерекшеліктерді  қопармалық  белгі  деп  есептеуге 
болмайды.  Бұл  ерекшеліктер  есімдіктердің  көпшілігінде  сақталған 
ерекшеліктер деп айтуға болады.  
Тәуелдік  жалғауын  тек  III  жақтағы  ол  есімдігі  ғана  қабылдайды. 
Мысалы:  оны,  оларың,  оларым  т.б.  Жіктеу  есімдіктері  өзінің  жеке 
жақтық  мағынасында  қолданылғанда  меншікті  білдіретін  -  нікі,  -дікі 
жұрнақтарын қабылдайды. 
Біз  есімдігінің  мағыналық  реңкі  әр  түрлі  болып  келеді. 
Біріншіден, біз бірінші жақтағы көпше форма. Әдетте, көптің атынан 
айтылады.  Екіншіден,  бұл  есімдікті  жеке  адам  да  айтуы  мүмкін. 
Әсіресе,  ғылыми  стильде  автор  сыпайыгершіліктен  мен  демей  біз 
дейді. 
     Жіктеу  есімдіктеріне  жіктік  жалғауы  өзіндік  ерекшелікке  сәйкес 
жалғанады.  Есімдік  қай  жақта  тұрса,  оған  сол  жақтың  ғана  жіктік 
жалғауы жалғанады. 
Мысалы: I жақ менмін, бізбіз, біздерміз. 
II жақ сенсің, сізсіз, сендерсіңдер, сіздерсіздер. 
Жіктеу  есімдіктері  III  жақта  жіктелгенде  ешбір  қосымша 
қабылдамай, сол күйінде қалады.  
Сілтеу есімдіктері. Есімдіктердің бұл тобына бұл, сол, осы, анау, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет