Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет41/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   196
қалай, қандай т.б. 
Бұл  аталған  есімдіктерден  басқа  сұрау  есімдіктері  қатарына 
жататын  сөздер  бар.  Алайда,  олар  белгілі  бір  жолдар  бойынша 
жоғарыда  көрсетілген  есімдіктерден  қалыптасқан.  Мысалы:  нешеу, 
нешінші  есімдіктері  есімдік  формасына  сан  есімнің  қосымшалары 
жалғану арқылы қалыптасқан. Қайсы, қайдан есімдіктері қай сөзінен 
туындаған.  Қайсы  есімдігіндегі  -сы  көрсеткіші  қазір  өзінің  мәнін 
жоғалтқан  тәуелдік  жалғауының  III  жағы  болса  керек.  Қайсы 
формасына қазіргі қазақ тілінде тәуелдік жалғауы жалғана береді. 
Қайдан,  қайда  сұрау  есімдіктерінің  құрамында  шығыс  және 
жатыс  септіктерінің  қосымшалары  кездеседі.  Қазақ  тілінде  қай 
есімдігіне  басқа  сөздердің  қосымшалары  жалғанбайды.  Мұндай 
ерекшелік  көптеген  түркі  тілдерінде  кездеседі.  Қанша  есімдігінің 
құрамы  қан  және  ша  формаларының  қосындысы  негізінде 
қалыптасқан.  Соңғысы  үстеудің  жұрнағы  деп  айтылып  жүр.  Ал 
қандай  есімдігі  қан  сөзі  мен  -дай  жұрнағының  бірігуі  арқылы 
жасалған.  Қалай  есімдігінің  құрамында  -лай  жұрнағы  бар.  Мысалы: 
осы-лай, сол-ай деген есімдіктерімен салыстырып қарауға болады. Ал 
қашан  есімдігінің  этимологиясы  туралы  тюркологтар  қызықты  пікір 
айтады. Академик А.Серебренников «Түркі тілдердің салыстырмалы-
тарихи  грамматикасында»    әзірбайжан  тілінде  осы  есімдік  қай-шақ 
деген  мағыналы  екі  сөздің  қосындысы  деп  есептейді.  Бұл  тұжырым 
қазақ тіліне де бөтен емес. 
Осы  пікірлерді  ескере  отырып,  біз  мынадай  тұжырым  жасай 
аламыз.  Қай,  қайсы,  қайдан,  қалай,  қашан  есімдіктерінің  о  бастағы 
төркіні бір болуы керек, яғни қай, қан, қа сөздері. 
Кім,  не,  қайсы,  нешеу  секілді  сұрау  есімдіктері  септеліп  те, 
тәуелденіп  те,  жіктеліп  те  қолдана  береді.  Қайсы  есімдігі  тәуелденіп 
барып септеледі. Қашан есімдігі тек атау, барыс, жатыс, шығыс септік 
формаларында келе алады. 
Сұрау есімдігінің септелу үлгісі. 
А. Кім, не, неше, қай, қайсы, қанша, қашан. 
І. Кімнің, ненің, неменің, қайсының. 
Б. Кімге, неге, неменеге, нешеге, қайсыған, қаншаға, қашанға. 


 
72 
Т. Кімді, нені, неменені, қайсыны. 
Ж. Кімде, неде, неменеде, нешеде, қайда, қайсыда, қаншада. 
Ш.Кімнен,  неден,  неменеден,  нешеден,  қайдан,  қайсыдан, 
қашаннан, қаншадан. 
К. Кіммен, немен, неменемен. 
Тәуелдік  жалғауы  сұрау  есімдіктерінің  бәріне  бірдей  жалғана 
бермейді.  Қай,  қашан,  неше,  қалай  есімдіктері  мүлде  тәуелденбейді. 
Ал қандай есімдігі тек III жақта ғана тәуелденеді. 
Кейбір  сұрау  есімдіктері  жіктеледі.  Сондай-ақ  барлық  сұрау 
есімдіктері де көптік жалғауын қабылдап, түрлене алмайды. Тек  кім, 
не, неше, қандай  есімдіктері көптеле алады. Қазіргі қазақ тілінде қані 
деген  сұрау  есімдігі  бар.  Мысалы:  Менсіз  барып  бітірген  ісің  қані
Осы есімдік әні, міне сілтеу есімдігімен ыңғайлас келеді.  
Сұрау  есімдіктерінің  басын  қосып  біріктіретін,  бәріне  бірдей 
ортақ грамматикалық белгі болмайды. Олар тек белгілі бір формалар 
мен қызметтер арқылы бірігеді. 
Сұрау есімдіктерінің басын қосып біріктіріп тұратын негізгі белгі 
- олардың сұраулық мәні, сұрау қалпында қолданылуы.  
Сұрау  есімдіктері  негізінен  сөйлем  ішінде  сұрау  мағынасын 
тудыру  мақсатында  жұмсалады.  Бұл  баланы  қалай  оқытуым  керек
Кейде  сұрау  есімдігі  сөйлемде  қосарланып  та  айтылады.  Мұндай 
қолданыста  сұрау  мағынасынан  гөрі  саралау,  жекелеу  мәні  басым 
болады. Үйге кім келдіҚайсың келдің
Сөйлемнің  мағыналық  ерекшелігіне  қарай  және  қолдану 
өзгешелігіне  сәйкес  сұрау  есімдіктері  кейде  сұрау  мәнін  бермейтін 
кездер  де  болады.  Мысалы:  Ырысты,  еркін,  азат  елім  қандай,  Кең 
байтақ, кең дәулетті жерім қандай. Осы сөйлемдегі қандай сөзі сұрау 
мағынасын емес, адамның көңіл-күйін білдіріп, экспрессивтік мағына 
беріп тұр.  
Сұрау есімдіктері өзінің сұрау мағынасынан алшақтап, контексте 
айтылатын  қызметіне  қарай  заттар  мен  құбылыстар,  амал,  мекен, 
мезгіл  ұғымдары  дәрежесінде  қолданылатын  кездері  де  болады. 
Ондай қолданыста сұрау есімдіктері өзіне жауапты керек етпейді, ол 
жауап сұрау есімдігінің өз бойынан жалпылама түрде сезілетін заттық 
және  белгілік,  мекендік  не  мезгілдік  мағыналарының  аңғарылуы 
арқылы  беріледі.  Мысалы:  Қызыққан  кісің  кім,  оны  мына  Жиренше 
танытты.  Құдіретімді  кім  қостаса,  досым,  жаным  сол.  Осы 
сөйлемдерде  сұрау  есімдіктері  сұрау  мағынасын  емес,  қатыстық 
мағынаны беріп тұр. Есімдіктердің бұлай қолдануы, әсіресе, құрмалас 
сөйлемдер  жүйесіне  тән.  Соның  ішінде  шартты  бағыңыңқылы 
сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалуында мол кездесіп отырады. 


 
73 
Сөйлем  ішіндегі  орны  жағынан  сұрау  есімдіктері  тікелей 
баяндауышқа тете тұрады, себебі білуді мақсат етіп, сұрау қойған кісі 
сұраулы  сөзге  жауап  беруші  адамның  назарын  аударады.  Сұрау 
есімдіктері  көптеліп  те,  септеліп  те,  тәуелденіп  те,  жіктеліп  те 
/барлығы болмағанмен/ қолданылатын болғандықтан, олар сөйлемнің 
барлық мүшесі қызметін атқарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет