Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет40/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   196
мынау  т.б.  сөздер  жатады.  Бұл  есімдіктер  сілтеу,  нұсқау,  көрсету 
сияқты  қызмет  атқарады  да,  қай,  қандай  деген  сұраққа  жауап  беріп, 
сөйлемдегі  субстанциялардың,  құбылыстардың  субьектіге  алыс  не 
жақын сияқты аралық қатынастарын білдіреді. 
Сілтеу  есімдіктерінің  бәрінің  мағыналары  бірдей  болып  келе 
бермейді.  Семантикалық  жағынан  әр  сілтеу  есімдігінің  өзіне  тән 
мағыналық реңкі болады. 
Бұл,  осы  есімдіктері  жақын  мандағы  түсінікті  беру  үшін 
қолданылады.  Ал  сол  есімдігі  алысырақ  жерді  сілтейді.  Анау,  сонау 
есімдіктері  тіпті  алыстағы  затты  сілтейді.  Осындай  мағыналық 
ерекшеліктеріне сәйкес үш жікке бөлінеді: жақындықорталық және 
алыстық есімдіктері. 
Кейде бұл, ол, сол есімдіктерінің соңғы үнді -л дыбысы түсіріліп, 
ықшамдалып бұ, со, о түрінде айтылады. Бұл есімдіктер, әдетте, осы 
ықшамдалған  формада  септеледі.  Ал  бұлар  тәуелдік  жалғауын 
қабылдағанда  -н дыбысы жалғанады. 
Анау,  мынау,  осынау  есімдіктері  тікелей  септелмейді.  Олар 
тәуелденіп барып септеледі. 
Сілтеу  есімдіктері  саны  жағынан  көп  болмағанына  қарамастан, 
көптеген сөз таптарынын орнына қолданылады. 
А) Зат есім орнына. Алдыңғы топта жуан қара жігіт келе жатыр. 
Бұл - Елемес батырақ. 


 
70 
Ә)  Сын  есім  орнына:  Биікке  қада  қызыл  туды,  Сол  ту  болар 
тірегің. 
Б) Сан есімнің орнына: Басында жүздеп келе жатқан қонақтар күн 
батар шақта мыңға жетіп, одан да асып кетті. 
В)  Есімдіктер  орнына.  Итбай  бірдемелерді  айтып  еді,  оны  ол 
тыңдаған жоқ. 
Сілтеу  есімдіктері  жеке  етістіктердің  орнына  қолданылмайды. 
Керісінше  сілтеу  есімдіктері  түгел  бір  сөйлемнің  және  ондағы 
берілген әр қилы оқиға, іс-әрекет орнына қолданыла алады. Мысалы: 
Ойбайлап жылап жатқан баланы көріп  шошынғаннан, шешесі есінен 
танып қалды. Мұны көрген Сейіт жыламақ түгіл қабағын да шытпай 
қалыпты. 
Қазіргі  қазақ  тіліндегі  сілтеу  есімдіктері  түгелімен  жеке 
грамматикалық  тұлғалар  немесе  дербес  сөздердің  кірігуі  арқылы 
жасалынған  сөздер.  Тарихи  тұрғыдан,  олар  түгелдей  дерлік  кіріккен 
түбірлер.  Алайда,  олардың  кірігу  дәрежесі  біркелкі  емес.  Осы 
тұрғыдан ғалымдар сілтеу есімдіктерін екіге жіктейді:  
а) іштей байырғы сілтеу есімдіктері 
ә) кейіннен жасалған сілтеу есімдіктері 
Алғашқылардың  сапына  бұл,  ол,  міне,  осы,  сол,  сона,  түу 
есімдіктері  кіреді.  Ал  кейіннен  пайда  болғандар  деп  ана-у,  мына-у, 
осы-нау т.б. есімдіктерді айтады. 
Бұл есімдіктердің барлығы есімдіктердің бірігуі не кірігуі арқылы 
аналитикалық жолмен жасалған. 
Сілтеу  есімдіктері  сирек  болса  да  жаңа  сөз  тудырушы 
формаларды қабылдайды. Одан бірнеше жаңа сөз жасалады. 
1.  Аналитикалық  тәсіл  /синтаксистік/.  Бұл  тәсіл  арқылы 
қалыптасқан  сөздерді  екі  топқа  бөліп  қарастырамыз:  сөздердің 
қосарлануы мен бірігуі арқылы жасалған сөздер. 
А)  Ол,  бұл  есімдіктерінің  қосарланып  айтылуы  арқылы  ол-пұл
анау  және  мынау  есімдіктерінің  қосарлануы  арқылы  анау-мынау 
сөздері жасалған 
Ә)  Сона,  ана  есімдіктеріне  ғұрлым  сөзі  бірігіп  келіп  анағұрлым, 
сонағұрлым секілді туынды үстеулер пайда болады.  
Б)  Бұл,  ол,  сол  есімдіктерінен  бұлай,  олай,  солай    туынды 
үстеулері  дүниеге  келеді.  Осы  үстеулер  ет  етістігімен  бірігіп  бұйт, 
өйт,  сөйт  секілді  туынды  етістіктер  жасалған.  Сондай-ақ  ол 
есімдігінен өйткенісол есімдігінен сондықтан сияқты шылау сөздер 
жасалған. 
2. Синтетикалық тәсіл /морфологиялық/.  
А)  Әне,  міне  сілтеу  есімдіктеріне  -ки/  кей/  қосымшасы  жалғану 
арқылы әнеки, мінеки сөздері жасалды. 


 
71 
Ә)  Бұл,  сол,  ол  есімдіктері  жатыс  септігі  жалғауын  қабылдап, 
мезгіл  және  мекен  мағыналарында  қолданылып,  үстеу  сөздері 
қатарына ауысқан: мұнда, осында, сонда
Б)  Сілтеу  есімдіктеріне  -дай,  -гі  қосымшалары  жалғану  арқылы 
сын есім сөздер жасалған: ондай, әнеугі, сондай т.б. 
Сұрау  есімдіктері.  Сұрау  есімдіктері  заттың  атын,  санын, 
сапасын,  мекенін,  мезгілін  және  т.б.  қасиеттерін  білу  мақсатында 
айтылады.  Оларға  мынадай  сөздер  жатады:  кім,  не,  неше,  қанша, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет