Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет42/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   196
Өздік  есімдігі.  Қазіргі  қазақ  тілінде  есімдіктердің  бұл  түріне  бір 
ғана өз сөзі жатады. Өз сөзі көбіне  өзім, өзің, өзі, өзіңіз формасында 
тәуелденіп  қолданылады.  Өздік  есімдіктері  обьектіні  не  субьектіні 
өзге субстанциялар мен құбылыстардан бөліп алып көрсетуші сөздер 
болып есептеледі. Мысалы: 
Кісіге өзім қатар бас ұрмаймын, 
Өзім ақын, өзім сал кімге зармын... 
Осындағы өзім есімдігі  сөз иесі Біржанды өзге субстанциялардан 
бөліп алып көрсетіп тұр.  
Өздік есімдігінің құрамында қолданылатын тәуелдік жалғаулары 
кейде түсіріліп те айтыла береді. Мысалы: Өз үйім өлең төсегім. 
Өздік есімдігінің тәуелденуінің екі түрлі ерекшелігі бар: а) жіктік 
есімдіктері  қатар  келіп  те,  қатар  келмей  де  қолданыла  береді.  Қатар 
келгенде  өздік  есімдіктері  тәуелдік  жалғауының  қай  жағында  тұрса, 
жіктеу  есімдіктері  де  сол  жағында  тұрып  қолданылады:  өзім  -  мен 
өзім, өзің - сен өзің, өзіңіз - сіз өзіңіз т.б. 
Ә)  Егер  тәуелділік  жалғаулы  өздік  есімдігі  сөйлемде  бастауыш 
қызметін  атқарса,  онда  баяндауыш  жіктік  жалғауын  қабылдап,  жақ 
жағынан  қиысады.  Тәуелденген  зат  есімде  мұндай  қасиет  болмайды. 
Мысалы, 
Өзім оқыдым                  Балам оқыды  
Өзің оқыдың                  Балаң оқыды 
Өзіңіз оқыдыңыз            Балаңыз оқыды 
Өзі оқыды                      Баласы оқыды 
Өздік  есімдіктері  тәуелденіп  барып  септеледі.  Септелу 
формасында байқалатын ерекшелік жоқ. Өздік есімдігі тәуелдеулі зат 
есімше септеледі. 
Өздік  есімдіктеріне  әр  түрлі  сөз  тудырушы  қосымшалар  қосылу 
арқылы,  сөздердің  бірігіп  және  қосарланып  айтылуы  арқылы  қазіргі 
қазақ тілінде біраз жаңа сөздер де пайда болған. Ол сөздерді екі топқа 
бөліп қарастырамыз: 
1.  Морфологиялық  тәсіл  арқылы  қалыптасқан  сөздер.  Өздік 
есімдіктеріне  -шыл,  -шіл,  -дік,  -ке  қосымшаларын  жалғау  арқылы 
туынды сын есімдер пайда болады. Мысалы, өзім-шіл, өзің-дей т.б.  -
Ше,  -дігінен  қосымшасы  жалғанған  кезде  үстеу  жасалады:  өзінше, 
өздігінен. -Сін жұрнағы жалғанып туынды етістік қалыптасады. 


 
74 
2.Синтаксистік  тәсіл  арқылы.  Өзді-өзі,  өзіне-өзі,  өзін-өзі  сияқты 
қосарланып айтылу нәтижесінде туынды үстеу қалыптасады. 
Белгісіздік  есімдіктері.  Есімдіктердің  бұл  түрі  заттар  мен 
құбылыстарды және олардың сапа белгілірін, санын, мекен, амал тағы 
басқаларын  анық  етіп,  ашып  айтпай  көмескі  түрде  көрсетіп,  белгісіз 
етіп айтады. 
Белгісіздік  есімдіктерінің  пайда  болуында  үш  сөздің  маңызы 
ерекше. Ол сөздер белгісіздік есімдігінің жасалуына негіз болады. Ол 
сөздер:  бір,  әр,  әлде.  Белгісіздік  есімдіктері  осы  сөздердің  басқа 
есімдіктермен бірігуі нәтижесінде пайда болады. Сонымен белгісіздік 
есімдіктерінің  қатарына  мына  сөздер  енеді:  біреу,  кейбіреу,  әрбір, 
әрне, әлдекім, әрқайсы т.б. 
Белгісіздік  есімдіктері  шығу  төркіні,  жасалу  жолы  жағынан  екі 
салаға бөлінеді. 
1.Олар  -  кейбір  сөздердің  негізгі  лексикалық  мағынасынан 
алшақтай келе, белгісіз мағыналарға ие болып, сол негізде белгісіздік 
есімдіктері қатарына ауысуы жолымен пайда болған, яғни лексикалық 
тәсіл  арқылы  жасалған  сөздер.  Бұған  сан  есімдерден  ауысқан  бір
біреу  сөздері  және  кей  сөзі,  араб  тілінен  ауысқан  әр,  әлен,  пәлен 
сөздері жатады. 
2.Белгісіздік  есімдіктерінің  бәріне  тән  өзіндік  ерекшелік  деп  
көрсетерліктей  морфологиялық  түрлену  формасы  жоқ.  Олардың 
грамматикалық өзгеру формалары қай сөз таптарына бейім екендігіне 
байланысты болып келіп отырады. 
Бір,  пәлен,  әлдеқалай  сөздері  сын  есімге  ұқсас,  ал  біреу,  әлдене
әркім есімдіктері зат есімдерше түрленеді. Бірнешеәлденеше сөздері 
сан  есімге  бейім  болады.  Белгісіздік  есімдіктері  қолдану  сипатына 
сәйкес сөз түрлендіруші грамматикалық формаларды қабылдайды. Ол 
формалар  белгісіздік  есімдіктерінің  бәріне  бірдей  жалғана  бермейді. 
Белгісіздік  есімдіктеріне  сөз  түрлендіруші  формалардың  жалғануы 
олардың  атрибутивтік  не  субстантивтік  түрде  қолданылуына 
байланысты  және  соған  сай  болып  отыратын  құбылыс.  Тәуелдік 
жалғаулары  белгісіздік  есімдіктерінің  әлде,  әрне,  әлдекім,  әлдеқалай, 
әркім сияқты түрлеріне жалғанбайды. Бірнеше, бір, біреу, кей, кейбір 
сияқты түрлері тек ортақ тәуелдеу түрінде ғана тәуелдік жалғауларын 
қабылдайды.  Мысалы:  бірнешеміз,  бірнешесі,  бірміз.  Осы  аталған 
белгісіздік  есімдіктерінен  басқалары  оңаша  және  ортақ  тәуелдеудің 
жалғауларын қабылдайды. 
Белгісіздік есімдіктері жіктік жалғауларын қабылдамайды. Көптік 
жалғаулары тек бірдеңе, бірнәрсе, біреу, әлдекім, әлдене, әркім секілді 
есімдіктерге  жалғанады.  Белгісіздік  есімдіктерінің  септелу  үлгісі  де 
бірдей емес. Мысалы; үнемі атрибут есебінде қолданылатын әрне, әл, 


 
75 
әлдеқашан  есімдіктері  септік  жалғауларын  ешқашан  қабылдамайды. 
Ал  әлдеқашан,  әлдеқалай  сөздері  әлдеқашаннан,  әлдеқайдан
әлдеқайда деген формада қолданылады. 
Бір,  бірнеше,  кейбір,  әлденеше,  әрбір  есімдіктері    тәуелденіп 
барып септеле алады. 
Белгісіздік  есімдіктері  бірдеме,  бірдеңе,  бірнәрсе,  кейбіреу, 
әлдекім  секілді  түрлері  көбіне  зат  есімнің  орнына  қызмет    атқарады. 
Сондықтан олар толық септеле алады. 
Белгісіздік  есімдіктерінен  басқа  сөздер  де  жасалады.  Мысалы: 
пәлен  есімдігіне  -ше,  -дей  жұрнақтары  жалғану  арқылы  пәленше
пәлендей  сөздері  жасалып  тұр.  Немесе  бір  есімдігіне  -ер  жұрнағы 
тіркесіп бірер сөзі қалыптасқан. 
Болымсыздық  есімдіктері.  Қазіргі  қазақ  тілінде  болымсыздық 
есімдіктеріне мына сөздер жатады:  еш,  ешкім, ешнәрсе, дәнеңе,  түк, 
дым
Болымсыздық  есімдіктерінің  жасалуында  біркелкі  ерекшеліктер 
бар: 
А)  Болымсыздық  есімдіктерінің  басым  көпшілігі  еш  сөзі  мен 
сұрау  және  белгісіздік  есімдіктерінің  бірігуінен  жасалған.  Мысалы: 
ешбір, ешкім т.б. 
Ә)  Болымсыздық  есімдіктерінің  бір  тобы  белгілі  бір  сөздердің 
лексикалануы  арқылы  жасалады.  Кейбір  сөздер  өзінің  лексикалық 
мағынасынан алшақтап, болымсыздық мағынасын білдіреді. Мысалы: 
дымтүк
Б)  Бір  сөзі  мен  де  шылауы  тіркесінен  де  болымсыздық  есімдігі 
жасалады. Мысалы: Жұмыссыз жүрген бір де жан жоқ. 
Сондай-ақ  бірде-бір  сөзі  де  болымсыздық  мағынасын  білдіреді. 
Бір  де,  бірде-бір  есімдіктері  еш  деген  болымсыздық  есімдігімен 
мағыналас  болады  да,  есім  сөздермен  тіркесіп,  атрибут  есебінде 
қолданылады. 
Еш  сөзі  қазақ  тіліне  парсы  тілінен  ауысқан.  Болымсыздық 
есімдіктерін  жасауда  актив  қызмет  атқаратынын  көріп  отырмыз.  Өз 
алдына жеке тұрып, тілімізде сирек қолданыс табады. 
Болымсыздық есімдіктерінің де грамматикалық түрленуі де басқа 
есімдіктер  сияқты  біркелкі  болып    келмейді.  Көптік  жалғаулары 
олардың түбіріне тікелей жалғанбайды, тәуелденіп барып жалғанады, 
онда да болымсыздық есімдіктерінің бәріне бірдей емес, тек ештеме
ешнәрсе,  түк,  дәнеңе  секілді  есімдіктерге  жалғанады.  Мысалы: 
ештемелерітүктері, т.б. 
Тәуелдік жалғаулары болымсыздық есімдіктерінің жекеше түріне 
түгел  жалғана  бермейді.  Ешкім,  ештеңе,  ешнәрсе,  дәнеңе,  түк 
есімдіктері тәуелдене алады: 


 
76 
 Ешкімім                         Ештеңем                               Ешнәрсем       
 Ешкімің                         Ештеңең                               Ешнәрсең 
 Ешкіміңіз                        Ештеңеңіз                                Ешнәрсеңіз 
 Ешкімі                           Ештеңесі                              Ешнәрсесі 
Болымсыздық  есімдіктерінің  септелу  жүйесі  де  біркелкі  емес. 
Ешкім, ештеңе, ешнәрсе, дәнеңе, түк есімдіктері тек жекеше формада 
септеледі. Ал көпше түрде септелмейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет