Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ


-тапсырма.Мәтіндегі зат есім, сын есім, сан есім, есімдіктерді  салыстырып, айырмасын атаңыздар



Pdf көрінісі
бет45/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   196
2-тапсырма.Мәтіндегі зат есім, сын есім, сан есім, есімдіктерді 
салыстырып, айырмасын атаңыздар. 
...Бірақ бұл күндерде Сейттің де қайғысы бір басына жетіп жатыр 
еді.  Қазір  ол  жапа-жалғыз  мидай  далада  атын  ілбітіп  аяңдатып, 
осылай  қарай  келе  жатыр.  Неге  келе  жатқанын,  не  істерін  өзі  де 
білмейді.  Назыкеш  оған  жылан  арбап  алдына  түсіргелі  жатқан 


 
78 
бозторғайдай  қөрінеді.  Шырылын  естіп,  аяп  келеді.  Арашалар  еш 
дәрмені  де  жоқ.  Түсінде  бастырылыққандай  қай  бір  үні  шығар  емес. 
Алды-артын ойланса, бұған болысар да бір жан жоқ екен. Міне, жетім 
де жалғыз, панасыз да қорғансыз. (Ғ.Мүсірепов.) 
Ана  тілім  менің!  Сен  маған  ризасың  ба,  білмеймін,  бірақ  менің 
тірлігім-  сенсің,  мен  сені  мақтан  етем.  Сонау  тұңғиық  терең  жер 
түбінен  жарыққа,  күнге,  жасыл  шөпке  асыққан  бұлақ  суындай  ана 
тілімнің  сөздері  жүрегімнен  қайнап  шығып,  алқымыма  тіреледі.Өз 
күбіріме  өзім  құлақ  тігем,  ана  тілім,  саған  құлақ  тігем,  сонда  маған 
бейне  тұңғиықтан  шымырлап  шыққан  таудың  асау  өзені  елестейді. 
Мен  судың  бүлкіл  қаққан  дыбысын  сүйем.  Осының  бәрін  ешқайдан 
тапқан жоқпын, мұның бәрі тілімде бар. 
Уа, менің ана тілім, сені де жұртқа білгізу маған өте қиын, сенің 
алуан  түрлі  үнің  неткен  әсем  еді,  авар  боп  тумаған  кісіге  үйрену  де 
қиын оларды, егер біле қалсаң, оларды айту дүниенің рақаты емес пе, 
шіркін! (Р.Ғамзатов.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет