Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет133/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   196
Байланысты:
Бүркіт

Өзің  орта  жасқа  келген  жігітсің.  Ә)  қайталанған  сөз  (зат  есім, 
етістік)  –  (не)  несі  болып  құралады.  -  Сағн  ертең  жолығудың  реті 
болмайды.  Болады,  болмайдыларың  не!  (А.Ш)  Б)  қайталанған  сөз 
(есім,  етістік)  -  қалай  болып  тұрады.  Мұны  сонша  шимайлағаның 
дұрыс болмаған.- Шимайлағаның не! В) Қайдан – бұйрық рай тұлғалы 
қайталанған  етістік  болып  құралады.    -  Бұрынғы  есепші  өзі  босады 
ма?Қайдан  өзі  босасын!  (А.Ш)  Г)  қайталанған  етістік  шартты  рай 
тұлғасында  келіп    ша,  ше  демеулігін  үстеп  құралады.  -  Сонда  бір 
қалжыңдап  едім.    Қалжыңдасаң  ше!  Е)  Қайталанған  етістік  ғанда 
тұлғасында  келіп  ша,  ше  демеулігін  үстеп  құралады.    Соны  да 
әкетесің бе? Әкетпегенде ше! 


 
201 
Бұлардан  бөлек  құрамы  тұрақты,  барлық  жағдайда  бір  құрмада 
жұмсала беретін реплика сөйлемдер бар. Мсыалы, Ол ол ма, Бұл бұл 
ма, О несі екен, О не дегенің, Иә саған т.б. 
Болымсыз  сөйлемдер.  Сөйлемдер  мағынасына,  формасына  қарап 
өзара  болымды,  болымсыз  болып  сараланып,  мазмұны  болымды, 
болымсыз  пікірлерді    білдіреді.  Болымды  пікір  затқа  белгілі  бір 
сапаның    тән,  қатысты  екенін  білдірсе,    болымсыз    пікір    тән  емес, 
қатысты    емес    екенін    көрсетеді.  Шойын  –  металл,    ағаш  -  металл  
емес.  
Болымды,  болымсыздық  форма  баяндауыштардың  тұлғасы 
арқылы көрінеді.  Мысалы,  көше кең, көше кең емес.  
Сөйлемнің  құрамында  болымсыздық  мағыналы  сөз  бастауыш, 
толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш қызметінде жұмсалады, бірақ     
бұндай  сөйлемдер  болымсыз  қатарына  жатпайды,  олар  субъект  зат 
пен  предикат  сапаның  қатынасын  білдірмейді.  Жиылған  жұрт 
егістікті  бойлай  жүгіріп  ұзақ  уақыт  болғын  қылтанаққа  тоймай 
қарасады. (С.Ж) 
Сөйлемге  болымсыз    мағына  беретін  баяндауыш  мүше  
морфологиялық амалдармен қатар тек синтаксис аясында жұмсалатын 
амалдар  арқылы  да    жасалады.  Осындай  болымсыз  мағынаны 
білдіретін  форманың  бірі  –  риторикалық  сұрақты  сөйлемдер. 
Мысалы,  Тоқтарбай  айтқанға  көне  ме,  жүріп  кетті.  Бұл  мысалда 
Тоқтарбай  көне  ме  деген  болымды  формада  тұрып,  болымсыз 
мағынаны білдіріп тұр. Осы сияқты болымсыз сөйлемнің де болымды 
пікірді  білдіретін  форма  ретінде  жұмсалатыны  болады.  Мысалы, 
Сонда  көрген  жоқ  па  сені.  Бұл  сөйлем  риторикалық  түрде  айтылған 
болымды пікірді білдіріп тұр. Болымсыз пікір мен тілдік амалдардың 
арақатынасының осылай күрделенуі әсіресе ауызекі сөйлеу тіліне тән.  
Болымсыз баяндауыштардың жасалуы. 
1. 
Етістіктердің болымсыз формасы арқылы жасалады. Сен 
ақталма,бүлдіріп жүрген сен (Б. М.). 
2.Болымсыз  баяндауыш  –ған,  -ген  тұлғалы  есімше  –жоқ 
құрамында жасалады: келген жоқ, көрген жоқ. 
3.Тәуелдік  жалғауы  негізі  компонент  –  есімшеге  жалғанады: 
көргенім жоқ, келгенім жоқ.  
4.Жақтық  мағынаны  білдіру  үшін  жұмсалатын  негізгі    форма  – 
жіктік жалғаулар: көрген жоқпын, көрген жоқсың, көрген жоқ.  
5. Есімше сөздің болымсыз тұлғасын тудыратын морфологиялық 
амалы бар: көрмеген -  көргенім жоқ – көргенім бар. 
6.Өткен  шақ  есімше  мен  емес  сөзінің  бірігуі  арқылы  жасалған 
баяндауыштық  форма:  естіген  емес,  айтқан  емеспін  т.т.  Емхананы 
осы жасқа келгелі көрген емеспін, естіген де емеспін (Қ.Н.)  


 
202 
7.  –Тын,  -тін  тұлғалы  есімшеден  жасалып,  іс-әрекетті  заттың 
тұрақты,  қалыпты  сапасы,  қасиеті  ретінде  атайтын  баяндауыштың 
болымсыз формасы –ма, -ме жұрнағы арқылы жасалды: сөйлемейтін, 
іздемейтін. 
8.  –Тын,  -тін  тұлғалы  есімшеден  жасалып  іс-әрекеттің 
потенциялық  қалпын  білдіретін  баяндауыштардың  болымсыз 
формасы емес сөзінің қатысуымен жасалады: келетін – келетін емес, 
ашатын – ашатын емес. 
9.  Есім  сөздерден  болған  баяндауыштардың  болымсыз  түрі  емес 
көмекші етістігінің қатысуымен жұмсалады: үлкен емес, тыс емес т.б. 
10. Болымсыз баяндауыш ретінде  жоқ сөзі дара жұмсалып, жоқ 
субъекттің 
болмысқа 
қатысын 
(бар-жоқтығын) 
білдіреді. 
Омбылайтын қалың қар жоқ. 
11.  Тілімізде  тек  жоқ  сөзінен  болымсыз  сөйлем  құралып 
жұмсалатыны  бар.  Бұл  толық  құрамдағы  сөйлемнің  орнына  жүретін 
эллипсис  сөйлем  және  ол  көбіне  диалогта  екінші  жауап  реплик 
ретінде жұмсалады. 
-  Бәйгеге қосып көрдің бе? - Жоқ (Ә.Н.) 
12.  Болымсыз  ұғымды  білдіретін  сөздер:  ешкім,  ешқашан, 
ешнәрсе, сол сияқты, еш адам, еш кісі, еш колхозшы еш құрылысшы, 
еш үй т.т. Бұл сөздер тек болымсыз сөйлемнің құрамында жұмсалып, 
оның  болымсыздық  мағынасын  күшейте  түседі.  Қарашаш  кіріп  еді, 
кісілер қозғалмады –  Қарашаш  кіріп еді, ешкім қозғалмады. 
13.Тілімізде болымсыздық ұғымды білдіретін –сыз, -сіз жұрнақты 
сөздер    болымды  сөздерге  қарсы  сыңар  ретінде  жүреді:  орманды-
ормансыз,  алқапты-алқапсыз.  Кейбір  зерттеулерде  –сыз,  -сіз 
жұрнақты  сөздер  баяндауыш  ретінде  қатысса,  сөйлемдер  болымсыз 
сөйлемдер қатарына жатқызылады. 
Біздің ойымызша, -лы, -лі, -сыз, -сіз жұрнақтары арқылы жасалған 
сын есімдер белгілі сын туралы ұғымды атайды. Бұл сын есім сөздер 
баяндауыш  ретінде  қатысқан  сөйлемдер  субъектіде  осы  сынның 
предикаттық  қатынасын  білдіреді.  Сондықтан  да  бұндай  лексикалық 
құрамдағы сөйлемдер болымды сөйлем деп аталады.  
14.  Болымды,  болымсыз  сөйлемдерің  функциялық  қарым-
қатынаста  келуін  бастауышы-  болымсыз  есімше  -  баяндауышы  -жоқ 
болып құралған сөйлемдерден де көруге болады: Айтпайтыны жоқ – 
Бәрін айтады. Есітпегенім жоқ – Бәрін есіттім. 
Бұл  сөйлемдер  –  форма,  синтаксистік  мағынасы  жағынан  нағыз 
болымсыз сөйлемдер.   
 
 
 


 
203 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет