Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет132/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   196
Байланысты:
Бүркіт

Қасқырдан бөлтірік тумасын ба (Б.М). 
11.  Өткен  шақта  болған  іс-әрекетті  эмоциямен  әсерлі  етіп  айту 
үшін  –ар,  -ре  тұлғалы  есімше  мен  шылау  ма,  ме  бірігіп  жасаған 
баяндауыш та қызмет етеді: жетіп келермін бе, ала қояр ма,. 
12. Эмоциялы лепті сөйлем құрайтын баяндауыштардың бір түрі 
болымсыз шартты райлы етістік –ба (бе) болып құралады: алмасам 
ба! Сені бүгін жеткізіп тастамасам ба! Сенің түбіңе жетпесем бе! 
(Б.М) 
13. Шартты рай тұлғалы етістіктен жұмсалған баяндауыш тілекті, 
арманды  эмоциямен  білдіру  үшін  жұмсалады.  Оқуды  бітірсек!  Ел-
жұртымызға қолымыздан келген пайдамызды тигізсек!  
Шартты  рай  етістік  –шы,  -ші  түрінде  құралған  баяндауыштар  
армандаулы іс-әрекетті білдіру үшін қызмет етеді. 
14.  Болымсыз  мағыналы  баяндауыштар  қатарында  экспресивті 
сыңар  ретінде  –ған,  -ген,  -қан,  -кен  емес  болып  құралатын  форма 
жұмсалады: келген емес, көрген емес. 
15.  Экспрессивтілігі  жоқ  болымсыз  мағыналы  баяндауышқа 
стильдік вариант ретінде шартты рай етістіктің болымды түрі –ба, -бе 
болып құралған баяндауыш жұмсалады: айтсам ба (айтпаймын). 
16. Ауызекі сөйлеу тілінде бір сөзді қайталап құраған алмақ түгі, 
аламын  тәрізді  баяндауыштар  жұмсалады.  Осы  ерешелігімен  бұл 
баяндауыш  экспресивтігі  жоқ  келер  шақ,  осы  шақ,  өткен  шақ  істі 
білдіретін  баяндауыштарға  стильдік  сыңар  болып  келеді:  алады  – 
алмақ  түгіл  алады,  жазып  жатар  –  жазбақ  түгіл  жазып  жатыр, 
көтерілді – көрмек түгіл көрді. 
17.  Кезінде  істелген  істі  өкінішпен  білдіру  үшін  көсемшенің 
болымсыз түрінен жасалған баяндауыш жұмсалады: алмай, көрмей. 


 
200 
18.  -Ып,  -іп  формалы  көсемшенің  болымсыз  түрінен  жасалған 
баяндауыш  істеген  істі,  әрекетті  өкінішпен  атау  үшін  қызмет  етеді: 
Әрнәрсеге ренжітіп! 
19. Ашық рай болымды баяндауыштарға эмоциялы сыңар форма 
ретінде  мына  ретпен  құрылған  баяндауыш  жұмсалады:  уға,  ғанға 
дейін барды формалы етістік –Ұрысуға дейін барды, ұрысқанға дейін 
барды.  
20. Ашық райлы болымсыз баяндауышқа эмоциялы сыңар ретінде 
жұмсалған зат есім – құрлы – көрмейді, зат есім – құрлы – болмады, 
есімше  –  құрлы  –  болмадым,  (Күркее  құрлы  болмады,  алған  құрлы 
болмады) болып құрылған баяндауыштар бар. 
Эмоциялы баяндауыштар тек болымсыз формада жұмсалады. 
Реплика ретіндегі лепті сөйлемдер. Тілімізде құрылысы жағынан 
оқшау  келетін,  құрамындағы  сөздерді  мүшелік  қатынасқа  анық 
даралауға келмейтін сөйлемдер бар. Мысалы, Келгенде қандай, Ол ол 
ма!    Бұл  сөйлемдер  лексикалық  құрамы  жағынан  мүлде  еркін  бола 
алмайды,  олардың  бір  тобы  ылғи  тұрақты  бір  сөздерді  ғана 
қатыстырып  құралады:  О  несі  екен!  Алғанда  қанадй!  Айтқанда 
қандай!  Осы  ретпен  құралған  сөйлемдер  фразеологизмге  тән  сипат 
береді.  Өйткені,  сөйлемнің  құрамындағы  сөздер  еркін  тіркеспейді, 
орнықты  болған  үлгі  бойынша  біріктіріледі.  Мұндай  сөйлемдер 
реплика ретіндегі лепті сөйлемдер деп аталады.  
Реплика  сөйлемдердің  бір  ғана  сөзден  құралатыны  да  болады: 
Осыған жалғыз барасың ба? – Бармай! 
Реплика  сөйлемдердің  құрылысы:  1.  Алдыңғы  репликаның  бір 
сөзін  қайталау  негізінде  құрылады.  Сөз  болымсыз  көсемше  немесе  – 
ғанда тұлғалы есміше түрінде келеді. -Айтпағанда! (Қ.Ж) 
2.  Алдыңғы  репликадан  қайталанған  сөз  бен  тұрақты  компонент 
ретіндегі сөзден құралатын сөйлемдер: А) Қайдағы – қайталанған сөз 
(есім, есімше) болып құралады. - Ал жүрейік, шешей.Қайдағы шешей! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет