Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет134/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   196
Байланысты:
Бүркіт

4.4 Атаулы сөйлемдер 
 
Сөйлемдер  ылғи  бастауыш-баяндауыш  қатынасында  құрыла 
бермейді.  Тілімізде  грамматикалық  жағынан  ерекшеболып  келетін 
атаулы  сөйлемдер  бар.  Бұл  сөйлемдер  құбылыстың,  заттың  атауы 
ретінде  жұмсалады.  Жаз.  Тымырсық  ыстық.  Атау  сөз  сөйлемде 
негізгі  тірек  мүше  болады.  Негізгі  мүше  ретінде  зат  есім,  сын  есім, 
есімше  (-ған,  -ген,  -қан,  -кен,  -тын,  -  тін  формалары),  тұйық    рай 
тұлғалы етістік жұмсалады. Сөйлем құрамына осы негізгі мүшелер 
бағыныңқылық қатынаста тұратын басқа мүшелер де кіреді:  Жаздың 
ыстығы-ай!  Күтпеген  жерден  жолығуы-ай!  Атаулы  сөйлемнің 
негізгі  мүшесі  ретінде  сын  есім,  есімше  жұмсалғанда,  олар 
субстантивтеніп    олар  септік  тұлғаға  ие  бола  алады.  Негізгі  мүше 
көбіне атау тұлғада тұрады, бірақ сын есім, тұйық етістік негізгі мүше 
қызметін  табыс  септік  формасында  тұрып  та  атқара  алады.  Жаздың 
ыстығын! Күтпеген жерден келуін! 
Атаулы  сөйлемдерде  бастауыш-баяндауыш  болып  құралатын 
предикативтік  қатынас  болмағанмен,  предикаттың  өзі  яғни,  хабар, 
информация  бар.     
Атаулы  сөйлемдерге  тиянақты    синтаксистік  мағына    беретін 
форма  –  интонация,  контекст.  Атаулы  сөйлемдер  сөйлемге  тән 
интонация  алып,  дара  тиянақты  формада  тұрады.  Шақтық  мағынасы 
көрші  сөйлемдер  арқылы  білдіріледі.  Таңертең  келе  жатыр  едім, 
алдымнан шыға келгені! 
Атаулы  сөйлемдер  арнаулы  коммуникативтік  мақсаттың 
қажетімен  қалыптасады.  Бұл  сөйлемдер  төңіректі,  жағдайды  үнемді 
жолмен  суреттеу  үшін  және  пікірді  эмоциялы  етіп  білдірудің  амалы 
ретінде жұмсалады. Жұмсалуына қарай атаулы сөйлемдер   үш топқа 
бөлінеді:    
1) Бейнелеуіш  атаулы сөйлемдер: Түн. Шалқыған-ай. 
2) Эмоциялы атаулы сөйлемдер: Күлуін!  
3)  Сөгіс,  тілек  мағыналы  атаулы  сөйлемдер.  Қаңғыған  неме! 
Өркенің өскір! 
Функциясы  жағынан  атаулы  сөйлемдер  мен  екі  бас  мүшелі 
сөйлемдер мағына жағынан бірдей болып келе береді, бірақ олардың 
арасында    қызмет  ерекшелігі  болады:  Мезгіл  жаз  еді.  Ай  жарқырап 
тұрған – Жаз. Жарқыраған ай. Структура жағынан  бұл екі  түрдегі 
сөйлемдерді  бір  түрден  екінші  түрге  ауыстырып,  құрылысын 
өзгертуге келеді: Жаз ыстық – жаздың ыстығы-ай! 
Атаулы сөйлемдердің грамматикалық сипаты – жайылуы, кеңеюі, 
морфологиялық  тұрпаты,    қай  сөз  табынан  болуына,  қай  формадағы 
сөз болуына байланысты. Тасадан шыға келгенім! Шыжыған ыстық! 


 
204 
Сондықтан  атаулы  сөйлемдерді  негізгі  мүшенің  грамматикалық  түр-
тұрпатына  қарай:    негізгі  мүшесі  атау  тұлғалы  зат  есімнен  болған 
атаулы сөйлем, негізгі мүшесі сын есімнен болған атаулы сөйлем деп   
бөлінеді:  Түннің  қараңғысы-ай!  Ту,  қараңғысы-ай  даланың!  –  деді 
Әбиев (С.Мұрат). Тіліңмен орақ орғышың-ай сенің (Ж.Е.). 
Сонымен  қатар  негізгі  мүшесі  –ған,  -ген,  -тын,  -тін  тұлғалы 
есімшеден  болған  атаулы  сөйлем,  негізгі  мүшесі  тұйық  етістіктен 
болған  атаулы  сөйлем,  негізгі  мүшесі  табыс  септіктегі  сөзден  (зат, 
сын есім, есімше, тұйық етістік) болған атаулы сөйлем деп топталады.    
Бұл  атаулы  сөйлемдер  құбылысты,  затты  эмоциялы  түрде    атау 
үшін  жұмсалады.  Шіркіннің  күлкісі-ай!  (Б.М.).  Шіркін  осы  ауылдың 
жастары-ай! Ойын-сауық десе жанып кетеді (С.Мұрат). 
Негізгі мүше қызметіндегі сын есім тәуелді формада тұрады. Бұл 
–  субъектілік  мағыналы  сөз  бен  анықтауыштың  байланысуы  үшін 
туған жағдай: Менің оқығаным-ай! Сенің келгішің-ай! 
Негізгі  мүшесі  –ғыр,  -гір,  -қыр,  -кір  жұрнағы  арқылы  жасалған 
сын  есімнен  болған  атаулы  сөйлемдер  тілеу,  сөгіс  білдіру  амалы 
болып жұмсалады. Оқымай кеткір! Көзі ашық қой, жөн сілтейді ғой 
десем, жаудың табанына салып бермек (Б.М.). 
Негізгі  мүшесі  –ған,  -ген,  -қан,  -кен,  -тын,  -тін  тұлғалы 
есімшеден  болған  атаулы  сөйлемдер  іс-әрекет  туралы  пікірді 
эмоциямен білдіру үшін жұмсалады. 
Күні бойы сарылып үйде отырғаны! Жай отырмайды, бірдемені 
жазып отырады (Б.Т.).Сенің-ақ сағына беретінің-ай (Б.М.). Тоба-ай, 
сенің түсінбейтінің-ай (Б.М.). 
Негізгі  мүшесі  тұйық  етістіктен  болған  атаулы  сөйлемдер  іс-
қимылды эмоциямен білдіру үшін жұмсалады. 
Тіпті, мынаның шешенсіп сөйлеуі-ай  (Б.М.). 
Негізгі  мүшесі  табыс  септіктегі  сөзден  (зат  есім,  сын  есім, 
есімше)  болған  атаулы  сөйлемдер  де  пікірді  эмоциямен  білдіреді. 
Мына  жердің  тауын-ай!  Жүктің  ауырын!  Мүләйімсуін!  Балаларға 
қорған болған кісімсіп тұрғанын (М.Ә.). 
Негізгі  мүшесі  атау  септіктегі  сөзден  болған  атаулы  сөйлем  мен 
табыс  сөзден  болған  атаулы  сөйлемдердің  жасалуында  үлкен 
алшақтық жоқ. Соңғы сөйлемдер – тарихи өзгерістің нәтижесі. 
Бұл атаулы сөйлемдердің негізгі мүшесі кейде –шы, ші жұрнағын 
үстеген күйде жұмсалады. Сұрының жаманыншы! (І.Ж.). 
Атаулы  сөйлемнің  мүшесінің  құрамына  -шы,  ші  жұрнағының 
қатысуы  оның  басқа  ұқсас  формаларға  еліктеуінен  (аналогия  заңы) 
болған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет