Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет11/27
Дата27.02.2017
өлшемі2,12 Mb.
#5011
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27

4.7 Еліктеу сөздер 
 
Еліктеу  сөздердің  бір  тобы  семантикалық  мағыналары  жағынан 
табиғатта  ұшырасатын  әр  алуан  дыбыстармен  байланысты  болса, 
екінші  тобының  семантикалық  мағыналары  сол  табиғаттағы  әрқилы 
табиғат  көріністерінің  бейнелерімен  байланысты.  Осы  себептен  бұл 
сөздер,  жоғарыда  атап  өткеніміздей,  іштей  екі  салаға  бөлінеді,  бір 
тобы  еліктеуіш  (еліктеме)  сөздер  деп,  екінші  саласы  бейнелеуіш 
(бейнелеме) сөздер деп аталады. 
Еліктеу  сөзердің  семантикалық  сипаты.  Еліктеу  сөз  табының 
құрамындағы  сөздер  табиғи  құбылыстарды  бейнелегенде  оның  екі 
қасиетіне  қатысты  түрде  бірі  –  дыбыстарға,  екіншісі  –  табиғи 
бейнелерді  сипаттай  алатындай  дәрежеде  кездесетіндіктен,  тіл 
білімінде  еліктеу  сөздерінің  алғашқы  тобын  еліктеуіш,  соңғы  тобын 
бейнелеуіш  деп  аталып  жүр.  Әрине,  еліктеу  сөздерінің  мұндай 
семантикалық  топтары  бір-бірімен  семантикалық,  фонетика-
грамматикалық жақтарынан өзара ұқсас, орайлас болып келеді.  
Еліктеуіш  сөздердің  түбіріндегі  дауысты  дыбыстың  не  ашық,  не 
қысаң болуы да сол сөздің мағынасына әсер етеді. Мысалы: Есік сарт 
етіп  жабылды  және  есік  сырт  етіп  жабылды  деген  сөйлемдерде 
құрылысы  жағынан  ешқандай  айырма  жоқ  бола  тұрса  да,  мағына 
жағынан  бір-бірінен,  сәл  де  болса,  ерекшеленіп  тұр.  Ол  ерекшелік: 
сарт  және  сырт  деген  сөздердің  дауысты  дыбыстарына  ғана 
байланысты,  демек,  сарт  етіп  жабылғаннан  есіктің  қатты 

 
130 
жабылғаны,  яғни  құлаққа  естілетін  дыбыстың  қатты  шыққаны,  ал 
сырт  етіп  жабылғаннан  есіктің  дыбысы  ақырын  шыққаны 
аңғарылады. Ал есіктің қатты немесе ақырын жабылғандығын (соған 
сәйкес  дыбысын  да  ажыратып  дифференциялау)  білдіріп  тұрған 
нәрселер  түбірлердің  дауысты  дыбыстарының  я  ашық,  я  қысаң 
болуына  ғана  байланысты.  Екінші  сөзбен  айтқанда,  еліктеу  сөздің 
түбіріндегі  дауысты  дыбысч  ашық  болса,  құлаққа  келетін  табиғат 
дыбысы  да  қатты  естіледі,  қысаң  болса,  ақырын  естіледі.  Осыған 
сәйкес  сол  сөздің  мағынасы  да  ажырайды  (дифференцияланады). 
Ондай  сөздердің  мағыналарындағы  айырмашылықты  білу  үшін, 
қосымша,  мысалы,  тарс  және  тырс,  шақ-шақ  және  шық-шық,  шаңқ-
шаңқ және шыңқ-шыңқ, қарш-қарш және қырш-қырш, борт-борт және 
бырт-бырт деген сөздерді салыстыруға болады. 
Сөйтіп,  еліктеуіш  сөздер  дегеніміз  -  өзіне  тән  лексика-
семантикалық  мағынасы,  морфологиялық  тұлға-тұрпаты  (формалық 
структурасы) бар, дара түрлеріне де, қосарланған түрлеріне де көптік, 
тәуелдік,  септік,  жіктік  жалғаулары  тікелей  жалғанбайтын 
(түрленбейтін),  сөйлемде  әрқашан  сын-қимыл  пысықтауыш  болатын 
және бастапқы түбірлерінен жұрнақтар арқылы туынды есімдер және 
етістіктер жасалатын сөздер.   
Еліктеу  сөздердің  фонетика-грамматикалық  ерекшеліктері. 
Еліктеу  сөз  табының  екінші  семантикалық  тобы  дыбыстарға  емес,  
табиғатта  кездесетін  түрлі  бейне,  елестерді  сипаттайтын  бейнелеуіш 
сөздер болып табылады. Бейнелеуіш сөздердің пайда болуындағы  бір 
қасиет  –  ол  адамның  көру  қабілетіне  тікелей  байланысты.  Мысалы, 
алыстан  от  жалт  көрінді  десек  жалт  сөзі    оттың  көріну  сипатын 
бейнелесе,  шана  жалт  бұрылды,  немесе  кілт  тоқтады  дегендердегі 
жалт, кілт зат қимылының бейнесін көрсетіп отыр. 
Бейнелеуіш  сөздер  морфологиялық  құрамы  жағынан  жеке  түбір 
болуымен қатар күрделі түрде де кездесе береді. Айталық, жалт-жұлт, 
қалт-құлт  т.б.  Бейнелеуіш  сөздер  еліктеуіштер  секілді  құрамындағы 
дыбыстарының ашық, қысаң немесе ашық дыбыстың екінші сыңарда 
қысаңға айналып кетуі сөз семантикасына да әсер етеді. Мәселең, сол 
кезде машина жарығы жалт етті немесе жалт ете қалды дегендегі жалт 
сөзі  жарықтың  өте  күшті  әрі  жақыннан  көрінгенін  бейнелесе,  жылт 
сөзі  көріністің  әлсіз,  мардымсыз  болғанын  аңғартады.  Сол  секілді 
талпаң-талпаң  басу  мен  тырбың-тырбың  еңбектеу  мысалдарындағы 
алғашқы  бейнелеуіш  сөз  ебедейсіз,  дөрекі  жүрісті,  екіншісі,  яғни 
езулік  жуан  дыбысты  сөз  өнімсіз  әрі  қиын  жүрісті  бейнелеп  отыр. 
Сонымен  қатар,  бейнелеуіш  құрамындағы  дыбыстардың  жуан, 
жіңішке  болулары  да  сөз  семантикасына  әсері  бар.  Мысалы:  аю 
қорбаң-қорбаң  басып  келеді.  Ол  желп-желп  жөнелуі  дегендегі 

 
131 
алғашқы  бейнелеуіш    әрі  жай  қимылды,  екіншісі  жеңіл  әрі  шапшаң 
жүрісті  сипаттап  отыр.  Сонда  сөз  құрамындағы  дыбыстар 
ерекшеліктері  бейнелеуіш  сөздердің  семантикасына  әсер  ететінін 
көруге болады. 
Бейнелеуіш  сөздер  де  грамматиканың  ерекшелігі  жағынан 
еліктеуіш сөздер секілді тікелей түрленбейді. Олар да ешбір өзгеріссіз 
тікелей  етістіктермен  тіркесе  алады  да,  дара  (қорбаң  етті)  немесе 
күрделі  мүше  (қорбаң-қорбаң  етті)  құрамына  ене  алады  және  дербес 
жеке  мүше  болғанда  сөйлемде  пысықтауыш  қызметін  атқарады: 
Жүктің ауырлығына қарамастан қалт-құлт кете берді. 
Еліктеу сөздердің сөйлемдегі қызметі. Еліктеу сөздері сөйлемдегі 
қызметтері  ерекше болып келеді. Айталық  еліктеу  сөздері етістікпен 
тіркескенде  ет  етістігімен  еркін  тіркесе  алады.  Жалт  етті,  сарт  етті, 
шолп  етті  т.б.  Сонымен  бірге  еліктеу  сөздері  толық  мағыналы 
етістікпен  тіркесінде  тек  өзінің  мағынасына  орай  етістіктермен  ғана 
тіркесе алады: Ол кілт тоқтады. Ол жалт қарады. Еліктеу сөздері сын 
есім,  үстеу,  шылаулармен  тіркеспейді.  Ал  сөйлем  мүшесі  турасына 
келсек,  негізгі  қызметі  пысықтауыш  болу.  Кейде  еліктеу  сөздері  қай 
сөзбен,  яғни  сөз  табымен  тіркесуіне  орай  әр  түрлі  сөйлем  мүшелері 
бола алады. Тарс-тұрс төбелес басталды десек зат есіммен тіркесінде 
анықтауыш,  ол  елең  етті  дегенде  етістікпен  тіркесіп  баяндауыш, 
субстантивтеніп толықтауыш бола алады: Бір кезде шаң-шұңның бәрі 
болады. Ол қазір сыбыр-сыртыңнан оралған еді. 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
1. Қазақ грамматикасы . - Астана,  2002, 545-556-бб.  
2. Ысқақов А . Қазіргі қазақ тілі. - А., 1991, 321-354-бб.  
3. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. - А., 2007, 322-343-
бб. 
4.  Оразбаева  Ф.Ш.,  Сағидолда  Г.,  Қасым  Б.,Қобыланова  А  және  т.б. 
Қазіргі қазақ тілі. - А., 2005, 362-381-бб.  
5. Маманов Ы.Е . Қазіргі қазақ тілі. - А., 1966. 
6. Төлеуов Ә . Сөз таптары . - А., 2002. 
7. Искакова А. Наречие в современном казахском языке. – А., 1950. 
8.  Сарыбаев  Ш.  Қазақ  тіліндегі  еліктеуіш  сөздер.–А.,1960,3-10бб       
9. Катембаева Б. Подражательные слова в казахском языке. АКД. – А., 
1965. 
10. Катембаева Б. Еліктеуіш сөздерді оқыту. – А., 1973. 
Бекіту тапсырмалары: 
1-тапсырма. Үстеулерді тауып, мағыналық топтарына 
жіктеңіздер. 
Бас  болмақ  оңай  -  бастамақ  қиын.  (Мақал.)  Аманатты 
орындамайтын адамда иман болмайды,сөзінде тұрмайтын адамда дін 

 
132 
болмайды.  (Пайғамбар  хадистерінен.)  Екпей,  егін  бітпес,  Үйренбей, 
білім  бітпес.  (Мақал.)  4.Өз  халқын  ұйқыдан  оянуға  түсіріп,  асқақ 
есімін, жоғалған абыройын қайтару үшін, тізерлемей түрегелу қажет. 
(«Парасат» журн.) Көз жасын Досмағамбет деп төкті. Ел тыныш емес-
жарық  кезде  Есіл  азаматқа  қол  созым  келіп  тұрып  сырын  ақтара 
алмағандығына, қол созым келіп  тұрып бақыты үшін кіммен болсын 
шайнаспағанына  опынды.  (Жұлдыз)  Абайдың  өлген  күнінен  қанша 
алыстасақ, рухына сонша жақындармыз. (М.Дулатов.) Оны қадірлеп, 
көзінің қарашығындай сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізе беру  - әрбір 
азаматтың ұлт алдындағы, халық алдындағы - асыл парызы. Өткеннің 
бәрі секундін қайта қайырып әкелу мүмкін емес болса, ылдилап аққан 
судың  да  бір  тамшысын  қайта  ағызып  бір  жағадан  екі  өткізетін 
табиғаттың дағдысы жоқ. (Газеттен.) Өзектің жалғыз аяқ жолы кейде 
шалғын  шетімен  жүріп,  кейде  тастақ  төбелердің  тұмсығымен  сайлы 
көлеңкелі  тоғайдың  түбімен  өзенше  бұрылып,  иіріліп  өтетін. 
(Газеттен.) Киіз үйлерде, шатырларда өмір сүреді, шөптің шығымына 
суға  қарай  көшіп-қонып  жүреді,  мал  шаруашылығымен  аң  аулаумен 
айналысады,  жейтіні  ет,  ішетіні-қымыз,  теріден,  жүннен  жасалған 
киімді киеді.  
2-тапсырма. Үстеудің түрленуіне талдау жасаңыздар. 
Бір көңілде бір адамды әрі сүю, әрі жек көру үнемі бола беретін іс 
емес.  Мың-мың  жылдар,  Әлі  сонша  өтеді.  Тек  данышпан  Ақыл-ойы 
жетеді.  Бізді  жаулау  мүмкін  емес,  Жаулаған,  Елдің  өзі  қытай  болып 
кетеді.(  Қадыр  Мырза  Әлі.)  Он  ғасыр  бұрын  туғанда,  Бабамның 
жолын қуғанда, Тоғысқан тоғыз тораптың, Таңдау боп бірі тұрғанда. 
(Ә.Балқыбек.)  Қазақ  тұлпарларының  ішінде  аты  аңызға  айналған 
Құлагердің  құлауына  қатысты  ғасырдан  астам  уақыт  бойына 
айтылуымен  келе  жатқан  һәм  ешкімді  де  бей-жай  қалдырмайтын, 
қисындылары мен қисынсыздары қат-қабат қанаттасқан әңгімелердің 
өз  пайымымыз  бойынша  қиюы  қабысатын,  дәлел-дерегі  орындыға 
саятындарының  бір  парасы  мінеки,  осындай  еді.  (Газеттен.)  Қолы 
ашық  қонақжайлы,  жүрекпен  араласқыштығы  сүйегіне  сіңіп 
кеткендігі  сондай  -  кейін  «Шалажансар  зираттың  жарты  тұрғыны» 
кезінде оған келім-кетім жұрт аяғы сейіліп көрмеген. (Газеттен.) Адам 
өзін-өзі  бақытсызбын    деп  төмендете  берсе,  шынымен-ақ  бақытсыз 
болады. (К.Тельвеций.) Қадишадай бақытты апасы, сондай ерке, еркін 
тіршіліктің  иесі  болып  тұрған  шақта  барлық  ауыл,  ауданмен  бір 
болыс  ел  болып  түгел  қадірлейтін  Кенжехан  сол  апасының  жолдасы 
болғандықтан,  Жәмаш  та  кәрі  жездесін  іші-сыртымен  түгел 
құрметтейтін  сияқты  еді..  Елдің  тәуір  кісілері  мен  шет  қонақтар 
келгенде  Қадиша  Кенжеханға  бір  ауыз  сөз  айтқызбай  күліп, 
қалжыңдап еркін жүріп өзі күтіп шығатын және әр қашан Қадишаның 

 
133 
күтімі  өзге,  ешбір  ауылдан,  ешбір  елден  табылмайтын  әрі  сұлу,  әрі 
рахатты, әрі жайлы күтім болатын. («Таң-Шолпан».) 
3-тапсырма. Бекіту сұрақтары 
1.Үстеудің  лексика-грамматикалық  сипаты  мен  мағыналық 
топтары қандай? 
2.Үстеудің  сөйлемдегі  қызметін  және  еліктеу  сөздер,  олардың 
фонетика-морфологиялық сипатын ата. 
3. Еліктеу сөздердің түрлері мен синтаксистік қызметі қандай?  
4-тапсырма. Бекіту тестісі 
1.
 
Үстеу дегеніміз 
А)  Қимыл,  іс  әрекеттің,сын  сапаның  әр  түрлі  белгілерін  сын 
сипатын,жай күйін білдіретін, өзгертуге ,грамматикалық тұлғалармен 
түрлендіруге келе бермейтін сөздер. 
Б)  Әр  түрлі  құбылыстардың  дыбыстарына  ,қимыл  әрекеттеріне 
байланысты туған сөздер 
С) Толық мағынасы жоқ, затты ,құбылысты нақты білдірмей , тек 
адамнаң көңіл күйін білдіретін сөздер 
Д)Заттың,  құбылыстың,  сын  сипатын,  көлемін,  түр  түсін 
білдіретін  сөздер 
2.
 
Қимылдың, іс әрекеттің әр түрлі белгісін, амалын, тәслін, 
мекенін, мезгілін, себебін, мақсатын, сипаттарын білдіретін сөздер. 
А) Есімдік. Б) Үстеу. С) Сын есім. Д) Шылау 
3.
 
Үстеу қандай сұрақтарға жауап береді? 
А) Қашан? Қайда? Қалай? Б) Қашан? Не істеп? Не себепті? 
С) Қашан? Қандай ? Қанша? Д) Қашан? Неше? Неліктен? 
4.
 
Үстеулі сөйлемді тап 
А) Көзіңді ашып жұмғанша жылдам хабар алғызды  
Б) Жарқ жұрқ ойнап назар аудартұан өз күмбезі екен 
С) Желсіз түнде жарық ай. 
Д) Жаңа бір күш біткендей болды 
 
5.
 
Үстеулі қатарды тап 
А) Босқа , бекер,әттең Б) Бекер,биыл, шіркін 
С) Жылдам, ілгері, кешке  Д) Былтыр, биыл, солай 
6.
 
Үстеу құрамына қарай нешеге бөлінеді? 
А) Екіге. Б) Үшке. С) Төртке. Д) Беске 
7.  Дос  айтады  бермесең  бұлт  берем  деп.  Сөйлемде  бұлт  берем 
деген тіркес не мағынада? 
А) Қашып кетем. Б) Ренжіп қалам. С) Сытылып кетем 
Д) Әңгіртаяқ ойнатам 
8.Еліктеуіш сөйлемді қатарды тап 
А) Жарқ жұрқ, елең алаң. Б) Қарш қарш, салп етті  

 
134 
С) Пыш пыш, дір дір. Д) Шып шып, қолп қолп 
9.Еліктеу сөз мағынасына қарай неше түрге бөлінеді? 
А) Екі. Б) Үш. С) Төрт. Д) Бес 
10. Еліктеуіш сөз дегеніміз не? 
А)  Табиғатта  заттардың  қозғалуы,  бір  бірімен  қақтығысуы  , 
соғылуы сияқты алуан түрлі қимыл, амал әрекеттің нәтижесінде пайда 
болған дыбыстарға еліктеу арқылы жасалатын сөздер! 
Б)  Табиғаттағы    заттардың  қозғалысын,күйін  көру  арқылы 
сипаттайтын сөздер 
С)  Мағынасы  жоқ  тек  адамның  көңіл  күйін  ,  сезімін,  білдіретін 
сөздер 
Д) Жауаптардың барлығы дұрыс 
 
4.8 Шылау сөздер 
 
Шылау  сөздер,  түрлері,  грамматикалық  қызметі.  Көмекші 
сөздер ішінде шылау сөздердің атқаратын қызметі ерекше. Бұл сөздер 
тобы да ішкі мазмұн, сыртқы форма және қызметі жағынан, бұрынғы 
шыққан  төркін  жағынан  алшақтап,  не  есім,  не  етістік  сөздеріне 
жақындаспай,  оқшауланып,  өз  алдына  жеке  категория  ретінде 
қалыптасқан. Шылаулар – сөз бен сөзді немесе сөйлеммен сөйлемнің 
араларын  байланыстыру,  құрастыру  үшін  қолданылатын,  өздерінің 
тіркескен  сөздерінің  ұғымдарына  әр  қилы  реңктер  үстеп,  оларға 
ортақтасып,  тұлға  жағынан  тынықталған,  лексика-грамматикалық 
мағынасы бар сөздер. 
Шылау  сөздер  де  кезінде  жеке  сөз  ретінде  болғанымен, 
қолданыла  келе  дербестігінен  айырылып,  көмекші  сөздерге,  яғни 
грамматикалық  абстракция тікелей әсер еткен. Шылау сөздердің бұл 
секілді  қызмет  атқаруының  өзі  тіркескен  атауыштық  сөздердің 
қасиетіне  тікелей  байланысты.  Себебі,  қайсыбір  атауыштық  сөздер 
сөйлем  құрамында  өзіне  жүктелген  толық  грамматикалық  мағынаны 
қамти  алмағандықтан,  шылау  сөздер  оған  жәрдемдесіп,  көмекшілік 
қызмет атқарады. Және  бұл жолдар басты осы қызметте тұрақталып 
қалыптасқан.  Сондықтан  шылау  сөздердің  бір  тобы  атауыштық 
сөздерді  толықтырып,  анықтап  немесе  түрлі  реңк  үстеп,  сол  секілді 
қайсыбірінің  басқа  шылау  сөздерге  қарағанда  лексикалық 
мағыналары  тым  солғын  болғандықтан  тек  аффикстер  секілді 
грамматикалық  мағына ғана үстеп немесе  сөйлем  мен  сөйлемді, сөз 
бен  сөзді,  сөз  бен  сөз  тіркестерін  т.б.  байланыстырушылық 
қызметтерін  атқару  дәрежесінде  әрі  тілімізге  өте  қажетті 
компоненттерінде  қолданылып  отыр.  Сондықтан  осы  секілді  түрлі 

 
135 
грамматикалық  сипаттарына  байланысты  шылау  сөздер    үш  топқа: 
септеуліктер, жалғаулықтар, демеуліктер болып бөлінеді. 
Шылаулардың  түрлері  және  жалпы  сөйлем  құрамында  алатын 
орны.  Қазақ  тіл  білімінде  жалғаулықты  шылаулардың  функциялық 
қызметтерін  топтастыра  келгенде  мына  секілді  екі  топқа: 
салаластырғыш,  сабақтастырғыш  деп  бөледі:  1.Салаластырғыштық 
жалғаулықтарға  бірыңғай  сөздер  мен    сөйлемдерді  байланыстыра 
отырып,  іштей  екі  түрге:  ыңғайластық,  талғаулықты  салаластырғыш 
жалғаулықтары  болып  бөлінеді.  Да  (де,  та,  те)  жалғаулықты 
шылауларының  ерекшеліктері  –  салалас  құрмаластармен  қатар  әрі 
сабақтаса 
байланысқан 
сөйлемдер 
аралығын 
байланыстыра 
алуларымен  қатар,  кейде  сөздің  не  бірыңғай  мүшелерге  көмекшілік 
қызметте  жұмсалып,  оларға  күшейту,  анықтау  секілді  мағыналарды 
үстегенде, демеулік  шылау ретінде қызмет  атқарады.  Мысалы:  Екеуі 
айғайласып  та,  жанжалдасып  та,  ұрсысып  та  алатын  мезгілдері 
болады.  Бұл  сөйлеуде  та  шылауы  байланыстырушыцлық  емес,  әр 
сөздің  мағынасын  күшейту  мақсатында  жұмсалған.  2.Талғаулықты 
жалғаулықты  шылаулар  атауыш  сөздерді  байланыстырғанда  бірін 
талғап  я  кезектестіріп  немесе  біріне-бірін  қарсы  қою  үшін 
қолданылады.  Олар  мыналар:  я,  әлде,  біресе,  бірде,  яки,  не,  немесе, 
болмаса,  не  болмаса,  құй,  мейлі.  3.  Қарсылықты  жалғаулықтарға: 
бірақ,  алайда,  әйтпесе,  әйтпегенде,  әйткенмен,  сонда  да,  дегенмен, 
әйтсе де шылаулары жатады және сөйлемде айтылған ойдың қарама-
қарсы екендігін білдіру мақсатында жұмсалады. Бәріміз асыға күттік, 
бірақ күткен үмітіміз ақталмады. Қайсыбір кездерде қарсылық  мәнді 
жалғаулықтар қабаттаса (сонда да, бірақ сонда да) қолдануы ықтимал, 
бұл  кеде  олар  айтылар  ойдың  қарсылықты  мәнін  күшейту  үшін 
жұмсалады.  4.Себептік  жалғаулықтар  өз  аттарынан  көрініп 
тұрғанындай құрмалас сөйлемдер құрамында соңғы сөйлем алодыңғы 
сөйлемнің себебін ашу үшін көмекшілік қызметте жұмсалады. Олар: 
Себебі,  өйткені  шылаулары.  Мысалы:  Жаны  шығып  кете  жаздады, 
өйткені  оның  қолына  түскен  ыдыс  сау  қайтқан  емес  (Б.Майлин).  Ол 
кенет  тоқтай  қалды,  себебі  ұмытқан  заттары  енді  есіне  түсті.  5. 
Салдарлық  жалғаулықтар  салалас  құрмалас  сөйлемнің  алдыңғы 
сөйлем    не  сөйлемдер  соңғы,  яғни  басыңқыдағы  айтылған  ойдың 
нәтижесі,  салдары  екенін  білдіру  мақсатында    көмекшілік  қызмет 
атқарады. Оған сондықтан, сол себепті жалғаулықтары жатады: Оның 
ойы  Лизаға  таныс  еді,  сондықтан  көп  сөйлеген  жоқ  (С.Мұқанов).  6. 
Шарттылық  жалаулықтары  егер,  егер  де,  алда-жалда  шылаулары 
құрмалас сөйлем компоненттерінің шарттылық мағынасын айқындай 
түсу  үшін  қолданылатын  көмекші  шылау  сөздері.  Мысалы:  (егер  біз 
болмағанда, сенің тірі қалуың екі талай болар еді («Замандастар»). 7. 

 
136 
Айқындауыш  жалғаулықтарына  яғни,  демек  шылаулары  жата 
отырып,  сөйлем  құрамында,  аралығында  ойды  айқындап,  дәлелдей, 
нақтылай  түсу  үшін  көмекшілік  қызмет  атқарады.  Бұл  сыншы  неге 
ақталды,  демек  бір  нәрседен  сескенетін  секілді.  8.  Ұштастырғыш 
жалғаулықтары  ал,  ендеше  шылаулары  жата  отырып  айтылар  ойды 
бастау  не  жалғастыра  ұштау  үшін  жұмсалады.  Байқаймын  бәрің 
жиналыпсыңдар, ендеше мына мәселені ортаға салайық. 
ІІ  Септеуліктер.  А.Ысқақов  анықтамасы  бойынша  (394-бет): 
«Септеуліктер деп объектімен объектінің не предикаттың арасындағы 
түрлі грамматикалық қатынастарды білдіру үшін қолданылып, белгілі 
бір  септік  жалғауын    меңгеріп  тұратын  көмекші  сөздерді  айтамыз» 
дейді.  Жалғаулықтар  тең  дәрежедегі  сөздер  мен  сөйлемдерді 
салаластыра  байланыстырса,  септеуліктер  оларды  бағындыра, 
сабақтастыра байланыстырады.Шейін, дейін, кейін, сайын, соң, үшін 
септеуліктері  сабақтас  құрмалас  сөйлемнің  бағыныңқы  сыңарының 
баяндауышы  құрамында  келіп,  басыңқы  сөйлем  мен  бағыныңқы 
сыңарды  мезгілдік,  себептік,  мақсаттық  қатынаста  байланыстырып 
тұрады.  Солардың  әр  алуан  сыбыр-жыбырын  біліп  отру  үшін, 
Құнанбай  өзіне  қараған  елдің  біразын  сол  елдің  арасына  таман 
кірістіріп  жіберу  керек  (Әуезов).  Ғазиз  біраз  жүрген  соң,  мына 
көшелер таныс бола бастады (Бұлқышев). Жүргіншілер әбден көзден 
таса  болғанға  шейін,  бұлар  арттарынан  қарап  тұрады  (Әуезов).  Өзге 
кепенің  адамдары  тарағаннан  кейін,  бұл  кепенің  адамдары  Рахметті 
ортаға  ала  асқа  отырды  (Бұлқышев).  Септеуліктер,  негізінен,  есім 
сөздерге,  заттанған  есімше  мен  қимыл  атауына  тіркеседі:  1.Сөздің 
түбірі,  негіз  тұлғалы  сөзбен  тіркесетін  септеуліктер:  үшін,  сайын, 
сияқты, секілді, сықылды, тәрізді, туралы, турасында, арқылы, бойы, 
бойымен,  бойында,  жайында,  жайлы,  шамалы,  шақты,  қаралы  т.б. 
Тарихи  тұрғыдан  бұлардың  кейбіреуі  ерте  кезде  ілік  септік 
тұлғасымен  де  тіркескен.  Турасы  бойы,  жайы  дегендердің 
құрамындағы  ІІІ  жақ  тәуелдік  жалғау  осының  дәлелі  бола  алады. 
2.Барс  септікті  сөзбен  тіркесетін  септеуліктер:  дейін,  шейін,  таман, 
қарай,  салым,  жуық,  тарта,  таяу  т.б.  3.Шығыс  септікті  сөзбен 
тіркесетін  септеуліктер:  кейін,  соң,  гөрі,  бері,  бұры,  әрі,  бетер  т.б. 
4.Көмектес  септігіндегі  сөзбен  тіркесетін  септеуліктер:  бірге  қатар, 
қабат. Осыған орай әр септік жалғауларына байланысты мына секілді 
септеулік шылаулар бар.  
ІІІ  Демеуліктердің  білдіретін  мағыналары  сан  алуан.  Олар  өзі 
қатысты  сөздерге  я  сөйлемге  сұраулық,  шектік,  нақтылық,  күшейту, 
тежеу, болжалдық, күмән сияқты  грамматикалық  мағыналар үстейді. 
Демеуліктер негізгі сөзге үстейтін мағыналарына қарай  мына секілді 
топтарға бөлінеді. 

 
137 
1.Сұраулық мағына үстейтін шылаулар сұраулық демеуліктер деп 
аталады.  Бұл  демеуліктер  сұраулық  мағынаны  көбіне  баяндауыш 
құрамында  келу  арқылы  береді.  Олар:  ма,  ме,  ба,  бе,  па,  пе,  ше. 
Сұраулық  демеуліктер  ма/ме/ба/бе/па/пе  баяндауыш  қызметінде 
жұмсалған  ІІ  жақ  жіктік  жалғауымен  қатар  келгенде,  түбір  мен 
жалғаудың  арасына  кірігіп  кетіп,  мы/мі,  бы/бі,  пы/пі  болып  өзгеріп 
кетеді.  Әуелі  өзің  қаруың  қайтарлық  қартаюға  жетемісің,  жоқ  па? 
(Абай). Өмірді өкінбестей қылықпен өткізіпсің бе? Жоқ, болмаса, не 
ғып  өткізгеніңді  өзің  де  білмей  қалыппысың?  (Абай).  Сен  үйден 
шықсаң, адасып кетем деп қорқамысың? (Мүсірепов). 2. –Ай, -ақ, да 
(де,  та,  те)  шылаулары  сөйлем  құрамында  күшейту  мақсатында 
жұмсалатындықтан,  күшейткіш  демеуліктері  қатарына  жатады:  бір-
ақ,  жалғыз-ақ.  Әсіресе  демеулігі  де  сөйлемге  күшейткіш  мағына 
үстейді.  Әсіресе  қолқабыс  ететін  адамдарыңызға  риза  болдым 
(Мүсірепов).  Әсіресе  өзінің  атын  ататтырғысы  келмейтін  сияқты 
(Сонда). 3. Ойды нақтылай, тұжырымдай түсу үшін мына секілді қой, 
ғой, -ды, -ді, -ты, -ті нақтыла демеуліктері көмекші қызмет атқарады: 
келістік,  бара  ғой.  Мінген  атым  құла-ды,  Қылшық  жүні  қара-ды 
(Қобыланды). 4. Ал қана, ғана, -ай шылаулары шек қоя тұжырымдап 
айту  үшін  қолданылады  да,  олар  шектік  демеуліктеріне  жатады: 
көрінгендері  аттылар  ғана  болды.  Естігені  қысқа  ғана    жауаптар. 
Азғантай  ғана  дәурен  өмір  сүрді.  Сондай-ақ  тек  демеулігі  сөйлемде 
тіркескен  сөздеріне  тежеу  мәнін  қосады.  Мысалы:  Қазақ  дәстүрі  тек 
ата-ананы  ғана  емес,  жалпы  адамды  сыйлауға  баулиды  (Мұстафин). 
Тек демеулігі қана шылауымен де тіркесіп қолданылады. Тек қан түс 
артынан  болған  жүрек  құйынын  аңғарады  (Әуезов).  5.  Болжалдық 
демеуліктері  –мыс,  міс,  -ау  сөйлемде  айтылар  ойдың  күмәнді  
көмескі, болжалдау, кейде мысқылдау мағынада айту үшін дәнекерлік 
қызмет  атқарады:  көріпті-міс,  барыпты-мыс.  Елегізіп  келе  жатыр-ау 
деп  ойлады  (болжау).  6.  Ал  түгіл,  тұрсын,  тұрмақ  демеуліктері 
тіркесінен 
сөздерге 
болымсыздық 
мағына 
жүктейтіндіктен 
болымсыздық демеуліктері деп аталады:көтермек түгіл қозғап көр. 7. 
Екеш  демеулігі  қомсыну,  кеміту  мағынасында  көмекшілік  қызметте 
жұмсалатындықтан  қомсыну  демеулігіне  жатады:  Мал  екеш    мал  да 
өз баласын қорғайды, сен ше? 8. –Ші демеулігінің мағынасы түрліше 
болып  келеді.  Ол  кейде  өтіну,  жалыну,  кейде  бұйыру,  өкініш,  қорқу 
секілді мағыналарды білдіруде көмекшілік қызмет атқарады: көрсең-
ші, барсаң-шы. Өліп кетсең де айт-шы! Осыны ойланайықшы. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет