Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ»



бет8/45
Дата02.06.2023
өлшемі1,9 Mb.
#97792
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   45
Тақырыбы: Эссенің құрылымы



Мақсаты

Оқушыларға эссенің құрылымы туралы түсінік беру

Жалпы мақсат

Сыни ойларын жетілдіру

Күтілетін нәтиже

Оқушылар тақырыппен жұмыс істеу тәсілдерін еркін пайдаланады, түсінеді және тапсырмаларды қатесіз орындайды.

7 модульдің қолданылуы

АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

«Сен – маған, мен – саған», «Кластер»



Қолданылатын ресурстар

Үлестірме парақшалар, қосымша ақпараттар

Сабақ кезеңдері

Тапсырмалар

Ресурс-тар

Сабақтың басталуы
Қызығушы-лықтарын ояту

Қызығушылықтарын ояту.
«Сен – маған, мен – саған» әдісімен топтар бірі-біріне сұрақтар дайындап, парақтарымен алмасады. Жауаптарын жазып, қайта алмастырады.



Сұрақ-жауап,

Сабақтың ортасы

Лекция.
Эссе құрылымы оған қойылған талаптармен анықталады:
1.мәселе бойынша эссе авторының ойлары қысқаша тезистер (Т) түрінде ұсынылған.
2.ойлар дәлелдемелермен расталуы керек — сондықтан тезис аргументтермен (A) болады.
Дәлелдер — бұл фактілер, қоғамдық өмірдің құбылыстары, оқиғалары, өмірлік жағдайлары және өмірлік тәжірибесі, ғылыми дәлелдемелер, ғалымдардың пікіріне сілтеме және т.б. Әрбір тезистің пайдасына екі дәлел келтіреді: бір аргумент сенімсіз, үш аргумент тым көп болады, себебі эссе қысқа және өзіндік.
Осылайша, эссе сақиналық құрылымға ие болады (тезистермен мен дәлелдердің саны тақырыпқа, таңдап алынған жоспарға, ой дамуының қисынына байланысты):

  • кіріспе

  • тезис, дәлелдер

  • тезис, дәлелдер

  • тезис, дәлелдер

  • қорытынды.

Эссе жазған кезде келесі тармақтарды қарастырған жөн:
1.Кіріспе және қорытынды тақырыпқа назар аударуы керек (кіріспеде тақырып қойылады, қорытындыда- автордың пікірі жинақталады).
2. Логикалық байланыс орнату үшін параграфтарды, қызыл сызықтарды қолдану қажет: осылай жұмыстың тұтастығына қол жеткізіледі.
3.Эссенің стилі: эсселер эмоционалдық, мәнерлі, көркем бола алады. Авторлық стилі адамның жеке сипаттамасын көрсетеді.




Анық-тамалар, қосым-ша ақпарат-тар



Эссе құрылымы мен оған қойылатын талаптарға кластер құрастырыңдар.



1-топ:
Эссе құрылымы
2-топ.
Эссе құрылымына қойылатын
талаптар




Постер, маркер-лер

Сабақтың аяқталуы







Кері байла-ныс тақтасы





Үйге тапсырма:
Эссе мен шығарма жұмыстарын тауып оқып, талдау жасау

Сабақ кезеңдері

Тапсырмалар

Ресурс-тар

Сабақтың басталуы



«Миға шабуыл» . Тест сұрақтарына жауап беріңдер

1. «Эссе» сөзі туралы деректердің қайсысы дұрыс?


А) (лат тіл. Essai –тәжірбие, фр.т. exagium – құрау)
В) (фр. тіл. Essai –тәжірбие, лат.т. exagium – құрау) *
С) (грек. тіл. Essai –тәжірбие, неміс.т. exagium – құрау)
Д) (исп. тіл. Essai –тәжірбие, лат.т. exagium – құрау)
Е) (араб тіл. Essai –тәжірбие, қытай.т. exagium – құрау)

2. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қой.


......... – белгілі бір берілген тақырыпқа арналады, міндетті құрылым-нан тұратын, тек пәндік білімге бағытталады.
А) Очерк В) Эссе С) Шығарма *
Д) Мазмұндама Е) Баяндама


3. «Эссе – сенің жеке әлемің. Азамат ретінде өзіндік көзқарасың, жеке пікірің қалыптасады. Енді сен жаңалық жаршысы, тың идея көзі болып таныласың» - деген пікірдің авторы кім?
А) Айсұлу Қасымбек*В) Абай Құнанбайұлы
С) Әбділда Тәжібаев Д) М.Әуезов Е) З.Қабдолов

4. Әрбір тезистің пайдасына неше дәлел келтіреді


А) 4 В) 2 С) 3 Д) 1 Е) 5

5. Эссе жанрын ашқан кім?


А) Радлов В) Сократ С) А.Құнанбайұлы
Д) Гете Е) М. Монтень

Тест тапсыр-малары

Сабақтың ортасы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет